Хетт патшалығы

123

№9. Сабақтың тақырыбы: Хетт патшалығы.

  • Білімділік: Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын баяндау.
  • Дамытушылық: Хетт державасының гүлдену және құлдырау себептерін түсіндіру.
  • Тәрбиелік: Білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Әдісі: интарактивті

Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • Оқулықтағы картадан немесе атластан Ассирияны табыңдар. Ассирияның әскери өнері жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар.
  • Ассирия патшасы өзінің Вавилонға жасаған жорығы туралы әңгімесінде былай дейді: «Мен оның қазынасын аштым, алтындары мен күмістерін, асыл татарын, қисапсыз байлығын алдым… Олардың дүниесін иелендім…»

Ассириялықтардың басқыншылық жорықтарынан қандай қорытынды жасауға болады? Ондағы отаршылдық саясаттың мәнін неден көреміз?

  • Ассирия заңдарын оқып шығыңдар: Ассириядағы жер иелену тәртібі туралы не ойлайсыдар? Жалпы Алдыңғы Азия елдерінің заңдарында қандай ұқсастықтар бар?

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Кіші Азияның табиғаты.
  2. Хетт патшалығының құрылуы.
  3. Хеттердің өмірі мен тұрмысы
  4. Мәдениеті

Картаны пайдалана отырып, Кіші Азияны үш жағынан – солтүстігінде  Қара теңіз, батысында Мәрмәр және Эгей теңіздері және оңтүстік-батысында Жерорта теңізі  қоршап жатқанын баяндаймын. Кіші Азия таулы-үстірті әрі далалы өлке. Егістікке қолайлы, кең алқыпты жазықтар аз. Мұнда ірі өзендер де жоқ. Енді үлкен өзен-ежелгі Галис, ал қазір Қызыл Ирмак деп аталатын өзен ғана.

Мал өсіру (әсіресе жылқы өсіру) басым болды, жайылымға жарайтын дадалы алқыптардың көп болуы бұған қолайлы жағдай туғызды. Бал арасын өсірудің маңызы  зор болғанын да айтамын.

Тау қойнауларында күмі, мыс, қорғасын, темір сияқты  металдар көп еді. Сол себепті  де оңтүстік тау жоталары Күміс таулар деп аталған.

Хетт патшалығының құрылуы туралы айтқанда билеушілер билігіне тоқталып, патша билігін мұралану, балаларына мұра ретінде беру елдегі билік үшін таласты күшейтіп, мұның өзі мемлекетті әлсіретіп жібергенін баяндаймын, Телепин атты патшаның Хетт патшалығын нығайтуы жайлы әңгімелеймын.

Хеттердің өмірі мен тұрмысын оқулық көлемінде түсіндіремін. Тақтаға төмендегі кесте сызылып, оқушылар көмегімен толтырылады.

Мемлекет аты Өмірі мен тұрмысы Мәдениеті Құдайлары Құрылыс өнері

 

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.

Оқулықтың 59-бетіндегі Хетт заңдарын оқи отырып, вавилондық және ассириялық заңдармен  салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар деп ойлайсыңдар?

  1. Үйге тапсырма: §11.

Оқулықтағы Хетт патшасының өсиетін оқып шығып өз ойларыңды тұжырымдаңдар