Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы

330

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 6. Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

  • Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын, осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.
  • Бәсекеге барынша қабілетті, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?
  • Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?

Сабақтың жоспары:

  1. Көне парсы деректері
  2. Көне грек авторларының шығармалары
  3. Скиф данасы-Анахарсис
  4. Қытай жазба деректері
  5. темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы

Сабақты бекіту:

  • Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
  • Қытай жазба деректерінің ежелгі Қазақстан тарихын оқып-үйренуде алатын орны қандай?
  • Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен  не білуге болады?

Бағалау: өзін-өзі.

Үйге тапсырма:§6.