Дала заңының ережелері және бүгінгі таңдағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет

94

Тақырыбы: Дала заңының ережелері және бүгінгі таңдағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет

 

Сабақтың мақсаты: а) білімдік оқушылардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет туралы ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажрыта білу;

ә) тәрбиелік: жеткіншектерді халқымыздың рухани зор мұрасы мен сусындата отырып, құқықтық сана-сезімін дамыту: құқықтық сауаттылығын көтеру. ҚР Конституциясын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін ашу.

 

Сабақ түрі: дәстүрлі емес: сұрақ-жауап пікірталас, баяндау, түсіндіру, танымдық ойын сабағы.

 

Көрнекіліктер: ойын сілтемелер, тірек-схема, кесте ҚР Конституциясы, адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы құжаттары, тест жұмыстары, плакаттар.

 

Пәнаралық байланыс: тарих, құқық негіздері, философия, логика. Пайдаланатын әдебиеттер: Конституция құжаты «Мемлекеттік құқық негіздері» автор; Ғ.Сапарғалиев «Қазақ тарихы» журналы; Орта мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру «әдістеме – библиографиялық құралы»; 2001 жылдың «Адам және құқық хрестоматиясы»

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті оқушыларды топқа бөлу.

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағының тақырыбы: «Дала заңының ережелері және бүгінгі таңдағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет» деп аталады. Бұл тақырыпқа тоқтап отырған себебіміз: өзделерін білесіндер – Тәуелсіз ел болғандықтан өз заңдарымыз бар, құқықтық мемлекет деп өзімізді жариялататын әр адам Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің тым болмаса ең негізгі құқықтарымен міндеттерін білуге тиіс. Осы мәселеге мемлекет қазіргі кезде назарын аударып отыр. Алдағы апталық та құқықтық тәрбие арналып отыр.

Адам арасындағы қарым – қатынастарды құқық заң арқылы реттеу бүгін пайда болған жоқ, ол ежелден қалыптасып келді. Сондықтан бүгінгі сабағымыз 2 бөлімнен тұрады.

І бөлімде – 7 сынып оқушылар бізден ата – бабаларымыз құрастырылған дала заңының ережелері тарулы қысқаша мағлұмат жасайды; ІІ бөлімде 9 сынып оқушылары бүгінгі ҚР азаматтарының Конституцияда аталатын негізгі құқықтарын, бостандықтарын сипаттайды.

Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі сақ, үйсін, қаңлы кездерінен басталады.

VІ ғ. Қазақстан территориясындағы өмір сүрген Түрік қағанатында «төру» деген жазба заңдары болған.

VІІІ ғ. бері исламның құқықтық нормалары түркі халықтарының саяси, құқықтық өміріне тез сінді және осы уақытқа дейін пайдаланып келді.

1206 ж. – жерімізде «Шыңғыс ханның жасасы» деген заңдар жинағы саяси, әлеуметтік – экономикалық қатынастарды реттеді.

ХV ғ. ортасында Қазақ хандығы құрылған соң, Қасым хан тұсында бірінші рет құқықтық нормалар жүйеге келтірілді.

Ол ғасырлар бойы кележатқан ғұрыптарды негізге ала отырып, дербес Қазақ мемлекеттің жағдайына бейімделіп жасалды – «Қасымханның қасқа жолы» деп аталады. Бұл заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды: І бөлімде-мал, мүлік, жерге байланысты қатынастар реттеледі; ІІ бөлімде – түрлі қылмыстар, жазалар туралы; ІІІ бөлім-әскери тәртіпке арналған; ІV бөлім-елшілік туралы; V бөлімінде-аруақтарға ас беру, той-думан, т.б. шаралар өткізу тәртібі туралы айтылған.

Қасым ханнан кейін Есім хан құқықтық жүйені дамытты. Ол әскери тәртіпті күшейтті, басқа баптары өзгерген жоқ. сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген оған ат берді.

Қазақ қоғамына құқықтық өмір арнасы «Малы-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы»-деген ұлағатты сөзбен айшықталған. Кез келген құқықтық құбылыс пен оқиа, талас-тартыс пен дау-дамай осы принцип негізінде қаралып, халықтың ауызша сөйлеу мәдениетіне негізделген. Қазақ елдің елдігін, кеменгер кеңдігін сөз арқылы жеткізіп, сөзге тұрған халық. Ойға қонымды сұлу да көркем, нақышты да нұсқалы сөздердің иелері-шешен – билер болған.

