Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері

141

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ билері

Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.

 

Негізгі идеялар:  Билердің ролі. Үш би. «Жеті  жарғы». Тәуке кезіндегі қазақ хандығы.  Батырлардың алатын орыны. Ұлы батырлар ерлігі.

 

Сілтеме: Оқулық  5-сынып, интернет материалдары, жинақтама деректер.

 

Көрнекі және дидактикалық құралдар: Презентация, проектор, оқулық, кесте, дәптер, А3, түрлі-түсті маркерлер билердің суреттері,

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сәлемдесу.  Сабақта жоқ оқушыларды  белгілеу.  Оқушыларды сабаққа Психологиялық жағынан икемдеу.

Оқытушының іс-әрекеті:

Сәлемдеседі. Сабақта жоқ оқушыларды түгендейді. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдейді. Сыныпты топқа бөледі.

Оқушының іс-әрекеті:

Сәлемдеседі. Сабақта жоқ оқушыларды айтады.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

&29. Қазақ хандары

-Хан қандай қызмет атқарған?

-Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

-Қазақ хандығының нығаюына үлес қосқан қай қазақ білесіңдер?

— Қазақ хандығының құрылуына не себеп болды?

-Төлеңгіттер деп кімдерді атайды?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі тақырыпты білу үшін, назарымызды слайдқа аударайық.

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады, сабақтың мақсаты мен міндетін өздеріне анықтауды ұсынады

 

Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтау  Сабақтың  мақсаты  оқушыларды Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы мағұлмат алып, Би  деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарған еңбегіне баға беруге үйрету.

 

Оқушылар дәптерге базалық білім негіздерін жазып алады.  Мұғалімді мұқият тыңдайды, дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады, жұппен талдайды.  Сөздерге түсінік береді.

Би өзекті мәселені жұппен талдау.

 

Жаңа тақырыпты меңгеру

а) Кіріспе:

  Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше болған.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,

Кім оның жарлығынан мойын бұрған.

Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ,

Халық соны кетіпті «би» деп атап.

Бүгінгі сабақта  мемемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы биледің бір қатарына тоқталып өтеміз.

«Атақты үш би-бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып, қатар қадірленіп, ел жадында бірдей сақталған. Үш бидің қазақ халқына сіңірген өлмес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында».

 

б) «Миға шабуыл»  әдісімен

Алдымен «Би» ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?  Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық.

Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау, мақсат қою, нақыл сөздермен таныстыру.

ІІІ топқа бөлініп отыруы (4-баладан)

І топ– Төле би

ІІ топ – Қазыбек би

ІІІ топ – Әйтеке би

Әр топ 7 мин – ішінде ауызша портрет жасап, сосын оны бүкіл сынып алдына  ұсынады. (Оқулық бойынша, мәтін бойынша — туған жылы,  қайда,  есімі қалай,  қандай нақыл сөздер айтты, еңбегі қандай?)  төңірегінде ойланып, өз ойларын айтады.

 

Үш кемеңгер дүлділім

Сақтаған ел бірлігін

Қазақта қара қылды қақ бөлген

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің

Өміріне, сөз үлгілеріне зер салайық. -деп  С. Торайғыров ағамыз жырлағандай

 

«Ұлы билер өміріне саяхат»

  1. Өгізді-өрге салма-қанатың талар,

Наданға көзіңді салма-сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер,

Дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер.

(Төле би)  І топ сөйлейді.

-1663-1756 жж. өмір сүрген,

Ұлы жүздің төбе биі.

-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

-Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан;

-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;

-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;

-«Жеті Жарғы» заңын  жасаушылардың көрнекті өкіл;

 

  1. Үй жанында биік төбең болса,

Ол ерттеулі аттан кем емес,

Отбасыңда білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.

Ей, біз үш жүз-үш қазақ, керіспейік,

Асылы, бізге керіскен жөн емес, келіскен жөн.

(Қазазыбек би)

-1667-1764 жж. өмір сүрді.

-Орта жүздің биі. Арғын тайтасының қаракесек руынан.

-Қазақ хандарының ақылшысы, елші-мәмілегер, дипломант.

-Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жол мен үш рет барған.

-Асқан шешен, ел басқарған, елші-мәмілегер, дипломант.

-1682-1766 жж. өмір сүрген. Кіші жүдің биі.

-Әлім тайпасының   руынан шыққан.

 

  1. Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.

Бай болып пайдаң тимесе,

Батыр болап найзаң тимесе,

Жұрттан алабөтен үйің күйсң!

(Әйтеке би)

 

Жаңа тақырыпты меңгеру

в) Топпен жұмыс. 6 мин

Топпен бірлесе талқылау (10 мин)

І -топқа. Төле бидің балалық шағы туралы мәтіннің жартылай бөлігі  ғана  берілді, ары қарай оқушылар оқиғанын қалай өрбігенін диалогтық әңгімелесу, ақылдасуы арқылы  өздерінше болжайды..

Төле би өз халқының шешендік өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.  Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Шешендігі

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда  әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

— Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

 Әлібек би:

— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда  Төле бала:

— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы, — депті.

                                         ІІ- топқа. Қаз дауысты Қазыбек биге мінездеме беру. Бұл тапсырмада оқушыларға  Қазыбек би туралы мағлұмат ала отырып, оның  бойындағы қасиеттері туралы сыни ойлауға  шақырдым. Оқушылар топта жұмыс жасайды, талқылайды, сұрақтарға жауап берді.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек:

“Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз,

ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,

жеріміздің шетін жау баспасын деп

найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып:

“Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.

ІІІ топқа

Әйтеке бидің балалық шағы туралы:

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның төрбиесінде болады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.

Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.

Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

 

Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
— Ассалаумағалейкум, ағалар! — деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:

— Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл? — Сейітқұл аулы. — Өзің кімнің баласысың? — Бөйкектің баласымын — Атың кім? — Қосуа бидің «уйі қайсы? — Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? — деп, сұрайды бала.

— Даулы болып келеміз, — дейді әлгі қарт жолаушы. — Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып: — Балаңызды ат босағада тепсе — бүтін күн, жабықта тепсе — жарты күн, түзде тепсе — төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын — дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың есімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе — төрттің бірін шыдар — деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.

Сонда әлген баланың әкесі:

Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүр бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар — деген екен.

Үш топқа тапсырма:
Тәуке ханның «Жеті жарғысының»  мазмұны:

-«Қанға-қан, мертіктіргені үшін нақ сондай мертіктіру арқылы кек алынсын».

-Құрлық, тонау, зорлық, зинақорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілсін.

-Құн төлеу. Ер кісі үшін-1000 қой, әйел үшін-500 қой. Бас бармақ-100 қой, шынашақ-20 қой.

-Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адамның туыстарына 7 адамның құқын төлейді. Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адамның туыстарына 7 адамның құнын төлейді.  Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші -9 мал, ал соққы жығушы  27 мал айып төлейді.

-Өзін-өзі өлтіруші зираттан оқшау жерге жерленеді.

-Әке-шешесіне тәл тигізген немесе ұрған ұлын мойнына құрым киіз байлап, қара сиырғ теріс қаратып мінгізеді де, ауылды айналдыра жүргізіп, қамшымен дүрелейді. Ал қыздың қол аяғын байлап, анасына өз қалауынша жазалауға береді

г) Мәтінмен жұмыс

  1. Ұлы билер бойынша мәтін мен жұмыс. 5 минут.

«Үш бидің әңгімесі» атты мәтінді оқып шығып, мәтінде қай жүз жайында және қай би жайында айтылып отырғанын анықтау.

Үш бидің әңгімесі

Ертеде ұлы жүздің бір жесірін Кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып,  ел арасы ығыр болыпты. Осы дауды шешу үшін Үш жүздің белгілі билері бас қосады. Сонда________жүздің биі_______тұрып:

-Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын, -дейді.

Сол кезде келесі ________ жүздің биі ________тұрып:

Мен атаның қара шаңырағындағы кенжесімін, жасым кіші болғанымен жолым-үлкен, төбе билік менікі, -дейді.

Осы кезде келесі________жүздің биі________күледі.

-«Жылағанды сұрама-мұңы бар, күлгенді сұра-сыры бар» деуші еді, неге күлдің? -дейді Ұлы жүз биі.

-Сендер атадан туысыңды білесіңдер ме, өсиетін ұмытқан екенсіңдер,-дейді.

________. -Аталарың________қолына қауға беріп, малға қой, ________қолына найза беріп, жауға қой,________қолына қамшы беріп, дайға қой дегені қайда?! Сүрінсем, сүйер алдыма-ағам, артымда інім бар   бөбе билік жөні менікі емес пе?

