Сөйлем. Ән сабағы

30

№85сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Ән сабағы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлемнің жазылу жолдарын және тыныс белгілерін ұғындыру,Қазақстан өнер адамдары туралымағлұмат беру.ә)оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.б) Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, оқу құалын ұқыпты ұстауға   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:К.Байсейітова,Ш.Жиенқұлова суреттері.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген «Балаларға» өлеңін мәнерлеп оқыту, 152-жаттығудың орындалуын анықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің сөзден ерекшелігі не?Мысал келтір.

  1. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, ең сүйікті сабақтарың қай сабақ?-Ана тілі, тағы да ән

Ендеше бүгін біз сендермен Ән сабағы өлеңін оқимыз.

  1. Жаңа сабақ: 153-жаттығу Көктем, жер , бәйшешек, құстар туралы сөйлем құрап жазыңдар.154-жаттығу Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыспеноқыңдар.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылған.Сергіту сәтіӘн сабағы өлеңін оқу Балалр , қандай аттарды естідік Мұнда сендер өнер қайраткерлері Күләш Байсеитова апаларың, т.б өнер қайраткерлерімен таныс боласыңдар.Күләш апамыз жасынан өнерді қастерлеп, ән-күйге әуес болып өскен.Әжесі Жасын-әжептеуір әнші болған.Шара паларың халқымыздың бишілік өнерінің негізін қалаған. «Ән сабағы» өлеңін мәнерлеп оқу. Суреттерін көрсету.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Өнер қайраткерлерінен тағы да кімді білеміз Қазіргі жас әнші, бишілерден кімді атай аласың?

VII.Бекіту  кезеңіСөйлем деген не? Сөйлем неден құралады?Сөйлемнің сөзден ерекшелігі неде? Музыка ойнап «Ән сабағы » өлеңін айту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау 154-жаттығу, Ән сабағы өлеңін жаттау