Жүргізуші: 1456 жылдан бастап дербес қазақ хандығының құрылуы халықтың саяси-әлеуметтік өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Еліміздің құқық пен қазылық тарихында қазаққа жол көрсетіп, заң шығарып өрнек салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»-ел басқару ісінің негізгі заңдары өмірге келіп, оның талаптары халық мүддесіне сай болғандықтан, іске асып жатты. Оны одан әрі жетілдірген Тәуке хан мен Төле би бастаған үш бидің жобасы-әділетті заң ретінде тарихта қалған, қазақ халқының алғашқы «Далалық конституциясы»-атақты «Жеті жарғы». Заңда бұрыңғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді, алынатын құнның, айыптың көлемі көрсетілді. Әлділер кедей туыстарын уақытша пайдалануға аманат мал, сауын беруге, табиғат апатынан (жұт, құрғақшылық) зардап шеккендерге көмек «жылу көрсетуге міндеті болды». Заңды шығарушылардың шешендік сөздері мен әділ үкімдерінің үлгілері халық жанында мәңгілік сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Енді «Жеті жарғы» заңында не айтады екен, оқушыларды тыңдайық.

Оқушы: Жер дауын баяндайтын, біріншісі

Ру, қоныспен меншікті ісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –

Болған жосын заңының екіншісі,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Ұрлық, қарлық, барым-үшінші заң.

Төртінші боп саналған мынау заңы

Бір халық пен басқа ру болса дауы.

 

Ұлттың жаудан қорғамақ-бесінші боп,

Алтыншы, жетінші-күн дауы, жесір дауы,

Кісі өлтірген айыпкер болса кісі.

Қасым хан мен Есім хан мынау ісі:

Шаңырағын түсіріп ортасына

Сау қалмайтын ол үйдің бүлдіргісі

Тәуке хан мен Төле би жеңілдетіп

Жеті айып төлетіп келсе күші.

Жүргізуші: Халқымыздың заң жарғыларын жүзеге асыруда, оны өміршен етуде билердің алар орны ерекше, шешендік сөз, шеберлік тіл сот билігінің ұстарадай өткір құралы билер айтқан үкімдер мен шешімдерде ерекше орын алған. Қазыбек би қалмақ ханы Ертіске елшілікке келгенде былай деген екен:

Оқушы:

Сен қалмақ та, біз қазақ

Қарпысқалы келгенбіз

Сен темір де, біз көмір

Еріткелі келгенбіз

Екі еліктің лағын

Теліткелі келгенбіз

Танымайтын жат елге

Танысқалы келгенбіз

Танысуға келмесең

Шабысқалы келгенбіз

Жаңа үйреткен жас тұлпар

Жарысқалы келгенбіз

Тұтқыр сары желімбіз

Жабысқалы келгенбіз

Берсең жөндеп бітімді айт,

Бермесең дірілдемей жөніңді айт!

Жүргізуші: Осылайша ата-бабаларымыз сөз құдіретімен келісімге келіп, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, еліне қайтады.

Жүргізуші: Ескірмейтін есті сөз, қазақ халқының үлгі-тәрбие құралдарының бірі тыйым сөздер. Жастарға құқықтық тәрбие беруде халқымыздың тыйым сөздерін қолданудың мәні ерекше. Бұл сөздер арқылы есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық. Бұл сөздер арқылы есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерін сақтандырып, баланы жастайынан «Біреудің ала жібін аттамауға» тәрбиелеуді мақсат тұтқан бұл сөздер жастарды шектеу мақсатында емес, атадан қалған өнегелі өсиет екендігін түсіну және оны жас ұрпақ бойында дағды етіп қалыптастыру қажет. Біздің балалар қандай тыйым сөздерді айта алар екен?

Оқушы: Халқымыз: «Аққуды атпа», «Көкті жұлма», «Үлкен адамның алдын кеспе», «Анаңа қатты сөйлеме», «Суды асырап қылма», «Ұрлық қылма, зорлық қылма», «Тырнағыңды тістеме», «Үйде ысқырма», «Босағаға сүйенбе», «Аманатқа қиянат жасама» деген секілді т.б. өсиет сөздермен ұрпағын тәртіптілікке, сыпайлыққа шақыра отырып, әр түрлі жаман әдеттен жирендіреді.

