Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихының зерттелуі

47

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §16. Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихының зерттелуі

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуын, қоғамдық құрылысын көрсету, алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді жазба, археологиялық деректер арқылы түсіндіру.
  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Б.з.б. V — б.з. І ғасырлардағы Қазақстан» картасы
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?
  • Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?
  • Ерте орта ғасырлардағы көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстарға тоқталу.
  • Қала мәдениетінің даму себептерін атаңдар.
  • Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?

Сабақтың жоспары:

  1. Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы.
  2. Көшпелі мемлекеттерде қоғамдық таптардың пайда болуы.
  3. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.

Қоғамдық таптардың жіктелуі

Теңсіздіктің пайда болуы
Ру ақсақалдары

Тайпа көсемі

Әскербасылары

Қолбасшылар

Қауым мүшелері-

Кедейлер,

құлдар

Қоғамдық құрылысы

Патша

  • Ірі ақсүйектер, байлар
  • Қолбасшылар, әскербасылар
  • Тәуелді адамдар, қызметшілер, жауынерлер

Тақырыптың үшінші мәселесі-Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.  Қазақстан аумағындағы б.з.б. V-II ғасырларда өмір сүрген сақ, сармат тайпалары мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін түсіндіру. Картаны пайдаланып, оқушылардың өзіндік  жұмысын ұйымдастыру.

  1. Б.з.б. V ғасырда Қазақстан аумағын мекендеген тайпа бірлестіктерін атаңдар?
  2. Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырларында орналасқан тайпа одақтарының аусағын көрсетіңдер?
  3. Ежелгі қорғандарды (обаларды) көрсетіңдер?

Сұрақтар:

  1. Әскери демократия органдары не себептен үстемдік ету органына айналды?
  1. Билік етудің жаңа қандай формасы ұйымдастырылды, оған қандай қолайлы жағдай туды деп ойлайсыңдар?

Сабақты бекіту:

  1. Қазақ мемлекеттілігі туралы еуроцентристердің ойларындағы қандай қайшылықтарды аңғардыңдар?
  2. Көшпелі қоғамдағы мемлекетіліктің ерекшеліктері туралы айтып беріңдер
  3. Жекелеген тайпалық одақтардың мемлекетке бірігу үшін ең басты алғышарт қандай болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §16.