Сабақ тақырыбы: Азамат соғысы

78

Избасарова М.У

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Еңбекші орта мектебі

9 «А» сыныбы

 

Сабақ тақырыбы: Азамат соғысы

Мақсаты: 1.  Азамат соғысы тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін жүйеге келтіру, тарихи оқиғаны жан-жақты талдап, баға беру.

  1. тарихи оқиғаны жан-жақты талдау арқылы өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіру, шешендікке баулу.
  2. Оқушыларды іздемпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру; ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ түрі:  қайталау.

Сабақ типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау.(Эдуард де Бононың «6 қалпақ» әдісі), проблемалық, көрнекіліктер, ұжымдық т.б

Көрнекіліктер:   слайдтар, суреттер, кескін, кесте, видеоматериал.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақтың жүргізілуі:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ұстаз: Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Азамат соғысы». Сабақтың типі: қайталау.

Сабақ мақсаты: азамат соғысы тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін жүйеге келтіру, тарихи оқиғаны жан-жақты талдап, баға беру.

Міндеттері: 1. Тарихи оқиғаны жан-жақты талдау арқылы, оның қазіргі кездегі құндылығын анықтау;

  1. Оқушыларды іздемпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.
  2. Ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақты бастамас бұрын мен сіздерге бір аңыз айтқым келіп тұр.

Ертеде бір қария өмір сүріпті. Оның еңбек етіп жатқан өз шеберханасы, отбасы, алты баласы болыпты.

Күндердің күнінде қария дүниеден өтеді. Ал балалары оның дүние-мүлкін өзара бөлісіп алады. Тек шеберхана ішіндегі 6 түсті қалпаққа «иесі келіп,алар»,-деп тиіспейді.

Күндер өтіп жатады, бірақ 6 қалпақтың иесі келмейді. Енді алтауы алты қалпақты бөліп алады.

Арада көп жылдар өтеді. Қарияның әлгі балалары кездесіп, қалай өмір сүргендері, жетістіктеріне мақтану үшін жиналады.

Ақ қалпақты алған баласы үлкен лауазым иесі болған екен.

Қара қалпақ алған баласы өмірде ештеңеге қол жеткізбеген, өйткені өмірдің тек қара жағын ғана көреді екен.

Қызыл қалпаққа ие болған баласы ерекше сезімге берілген өнер адамы болған екен.

Сары қалпақ иесі өмірде көп жетістікке қол жеткізіп, жақсы өмір сүріп жатыр екен, өйткені қандай жағдайда болмасын тек жағымды, жақсы жағын көретін болған.

Жасыл қалпақ алған баласы шығармашылықпен жұмыс істейтін, іздемпаз тұлға болып қалыптасқан екен.

Көк қалпақты кигені өз өмірінен сабақ алып, оны басқаға үйретіп, кез-келген үрдісті басқарып кете алатын көшбасшыға айналыпты.

Осы аңызды негізге ала отырып, сыныпты алтыға бөліп, алты түсті қалпақты ұсындық.

«Ақ қалпақ» иелері- Назарбаев Ж, Бауамуратова А, Мухаммедиярова Р, Худайбергенов Н, Караманов С. Олар тарихи оқиғаны тек жалаң фактілермен көрсетіп береді.

«Қара қалпақ» иелері- Жалғасбаева А, Мадиханов Д, Шаймерденов Е, Шукирбаева А, Абыкаев Т.  Азамат соғысының  жағымсыз  жағын дәлелдеп, көрсетеді.

«Қызыл қалпақ» кигендер- Джаниязов Н, Нурмаамбетова А, Сабыржан С, Адилбаев С, Тұрғанбаев С. Тарихи оқиғаны сезіммен сипаттайды.

«Сары қалпақ» кигендер- Усаинов А, Тауекелова Ж, Көшекбаев Б, Тлеу Е, Тукибаева Н. Азамат соғысының өзінен жағымды заттар іздеумен айналысады..

«Жасыл қалпақ» иелері- Жангабаева Ж, Жаниязова А, Советбек Ә, Молдабай Д. Оқиғаны шығармашылықпен, ерекше түрде баяндайды.