Жүргізуші: Халық жадында сақталған ғибрат сөздер ұрпағына үлгі етер өсиеттерінің бірі-халықтық мақал-мәтелдер. Балалар құқық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Оқушы: Бұл жөнінде: «Дұрыс қанаттанған түзу ұшар», «Жазасын тартпайтын жамандық болмайды», «Арқылы ауыр көрген, ақымақты бауыр көреді», «Ұрлық ине ұрлаудан басталады», «Ұры байымайды, сұқ семірмейді», «Біреудің ала жібін аттама», «Өзгені қорлағанның өзі сорлайды», «Жақсылыққа жақсылық әркімнің ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі», «Көп біл, аз сөйле» т.б. мақал-мәтелдерді атауға болады.

Жүргізуші: Балалар, білесіңдер ме, халқымызда мынадай мағылымды сөздер бар. жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Удан ащы не? Арзан не, қымбат не? Есі бар адамға не керек? Сендер, қалай жауап берер едіндер?

Оқушы: Жерден ауыр-ақыл білім, судан терең-оқу-ғылым, оттан ыстық адамның өмірі, удан ащы-әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз, арзан-өтірік, қымбат-шындық, есті адамға-қайырымдылық, мейірімділік, қоғамдылық және білім керек.

Жүргізуші: Оқушылар, міне, өздерің оқып, үйренгендей, халқымыздың әдет-ғұрып заңдарын, ондағы билер қызметінің өз кезінде ел басқару ісінде үлкен әсері болып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағына зор ықпалы болғаның ешқашан ұмытуға болмайды. Олардың даналық сөздері-ата мұрамыз, алтын қазынамыз. Халқы құрметтеген билеріміздің елі үшін еткен қызметтеріне қастерлей отырып, өнегелерін бойымызға дарытып, ісімізге үлгі етіп алу бүгінгі ұрпақ парызы.

Мұғалімі: — Ендігі кезекті 9 сынып оқушыларына береміз.

1.Тест сұрақтары.

  1. Қазақстандағы атқарушы билік:
    а) Президент ә) Парламент      б) Үкімет
  2. ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы:
    а) Сенат    ә) Жоғарғы кеңес      б) Мәжіліс
  3. «Президент» сөзінің мағынасы:
    а) Ел басқару ә) Алда болу       б) Бірінші сөйлеу
  4. ҚР-ның іс жүзіндегі Конституциясы қащан қабылданды?
    а) 1993ж.28 қаңтар ә) 1995ж. 30 тамыз      б) 1991ж. 16 желтоқсан
  5. ҚР азаматтарының саяси құқығы:
    а) басқару ісіне қатысу ә) медициналық көмек алу
    б) кәсіби заңдылық көмек алу
  6. ҚР азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығы:
    а) зейнетақымен қамтамассыз ету ә) ойды еркін айту бостандығы
    б) еркін жүріп-тұру
  7. ҚР азаматтарының негізгі құқығы мен бостандығы:
    а) жеке кәсіпкерлікпен айналысу ә) бірлестік құру
    б) ар-ұят бостандығы
  8. ҚР-ның Заң шығаратын органы:
    а) Президент ә) Парламент                б) Үкімет
  9. ҚР Президент өкілеттік мерзімі:
    а) 5 жыл ә) 6 жыл              б) 7 жыл
  10. «Демократия» термині қай мемлекетте пайда болған?
    а) Қазақстан ә) Грекия             б) Франция
  11. ҚР Парламентінің палаталары:
    а) Сенат, Мәжіліс                 ә) Сенат, Конгрес
    б) Жоғарғы Кеңес, Төмендегі Кеңес
  12. ҚР азаматтарының саяси құқығы:
    а) сайлауға қатысу ә) өмір сүру        б) білім алу
  13. ҚР азаматтарының әлеуметтік құқығы:
    а) Тұрғын үй алу ә) Қоғамдық бірлестік құру
    б) Қажетті қорғаныс құқығы
  14. ҚР азаматтарының негізгі құқығы:
    а) өмір сүру ә) демалу құқығы                  б) жиналысқа қатысу

 

2 тапсырма.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша суретпен жұмыс. Яғни, бейнеленген сурет бойынша не айтылады? Түйінді табу.

