«Ауыл шаруашылықтың дамуы. Тың игеру».

47

Ашық сабақ

Қазақстан тарихы — 9 сынып

тақырып атауы:

«Ауыл шаруашылықтың дамуы. Тың игеру».

Құрастырған: тарих пәні мұғалімі Қаламов Ж.А.

Сабақ мақсаты:

Жалпы мақсат: Тың игеру кезіндегі жалпы Қазақстанға сипаттама жасау, қайшылықтарын ашу, маңызын шығару. Тың игеру салдарын айқындау.

Білімділік: Тың игеру кезеніне, сол кездегі оқиғаларға объективті баға беру. Мәселелерді ашу, шешу жолында, жалпы әдістерді және тенденцияларды айқындау.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи мәліметтерді модельге келтіру, жеке және ұжымдық түрде жұмыс жасау, себеп-нәтиже байланыстарды айқындау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Тарих алдында жауапкершілікті тәрбиелеу.

      Сабақ көрнекілігі: интерактивтік тақта (актив студио арқылы слайдтарды көрсету, видео материалдар) хрестоматия, статистикалық материалдар, атлас, Қазақстан картасы (КСРО).

Сабақтың түрі, әдісі: Мәселелік оқыту технологиясы (дебат түрінде).

 

Тірек білімдер:

 

      Оқиғалар күнтізбесі:

1954 ж. – тың игеру бағыты.

1954 – 1955 жж. – «бастапқы кезең»

1956-1958 жж. – «дамыған кезең»

 

Тұлғалар: Н.С.Хрущев, И.В.Сталин, Д.А.Кунаев, А.Шаяхметов, Н.Понамаренко.

Ұғымдар: «тың», «ассигнациялау», интенсивтік жол, экстенсивтік жол, орыстандыру саясаты, топырақ эрозиясы.

Ұйымдастыру кезені: (1 мин)

Мотивациялық кезен: (5мин):

     ? Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылықтың жағдайы……

Әнгіме арқылы, оқушылармен бірге ашу

 

Мұғалім сабақтың басында тақырыпқа жалпы сипаттама жасайды: (3 мин)

  1. 1954 жылы (қантар-наурыз пленумы)
  2. Идеяны ұсынушы Үкімет
  3. Одақ бойынша жіртылатың жер: Солтүстік Кавказ, Орал, Оңтүстік Сібір, Еділ бойы, Қазақстан.
  4. Қазақстан бойынша жыртылатын жер: Павлодар, Көкшетау, Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысы.
  5. Тыңгерлерді материалдық ынтыландыру.

— Дүние мүлкі тегін көшірілді

— Отбасы басшысына 500 – 1000 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді

— Үй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді (35%-ын мемлекет өз қарамағына алды)

— Мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие бөлінді

— 1,5 центнер астық немесе ұн, азық-түлік берілді

— 2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

  1. 1954-1955 жылдары өнеркәсіпке, көлікке жұмыс істеу үшін 0,5 млн. адам

— Ақмола облысына 20000 адам

— Солтүстік Қазақстанға 150000 адам келу керек еді, 650000 артығымен адам келді

— 1954-1962 жылдары жалпы 2 млн Адам келды.

 

  1. Жыртылған жер көлемі

— 1954 жылы 6,5 млн. гектар

— 1955 жылы  9,4 млн. гектар

— Жалпы 25 млн. Гектар

 

  1. Бөлінген қаржы 1954-1959 жылдары 20 млрд. сом

 

Әрі қарай сабақ мәселелік технологиясы арқылы жүргізіледі, дебат түрінде.

 

Оқушылардың қызығушылын арттыру.

? Оқушылар қалай ойлайсындар – Қазақстан үшін тың игеру керек болды ма, пайдасы немесе зияны қандай. Астық мәселені шешу үшін басқа жолдар болды ма….

 

«Қазақстан үшін тың игеру – пайдалы ма зиянды ма?»

(1954-1960-ші жж.)

 

Тың игеру себептері неде? Кітап арқылы, оқушылармен бірге ашу (3мин)

1.Ауыл шаруашылықтын өнім шығару әлсіздігі, төмен дамуы.

2.Өлкенін техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою.

3.Бидай дағдарыстан шығу. Ауыл шаруашылықтын өнімділігін артыру, деңгейін көтеру.

 

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін: Интерактивтік тақтаға тың игерумен байланысты слаидтар ашылады (2 мин)

 

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

Эксперттік топты тағайындау.

Тайм спикерді тағайындау.

Бекіту тобы: Қазақстан үшін тың игеру – пайдалы, пайдасын ашу.

Жоққа шығару тобы: Қазақстан үшін тың игеру – пайдассіз, зиянын ашу.

I кезен

1 топ. – ақталау                                                                          2 топ. – жоққа жығару

2 адам. (2мин)                                   ↗↖                                   2 адам. (2 мин)

II кезен

1 топ қосымша мәліметтер, жоққа шығару      2 топ қосымша мәліметтер, жоққа шығару

III кезен

1 топ жоққа шығару, қорытынды бекіту              2 топ  жоққа шығару, қорытынды бекіту

 

3 топ–Сот. Топтардың мәлімметтеріне талдау жасау. Әрбір топтың келтірген мәліметтеріне, жауаптарына баға беру. Мәліметтерді толықтыру жұмысы. 10 мин.

Резолюцияны аш

 Бекіту  тобының мәліметтері.

  1. Ұлттық маман кадрлар көбейді
  2. Қалалар мен өнеркәсіп орындары салынды
  3. Мәдени ошақтар пайда болды
  4. Техниканы меңгеру басталды
  5. Халықтар арасында достық қарым қатынас орнап, басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді
  6. Басқа салалардың дамуына әсер етті
  7. Одақ бойынша астықты аймаққа айналды

Резолюцияны ашу

 Жоққа шығару  тобының мәліметтері.

  1. Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды
  2. Қазақ мектептері жабылды
  3. Демографиялық күйзеліс басталды
  4. Экстенсивті әдісімен жүргізілді
  5. Мал шаруашылығының жайылымдылық жерлері тарылды
  6. Топырақ эрозиясы күшейді
  7. Жардің құнарлы қабаты желге ұшты
  8. Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды
  9. Пайдакүнемдер көбейді
  10. Ғалымдардың кең көлемде жерді игеру өзін өзі ақтамайды, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ескертулері еленбеді.

Пікірталас откеннен кейін, эксперт тобынын әр топқа  бағаларды беру, жақсы және нашар жақтарды ашу: (3 мин)

Мәліметтерді бекіту үшін: тапсырма

Оқушылар тақтаға шығып Тың игерудын салдарын жазады.

Жалпы қорытынды жасау.

               Үй жұмысы: & 22-23 оқу, тың игеру тақырыпқа эссе-шығарма жазу.