Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі

83

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 10. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттерге, олардың қоғамдық құрылымдары мен саяси жағдайларына тоқталу.
  • Алған білімін одан әрі дамыту.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік:  карта, суреттер, сызба.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?
  • Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
  • Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
  • Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
  • Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.
  2. Алғашқы мемлекеттің қоғамдық құрылыстары мен саяси жағдайлары.
  3. Алғашқы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

Сабақты түсіндіру барысында мына кестені пайдалану.

Сабақты  бекіту:

  • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?
  • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?
  • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма:§10. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру