Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы

45

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §31-32. Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы  (2 сағат)

Сабақтың мақсаты:

  • Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, сақсатын көрсету. Кіші және Орта жүздердегі Ресей құрамына кіру барысындағы саяси оқиғаларды, ұлы жүздің Ресейге қосыла бастауын және қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталғанын деректер келтіре отырып түсіндіру.

—     Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту;

  • Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Нұралы хан
  2. Жаңа басқару жүйесі

Сабақтың жоспары:

  1. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің құрамына кіруі
  2. Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.
  3. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

Сабақты қорытындылап бекіту сұрақтары қойылады.

  1. Ресей империясының құрамына кіру қарсаңында Кіші жүздің саяси жағдайы қандай болды?
  2. Алғашқы күштеп отарлау саясатының көрінісі қалай жүрді?
  3. Орта жүздің Ресейге қосылуы қандай жағдайда жүрді?
  4. Қазақстанның оңтүстік аймақтары қандай шапқыншылықтарға ұшырап отырған?
  5. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары құрылған «Азия комитетінің» басты міндеті қандай болды?
  6. Орыс әскерлері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қандай қалалар мен бекіністерді басып алды? Картадан көрсетіңдер.
  7. Түркістан генерал-губернаторлығы қай жылы құрылды, оның құрамына қандай облыстар кірді?

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: §31-32.