Дін және мәдениет

289

Дін және мәдениет

Сыныбы: 7

Пәні:  Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың мақсаты: 

Білімдік: Ортағасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным-сенімдер туралы, ислам дінінің таралуы, оның мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру.

 Дамытушылық: Әр түрлі діни бағыттардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету.

 

Тәрбиелік: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

.

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс жүргізу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

А) Оқушылармен амандасу

В) Оқушыларды түгелдеу

С) Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үй тапсырмасын текскру пресс-конференция түрінде өтетінін хабарлаймын,сынып оқушыларын үш топқа бөледі. 1- егіншілер, 2- қолөнерлершілер, 3- саудагерлер. Мұғалім журналист болып сұрақтар қояды. Ал қалған бас топ өздеріне қатысты мәліметтерді оқып, жауап беруге дайын болуы тиіс. Журналистің қоятын сұрақтары мындай болады:
  • 1-топ
1.Қолөнердің қандай түрлері дамыды?

2.Қыш құмыра жасайтын шаберханалар қай қаладан табылды?

3.Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?

4.Ұсталар қандай бұйымдар жасады?

5.Зергерлік кәсіп пен сүйек ұсатуға сипаттама беріңдер.

  • 2-топ
1.Тұтынушы,өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер

2.Айырбас сауда деген не?

3.Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?

5.Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді?

  • 3 топ
1.Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсіуне байланысты болоды?

2.Егін шаруашылығына байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?

3.Егін шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетіңдер.

4.Қандай егін дақылдары өсірілді?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

                                     Жаңа сабақ жоспары

  1. Ислам дініне дейінгі діни наным-сенімдер
  2. Ислам дінінің таралуы
  3. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

 

Өткенді еске түсіру

 

  • Алғашқы діни наным-сенімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткен?
  • Алғашқы діни наным-сенімдердің түрлерін атаңдар
  • Қазақ халқында Көк Тәңірі, Көк бөрі ұғымдары нені білдіреді?

 

 

v  Қағандар Көк (Тәңір) әмірімен билік құрған

v  Көк (Тәңір) әмірімен түріктер жеңіске жеткен

v  Араб деректерінде: «Түріктер Тәңір — біреу,-

дейді, бұл «құдай жалғыз» деген ұғымды береді деп жазған

 

v Ошақ пен балалардың қамқоршысы деп есептеген

v Тоныкөк жазуында: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған-осылар»

Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында ХІХ ғасырдың аяғына дейін сақталып

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         

 

 

 

 

 

v  Византия елшісі Земархты Түрік қағанына кіргізуден бұрын жанып тұрған оттың арасынан өткізіп, одан кейін қабылдаған

v  Баба ата қаласының қамалын қазғандағ қалың күлдің қабаты табылған

v  Отпен аластау әлі күнге дейін сақталған

v  (отты баспау, отқа түкірмеут.б.)

 

v  Қазақтарда Бөріге табынудың белгісі – оның қасқыр атын атамауы

v  Хангай тауындағы бір үңгірдегі қасқырдан  түріктердің бабалары туған деген аңыз бар.

v  Осы жерде қағандар жылына бір рет құрбандық шалған

v  Балаға жақсы бәйге атқа тіл-көз тимеу үшін бөрінің тырнақ, тіл, тісін тағып қойған

 

                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

Археологиялық қазба жұмыстарының деректері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде түріктер арасында әртүрлі  діни наным-сенімдердің болғандығын көрсетеді. Оған ортағасырлық қала орындарынан табылған ескерткіштер қатары дәлел. Мәселен, отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Қала орындарынан қақпақ тұтқасы қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас жасалған қыш құмыралар көптеп кездеседі. Сыр өңірі қалаларынан табылған ескерткіштер қойға табыну салтының болғандығын көрсетеді. Оғыз тайпалары өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушысы ретінде оған табынатын болған. Осы кезде отқа табыну да кең тараған. Үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Мұны ғалымдар отқа табынудың белгісі деп тұжырымдайды.

СОНДАЙАҚ, X –XII ғасырларда түрік тайпалары арасында басқа өркениеттерде пайда болып, дамыған діндер де кең тарады. Бұлар  будда, зороастра, манихей (ІІІ ғ. Иранда “Жарық ұстазы” негізін қалаған), христиан (несториандық  ағым), ислам діні. Мұны да заттай деректер растап отыр. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында табылған будда ғибадатханалары, монастырлар, будда мүсіндері (Шу аңғарындағы Ақ бешім, Новопакровск, Новопавловск қалалары орындарынан табылған) осыны дәлелдейді.

Осы ауданнан қазып алынған христиан шіркеулерінің орындары, христиан діні нышандары — крест пен көгершін бейнеленген, «Петр мен Гаврил» деп жазылған керамика саптыаяқтарының табылуы да осының айғағы.

Сырдария мен Жетісудың Араб Халифаты құрамына кірмегеніне қарамастан, мұнда мұсылмандану процесі жедел жүрді. Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра хан исламды қабылдаса, оның ұлы Мұса 960- жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялады. Осы кезде қалалар мен қыстақтарда мешіттер көптеп салына бастады. Зираттар адамдардың мұсылманша жерленгендігін көрсетеді. Адамның басы құбылаға қаратылып жерленген.

XII ғасырдың екінші жартысында қыпшақтар арасында да ислам діні ене бастады. Оған қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуы себеп болды. Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласынан мешіт, медреселер орындары табылған.

X-XII ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті едәуір жоғары дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, отырықшы-егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі сияқты жағдайлар себеп болды.

 

Ислам діні қашан және қай жерде пайда болды?

 

 

Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы

 

 

 

 

Ислам дінінің негізгі бес парызы

 

 

 

 

Ислам дініндегі елдер

 

 

 

VII ғасыр ортасында Араб елінде пайда болған  

Діннің басты қағидасы-бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию. Негізін салған Алланың жалғыз елшісі-Мұхаммед Пайғамбар (ғ.с.с.)

 

 

 

1.      Бес мезгіл намаз оқу

2.      Ораза ұстау

3.      Садақа беру

4.      Иман

5.      Қажылыққа бару

 

 

 

 

Сирия, Палестина, Египет, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ливан, Марокко, Эфиопия т.б.

 

 

ІҮ .Жаңа сабақты бекіту:

  1. Шамандық, тотемизм дегеніміз не?
  2. Зороастризм туралы не білесіңдер?
  3. Ислам дінінің Қазақстанда таралуы туралы қандай деректерде айтылады?
  4. Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?
  5. Елімізде әлемдік діни конфессиялар өкілдерінің жиі бас қосуы неліктен?

 

  1. Бағалау.

 

VІ. Үй тапсырмасы: Дін және мәдениет  оқу, мазмұндау. Презентация дайындау. Қазіргі кездегі мемлекетіміздегі діндер туралы қосымша деректер дайындау.