Бұл сөзге екі жағыда тоқтап, төбе билікті ________береді. Сонда қаз дауысты Қазыбек________шешен былай деп төрелік айтады:

-Уа, ________! Сен қарашаңырақта қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен, Әйтек, жесірді қайыр! Сен, Төле жылқыны қайыр! —деп дауды шешкен екен.

 

Проблемалық сұраққа жауап беру: 

Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің үстемдік жүргізуі, билік айтуы, өздерінің беделін арттыру үшін бе? әлде өзінің  билігін нығайту  үшін бе? қалай ойлайсыңдар? Ойланайық би қандай болу керек?-деген оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады?

— Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлғалардың  ерліктеріне  мінездеме беруге  тырыстық, енді олардың қандай ортақ қасиеттерін өз бойларыңа алар едіңдер? қысқаша дәптерлеріңе  жазыңдар.

Сабақтың рефлексиясы

Сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойларын айтады.

Бүгінгі білгенімізді ортаға салып,  «Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық. Ел мұңын мұңдаған, халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық?

* елші, мәмілегер                  *тәрбиеші                               * саясаткер, қоғам қайраткері

* заңгер                                  * ақын                                     * ойшыл, ғалым.

* психолог                             * шешен

Олай болса,«шынайы шешен-жарқын тұлға» демекші, билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық жұлдыздардың бірегейлері екендігін де таныдық деп ойлаймын. Жиренше шешен айтқан «жақсылар» біздің рухы күшті аталған шешендеріміз екені даусыз.Ұрпағы – сендер ұмытпай, ұлағатты сөздерін жаттап, айтып жүрсеңдер, олардың аттарының көгімізде мәңгі шырқап тұрғаны емес пе?  Мына өздеріңе жақсы таныс ескерткіш-мүсіндегі қияға көз тіккен бабалардың отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай..

 

«Кім жылдам?» Сұрақ-жауап беріледі,  қай топ бірінші болып қол көтереді сол топ жауабын айтады.

  1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)
  2. Болмас іске қарыспа,

Біреуге ор қазыспа

Жауыздық іске барыспа.  Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)

  1. Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан)
  2. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер?
  3. «Құн» деген не?
  4. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін-деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би)

Ү. Бекіту сұрақтары:

 

«Тарихи бас қатырғыш»  Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі». Оқушылар адасқан    әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

  1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)
  2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)
  3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, «Жеті жарғы»)
  4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

(Т ӘУКЕ, Түркістан)

  1. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)
  2. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)

 

 

«Мені түсін» ойыны.

Тақтада бүгінгі сабақтың мәтінін толық аша алатын, үлкен мағана беретін 8 сөз жазылған, оқушылар кезектесіп жазылған сөздер төңірегінде ғылыми тілмен қысқа да нақты жауап қайтаруы тиіс.

1 КӨСЕМ

  1. ШЕШЕН

3.ЗАҢГЕР

  1. ЕЛШІ
  2. БАТЫР
  3. САЯСАТКЕР
  4. ОЙШЫЛ, ҒАЛЫМ
  5. МӘМІЛЕГЕР

 

ҮІ. Бағалау.

Сабақтың соңында оқушылар бағалау парағы бойынша  бағаланады.

Мерзімі Сабақтың

тақырыбы

 

Оқушының аты-жөні

Жұмыстың түрлері Толықтыру
Ауызша жауап беру 5 балл Мәтін мен жұмыс 5 балл Сұрақтарға жауап беру
Оқушының

өз бағысы

Қазақ билері
Мұғалімнің өз бағасы Қазақ билері
Топтың бағасы Қазақ билері

 

Бағалау парағы бойынша оқушы өзіне баға береді, топтың бағасын тыңдайды,  бағасы жиынтық болып табылады (3 мин)

Үйге тапсырма: Төле бидің жұмбақтап айтқандарын, Қазыбек би мен Әйтеке бидің толғауларын жаттау.

Шынайы шешен-жарқын тұлға. (шағын шығарма – ойтолғау жазу)

Қазақ билері тақырыбын оқу

Сабақты қорытындылау

-Бүгінгі сабақта нені меңгердік?

-Сабақтың барысында қойған мақсатымыз бен міндеттерімізді орындай алдық па?

-Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма?

-Балалар, тәуелсздікке жетуге қандай адамдар үлестерін қосты?

(батырлар, билер, батыр-қыздар, желтоқсан құрбандары,)

Біздің ел дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқаруда.

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету, елін жаудан қорғайтын,  болашақ қазақ жастарының қолында деп есептеймін.

Қорытынды:

Осы мен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!