Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар

139

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 23. Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар

Сабақтың мақсаты:

1.VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің  дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

  1. Ойлау дағдысын қалыптастырып,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары
  2. Ежелгі жазба ескерткіштері

Сабақтың жоспары:

  1. Ғылым мен әдебиеттің дамуы
  2. Сыр бойының даналары
  3. «Тарих-и Рашиди».
  4. «Жылнамалар жинағы».
  5. «Шыңғыснама».
  6. «Әбілғазы шежіресі»

Ғалымдар мен жазба әдебиетінің өкілдері

Аты-жөні Еңбектері
1 Әбунасыр әл-Фараби (870-950) «Даналықтың жауһарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы», «Музыка туралы үлкен кітап»
2 Жүсіп Баласағұн (1021-1075)  «Құтадғу білік»
3 Қожа Ахмет Йасауи «Даналық сөздер»
4 Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы»

 

 

Сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма : §23