Ежелгі Финикия мен Палистина

63

№10. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Финикия мен Палистина

  • Білімділік: Финикия тарихының басты ерекшеліктері туралы баяндау.
  • Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру.
  • Тәрбиелік: Білікті, иманды, азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекіігі: «Финикия колониялары» оқу картасы, Финикия,  грек және латын алфавиттерінің салыстырмалы таблицалыры.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында   оқушылардың көпшілігіне ортақ қателерді және олардың себептерін көрсетемін.

Сынып оқушылырының үй тапсырмасын саналы да дұрыс орындағандығына көз жеткізу.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Табиғи –географиялық жағдайы
  2. Финикия қала мемлекеттері
  3. Израил-иудей мемлекеті

Израил-иудей мемлекеттінің құрылғаны жөнінде оқулық көлемінде баяндалады.

Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті

Финикия халықтарының әлемдік мәдениетке қосқан бағалы үлесі-алфавитті ойлап табуы. Жазудың бұл жүйесі б.з.б. ХІІІ ғасырда жасалған еді. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ақырына таман жаңа алфавит жасалып, бүкіл әлемге тарады. Оның негізіне біраз өзгертілген Египет иероглифтері алынған деген болжам бар.

Финикия алфавитінжасаушылар бар болғаны 22 әріппен, онда да дауыссыз дыбыстармен ғана шектелген.  Көптеген халықтар-әуелі еврейлер, артынан арамейлер осы алфавитті қабылдады. Арамейлер оны (кейбір өзгерістер жасай отырып) шығысқа, Үндістан мен Орталық Азияға дейін таратты. Батыста Фиикия алфавитін гректер қабылдап алды, олар кей таңбаларға дауысты дыбыстың мәнін берді және жазудың бағытын солдан оңға қарай жазатын етіп (ал финикиялық-еврейлік бағыт оңнан солға қарай болатын) өзгертті

Финикиялықтардың діни нанымдары бізге жеткен жырларда баяндалған. Олардың діни түсініктерінің басқа елдерден-Египет, Вавилон ерекшелігі-бір құдайға табынушылықтың болмауы. Әрбір қала -мемлекеттің өз құдайы болды. Мифтік шығармалардың ішінде  таралғаны – «Ваал және Алийян» дастаны. Ваал-көктем құдайы, Алийян –оның ұлы.

Еврейлердің басты құдайы Яхве деп аталды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді. Патша-құдайдың ұлы, оны тыңдап, құрметтеу қажет. Ол құдайлар сияқты күнге, жаңбырға әсер ете алады деп ойлады.

ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.

  • Оқылған ережелер мен тұжырымдар бойынша оқушылардың өздеріне мысалдар келтіру.
  • Пысықтауды карталар мен схемалар т.б. арқылы жүргізу.
  • Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалану қажет ететін қосымша тапсырмалар орындауға жаттықтыру.
  1. Үй тапсырмасы: §12

Оқулықтың 64- бетіндегі тапсырма-сұрақтарға жауап беру.

Израил-иудей тарихынан үзінді оқу.