АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДАҒЫ АДАМДАР ӨМІРІ

104

АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДАҒЫ АДАМДАР ӨМІРІ

Қазақстан  тарихы. 6 сынып

Сабақтың  мақсаттары:

  1. Білімділік: Алғашқы қауымдық адамдар  өмірі тарауы бойынша  қайталау, алған  білімдерін  бекіту  және  тексеру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың  логикалық  ой- өрісін,  есте сақтау  және  шығармашылық қабілетін  дамыту.
  3. Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, ынтымаққа, жауапкершілікке,  өз бетінше  еңбек  етуге, уақытты тиімді  пайдалануға   тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Думан-сайыс

Сабақтың типі:  Білім мен  дағдыны тексеру,  бағалау  сабағы.

Оқыту әдісі:   Сатылы  және  жүйелі

Жұмыс  түрлері: Ұжымдық, жеке,  топтық,  жұптық

Көрнекіліктер:

Техникалық  құрал:  Компьютер, интерактивтік тақта.

Тақырыпқа  сай  оқушылардың салған  суреттері,  сөзжұмбақтар т.б

Пәнаралақ байланыс: Жалпы тарих, әдебиет  және  ән -әуез пәндері

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты  4 топқа бөлеміз.

  1. Сабақ мақсатын хабарлау
  2. Думан-сайыс ережелерімен  таныстыру:
  • Бір-бірін тыңдау
  • Сөйлеу мәдениетін  сақтау
  • Регламент сақтау

 

Сабақ  5  кезеңнен  тұрады

 

1 кезең: «Біліміңді көрсет»

 

Әр  топ  1 минут  ішінде  мұғалімнің  қойған  сұрақтарына  жауап  береді.

  1. Алғашқы адамдардың еңбек  құралдарын  ата.
  2. Адамзат тарихындағы ең  алғашқы кезең
  3. Адамның шыққан  отаны
  4. Епті адам қайдан  табылды?
  5. Алғашқы адамның бастапқы кезеңдегі  топтасу  жүйесі
  6. Алғашқы адамдардың тобырдан  кейінгі топтасу жүйесі
  7. Рулық қауымнан  кейінг  топтасу  жүйесі
  8. Палеолит дәуіріндегі адамдар қандай қызмет атқарды?
  9. Алғашқы еңбек бөлініс
  10. Епті адамның өмір сүру  метзімі
  11. Қазақстанның ежелгі  тұрғындары кімдердің  замандасы болды?
  12. Неандарталь адамы қайдан табылды?
  13. Питекантроп қайдан табылды?
  14. Синантроп қайдан табылды?
  15. Жер бетінде 35-40 мың жыл бұрын  пайда  болған адам қалай аталды?
  16. Орта ғасыр /мезолит/ амтитын кезең
  17. Жаңа тас ғасыры /неолит/ қамтитын кезең
  18. Палеолит  қамтитын  кезең
  19. Тас өңдеу биік  деңгейге көтерілген  кезең
  20. Ертедегі адамның маймылдан  басты айырмашылығы
  21. Жер  бетінің күрт суыи бастауы қашан басталды?
  22. Ғалымдардың есептеуі бойынша мұздықтың ери бастауы
  23. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал
  24. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштері табылған жер
  25. Мезолиттің үлкен жаңалығы
  26. Егіншіліктің пайда  болған мерзімі
  27. Мезолиттік баспана қай өзен   маңынан  табылған ?
  28. 1938 жылы неандартальдық бала иабылған үңгір
  29. «Саналы адам» алғаш  табылған  үңгір
  30. 100 м қашықтықта ұшатын орақ тәрізді қару
  31. Малды қолға үйрету қалыптаса  бастаған кезең
  32. Неолиттік 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару,  жерлеу  орындары табылған  өңір
  33. Ең бірінші қолданылған метал?
  34. Солтүстік  Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші
  35. Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы

 

2 кезең:    «Тас дәуірі»  тақырыбы бойынша  кесте  толтыру. Интерактивтік тақтамен  жұмыс.

 

палеолит мезолит неолит энеолит
уақыт шеңбері
ескерткіштері
ерекшеліктері

 

3  кезең: «Шынығу кезеңі»

 

  1. «Сөзілгек» ойыны.  Мұғалім сөзді  бастайды,  әрі  қарай  топтар соңғы әріпке  сәйкес  келетін  сөзді  жалғастырып кетеді. Мысалы: Неолит-тас дәуір…
  2. «Жасырын сөздер» ойыны, плакаттағы әріптерден  тарауға  байланысты сөздер құру
  3. «Иә» немесе «Жоқ»  ойыны.  Берілген  сұрақтарға  «иә»  немесе  «жоқ»  деп  жауап беру. Жауапты дәлелдеу.
  4. Қазақстанда энеолит  ескерткіштері бар ма?
  5. Неолит  дәуірі  б.з.б 5-3 мыңжылдықты  қамтиды ма?
  6. 100 мың жыл бұрын егіншілік  пайда  болды ма?
  7. Алғашқы адамдардың тұрағы киіз  үй  ме?
  8. Еңбек бөлініс алғашқы қауымда  болды ма?
  9. Алғашқы адамдардың ұжымы  болды ма?
  10. Алғашқы адамдарда діни түсінік болды ма?
  11. Неолит дәуіріндегі қандай жаңалықтарды білесің?

 

  • кезең.

«Жас тарихшылар»   сөйлейді.  Шешендік  өнер.  Әр  топқа 1 минут беріледі.

Тақырыптар:

  1. Неолит-«қыш құмыралар заманы»
  2. Мезолит орта тас ғасыры
  3. Алғашқы қауымдағы өнер
  4. Алғашқы адамдардың діни түсініктер

 

  • кезең. Шығармашылық тапсырма.

Алдын-ала берілген үй тапсырмасын  тексеру. Интерактивтік  тақтадан  көрсету  арқылы  оқушылардың  тару  бойынша салған  суреттерін  тамашалау, сурет авторларына сөз беру.

Тарауға сай құрастырған өлең, әсселерін тыңдап,  бағалау

 

Бағалау  парағы. Сабақты  рейтингі әдісі бойынша бағалау.

 

Оқушының аты-жөні 1 кезең 2 кезең 3 кезең  4 кезең 5 кезең Жалпы ұпайы

 

 

Қорытынды.

 

Жануарлар әлемінен  бөліне  отырып, ежелгі адам табиғатты бағындырудың  алғашқы  қадамын  жасады.  Өзінің тіршілігі үшін күрес  жүргізді. Қазіргі заманғы обасының,  тіл  мәдениетінің бастауы миллион  жылдарға  созылған палеолит кезеңінде –ақ қаланған.

Біртіндеп жаңа  тас ғасырына өту кезеңінде адамдар  тастан еңбек  құралдырының  анағұрлым жетілдірілген түрін жасай бастады,  сонымен  қатар мал  шаруашылығымен  және  егіншілікпен айналысып, қолөнердің  дамуы үшін негіз қаланды. Адамның  іс-әрекетінің  жетілуі байқалды.  Адамдар тастан кейін  металды игере  бастады, олардың ең  алғашқысы мыс болды.

 

Үйге тапсырма: Қорытынды эссе жазу