Сөйлем. Суретші ата Қастеев.

№86сабақ.  Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Суретші ата Қастеев.

 Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қастеев туралы түсінік   беру. ә)Сөйлем туралы білімдерін жетілдіре отырып, таным әрекетін  дамыту.б) Патриоттық сезімін қалыптастырып дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қастеев суреті,өмірбаяны

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген «Ән сабағы» өлеңін жатқа сұрау, Қандай өнер қайраткерлерін атадыңдар. Қайталап сұраймын..

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сөз неден құралады?

Сөйлем неден құралады?Сөйлем деген не?

  1. Мақсат қою кезеңі:Түрлі-түсті қаламды қай сабақта пайдаланамыз?-Сурет сабағындаСурет сабағы. «Суретші ата Қастеев».барлықтарың оқулықтарыңды ашыңдар.
  2. Жаңа сабақ:Суретші болу үшін не қажет?Өзің қандай суретті салғанды ұнатасың?

Суретшілерден кімді білесің?155-жаттығу берілген сөйлемдердегі көп  нүктенің орнына қажетті сөздерді көшіріп жазыңдар.Көйлекті неден тігеді?Көйлекті матадан тігеді.Нені сүттен ұйытады?айранды сүттен ұйытадыСөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?156-жаттығу Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Н.Әлімқұловтың Суретші ата Қастеев.Өлеңді жаттап алыңдар.

Бар қазаққа аты аңыз

Қастеев біздің атамыз

Көріп салған суретін

Мәз мейрам боп жатамыз Сергіту сәті

VII.Бекіту  кезеңі:Мақал-мәтелдер айту.Бүгін кім туралы өттік?Қастеев кім?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: өлеңді мәнерлеп оқу