Қазақ хандығының басқару жүйесі мен әлеуметтік құрылымы

155

Қазақстан тарихы                                                    10 «А» сыныбы

Ашық сабақ

 

 Тақырыбы: Қазақ хандығының басқару жүйесі мен әлеуметтік құрылымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: IV-IVII  ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесін,ұлттық құрылымын,әкімшілік құқықтық нормалардың еререкшеліктерін көрсету.

Дамытушылық:Оқушыларды қазақ хандарының билігімен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан – жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын жетік білуге ұмтылу.Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: Оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс, ауызша баяндау.

Көрнекілігі: Слайдтар, кестелер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, құқық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.

ІІ.Өткен тақырыппен байланыс жасау. Ауызша  сұрап,қайталау сұрақтарын беру.

  1. Әбілхайыр ханға бас имей қарсылық білдіріп,көшіп кеткен,тұңғыш қазақ хагдығын құрған қай сұлтандар? Не себепті?
  2. Кімдер дербес қазақ хандығын құруға ұмтылыс жасап Керей мен Жәнібек сұлтандарды паналады? Неліктен?
  3. Керей мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алған қай хан?Оның түпкі ойы неде?
  4. М.Х.Дулати еңбегінде Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келген уақыты.
  5. Керей мен Жәнібектің Шу бойына келіп орналасқан уақыты.
  6. Керей сұлтан хан сайланған уақыт.
  7. Керей мен Жәнібектің туыстық жақындығы қандай?

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Қазақ хандығында15-16 ғ басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды.Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:

1.Ауыл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады.

2.Ата аймақжеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.

3.Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған.

4.Арысбірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.

5.Ұлысбірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен  шыққандар болды.

6.Жүзбірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін хан деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:)

7.Хандық – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған.

Қазақ ханын сайлау. XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет — салтына байланысты  сайланып қойылатын болған.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты.Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді.Осыдан соң хан отырған киізді, ханның хан сайланғанға дейін киген киімдерін жапырақтап кесіп, хан сайлауға қатынасқандықтарының белгісі ретінде үлестіріп алады.Жиналғандар ханның бүкіл малын бөлісіп алып үйлеріне тарайды.Мұндай дәстүр «ханталапай»  деп аталады….

15 ғ-ң екінші жартысынан бастап өалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды.Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сырқы жағдайынан дербес мемлекеттікке тән негізгі белгілерді анықтауға болады.

   Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.

XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа – феодалдар тобы мен қарашаға – қарапайым халыққа бөлінді….

   Билер кеңесі.Қазақ хандығында жазалау құқығы ханның және билер мен ру тайпа басшыларының қолында болды.Кейбір істі таларкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері шешкен.Куәгерлер болмаған жағдайда ант беру талап етілген.

XVII ғасырдағы мемлекет нышандары.

Ортаазиялық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғысхан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұқымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Қазақ хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан- мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер кеңес жұмыс жасады. 17 ғ билер институтының белсенділігі өсіп, олар күнделікті құқық, шаруашылық, әскери және идеологиялық істерді жүргізуде маңызды орынды иемденді. Хан сарайы жанында сенімді адамдардан құралған қарулы топ- төлеңгіттер ұсталды. Төлеңгіттер жекелеген ірі сұлтандар жанында да болды. Төлеңгіттер жекеленген ірі сұлтандар ішіндегі ең маңыздысы, әрине, халықтан алым-салық жинау.

        «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты заңдық ережелер, кейін оларды ауыстырған «Жеті Жарғы» қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды.

«Жеті Жарғы».

Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы «Жеті жарғы» өмірге келді.Ереже сол уақыттағы заман талабына бейімделген нұсқасы еді.Онда қоғамдық өмірдің мынандай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді.Ережеге құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде бап енгізілді.

Салықтар мен міндеткерліктер.

16-17 ғ-да Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.

Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола қалыптасуымен сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілері арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан болды. Сонымен бірге Тәуке ханның өлімінен соң ол мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтарында байқалды. Өте қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығы салдарынан қазақ қоғамы  тағы да феодалдық бытыраңқылық жолына түсті. Бұл жағдай, біріншіден, жоңғарлық басқыншылыққа жол ашса, екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясының отарлық тәуелділікке ұшырауына алып келді.

IV.Бекіту сұрақтар:

  1. Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы неше топқа бөлінеді?
  2. Қазақта хан сайлау дәстүрінің ерекше рәсімі қандай?
  3. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан қаланады?
  4. Жеті жарғыды қандай нормалар болды?
  5. Салықтың қандай түрлері болды?

V.Бағалау

VІ.Үй тапсырмасы:

  • 27. Қазақ хандығының басқару жүйесі мен әлеуметтік құрылымы.
  • «Жеті Жарғы»- қазақ мемлекетініңбірінші төл заңы» деген әңгіме сұхбат дайындаңдар