 

3 тапсырма.

а) Терминдермен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Құқықтық мемлекет, Азаматтық қоғам.

ә) Мәнерлеп оқыту.

1-топ сұрағы.

Бірде Германия канцерлі Г.Коль машинасын рұқсат етілмеген жерге қойыпты. Оны көрген полицей мемлекет басшысына айтып салады. Соның дәл қасына машинасын қойған журналсит ескертумен шектеледі. Жағдайға таңырқаған журналист полицейге сұрақ қояды. Сонда полицей: «Сіз 1-рет ереже бұздыңыз, сондықтан, ескертумен шектелесіз. Ал, Г.Кольосымен 2-рет рұқсат етілмеген орындаға ереже бұзып, көлігі қойып отыр. Біз заңға сәйкес ол кісіге айып салдық»-дейді. «Сіздер үкімет басшысынанда айып аласыздар ма?» деген журналист сұрағына полицей не деп жауап береді?

Дұрыс жауап: Машина руліндегі жан біздер үшін тек жүргізуші ғана. Заң мен ереже барлығына бірдей.

2-топ сұрағы:

Менің көршімнің өзіммен жасты, яғни он бестегі ұлы бар. ол баланың мектепке оқығысы келмейді, сабаққа бармағанына 2 ай болды. Оған әсер ететін бірінші себеп жеткіншек жасы, екінші сауда жасап ақша тапқысы келеді. Бұған ата-анасы қарсы емес. Бір күні оқытушы үйіне келеді.

Анасы мұғалімге: «Өзінің оқуға ынтасы жоқ, оқымаса оқымай-ақ қойсын!»-дейді.

Бұл жағдайдың дұрыс жауабы қандай және ата-ананың айтқаны дұрыс па?

Дұрыс жауап: ҚР Конституциясы мен ҚР Білім туралы заңында әр ата-ана өз баласына жауапты және бала орта білімді міндетті түрде алып шығуы тиіс.

4.Қорытынды.

Азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекет белгілерін еске түсіре отырып, анықтау:

Азаматтық қоғам:

  • Жеке меншікті негізделген азаматтың экономикалық дербестігі;
  • Азаматтардың құқықтарының заң жүзінде қорғаулы;
  • Заңдылық биліктің болуы;
  • Мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы;
    Құқықтық мемлекет:
  • Заңның үстем болуы;
  • Құқық пен заңдылықтың қатан сақталуы;
  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының демократиялық принциптерге сүйене отырып, тұрақты түрде қорғалуы;
  • Тұлға мен мемлекетің өзара жауапкершілігі;
  1. Сабақты бекіту.
  2. Бағалау.
  3. Үйге тапсырма.

Суретті плакат бойынша эссе жазу.

 

Жеке меншік иесі болу құқығы

Ереуліге шығу құқығы

Демалу құқығы

Тұрғын үй құқығы

Денсаулық сақтау құқығы

Білім алу құқығы

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

Өмір сүру мен денсаулық сақтау үшін қолайлы табиғи орта құқығы

Көркем, ғылыми, техникалық шығармашылық бостандығы

Еңбек шарты бостандығы

Мемлекеттік басқару істеріне, заң және шешім қабылдауға, талқылауға қатысу құқығы

 

Бебіт жиналысқа, митингіге, шеруге, пикетке және демонстрацияға қатысу бостандығы

 

Қоғамдық бірлестік құру құқығы

 

Мемлекеттік қызметке жетуге тендік құқығы

 

Сөзге, сенімге, ойды еркін айтуға бостандық құқығы

 

Хабар алу және оны тарату құқығы

 

Өмір сүру құқығы

 

Ұждан мен қадір-қасиетті сақтау құқығы

 

Ар-ұят бостандығы

 

Жеке жүріп-тұруға, мекен таңдауға, Республика аумағынан еркін шығып кету жіне қайта оралу құқығы

 

Қажетті қорғаныс құқығы

 

Жеке өмірге қол сұғылмайтын дербестік

 

Кәсіби заңдылық көмек және қорғауды сұрау құқығы