«Көк қалпақ» кигендер- Нагимуллаева А, Нурлан Ә, Кожамбердиева А, Турдалиев А. Қорытынды жасап, алған білімдерін өмірде қолдану жолдарын ұсынады.

Ұстаз: Сөз «Ақ қалпақ» иелеріне беріледі.

Оқушылар өздері дайындаған слайдтар бойынша нақты деректерді баяндап береді. Мысалы: «Азамат соғысы» дегеніміз- бір мемлекет ішіндегі қарама-қарсы екі топтың билік үшін соғысы. «Интервенция»- қоршауға алу.

Азамат соғысы 1918-1920ж аралығында болды. Ол Чехославак корпусының бүлігінен басталды.

1918ж маусымда атаман Дутов Қазақстанды Ресеймен байланыстырып тұрған Орынбор қаласын басып алды. Оларды алашордашылар қолдап, қызылдарға қарсы күресті. Тб

Келесі шығатын «Қара қалпақтылар». Олар да өздері дайындаған ақпараттармен, слайдтарымен түсіндіреді.

«Ақтар» деп аталатын күштер бірігіп,большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақтар «ақ террор» қолданып, большевиктерді қатаң жазалап, халыққа да аяушылық көрсетпеді. Мысалы: Анненков Жетісуда аса қатыгездік көрсеткендердің бірі болды.

«Әскери коммунизм» саясатының өзі халыққа ауыртпалықтар әкелді. Азық-түлік салғырты енгізілді. Өлкенің адам және материал байлықтарын игеру күштеу әдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге біріктірілді. Еңбек салығы енгізілді. Тб

Келесі сөз «Қызыл қалпақ» иелерінде. Өз баяндамаларын қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыра отырып , өлең-жырлармен келтіреді. Алашорда мүшелерінің патриоттық сезімдерін көрсете отырып, елжандылыққа шақырады.

«Сары қалпақ» кигендер сөз алады.

Кез-келген соғыс халыққа азап, экономикаға құлдырау, ауыртпалықтар әкеледі, бірақ біз осы жағдайдың ішінен де жағымды жағын көруге тырыстық. Алдымен соғыс басында құрылған әскери бөлімдер туралы айтсақ, қазақ жерінде ұлттық әскери бөлімдер құрылып, Орал мен Торғай облыстарында 37-ге жетті. Дала өлкесінің төтенше комиссары болып-Жангелдин , Торғай уезінің әскери комиссары болып-Иманов тағайындалды. Бұл ортақ жауға қарсы жұмыла күш жинау еді. Құрылған бөлімдерге арнап әскери киімдер тігілді. Ол да соғыс кезінде тәртіпке шақыратын амалдардың бірі болды. Осындай киімдердің ең алғашқысы Буденныйдың әскеріне арнап тігілді.

1916ж ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан қазақтар партизандық соғыс әдістерін қолданып, ерлікпен күресті.

1919ж желтоқсанда Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Ол мұнайлы Орал-Ембі ауданын Орталық Ресеймен біріктірді.

«Жасыл қалпақ» кигендерге сөз беріледі. Бұл топ өз тапсырмаларын ерекше кескіндермен, слайдтармен немесе көрініс арқылы көрсете алады.

Келесі сөз «Көк қалпақ» иелеріне беріледі.

Азамат соғысы кескілескен қырғынында 8 млн адам қаза тапты. Қызылдар мен ақтардың қимылынан ең алдымен халық зардап шекті. Бұл А.Байтұрсыновтың «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында : «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» жариялау қазақтардың ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп санауға болады.

Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919ж 4 сәуірдегі қаулысында «Кеңес үкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар(қазақтар) , сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық Алашорда үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиісті деп көрсетілген»,- деп жазды.

1920ж 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз(қазақ) Автономиялы Социалистік Республикасын құру туралы» Декрет қабылдады.

1920ж 4 қазанда ҚазақАКСР- жарияланды.

Ұстаз сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар ! Сабақ соңында біздің сіздерге тілегіміз, «қызыл, сары, жасыл,көк қалпақты» киіп, табытан табысқа жете беріңіздер.

ІІ. Қорытынды.  Әр топқа 1 сұрақтан беріледі. (топ қысқаша тез жауап қайтаруы керек)

ІІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.

  1. Бағалау.