Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы

612

Сабақтың тақырыбы: Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік-оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған

жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және  бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру.

Тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына,                                                              адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы  құқықтары мен                                   міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

 Дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра                           отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру,                         заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде                          қолдана білуге баулу.

Сабақтың  түрі:Практикалық (семинарлық сабақ)

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың көрнекілік-құралдары: интерактивті тақта,слайд-суреттер, сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлау.

Үй тапсырмасын сұрау:

1.Қылмыстық құқық дегеніміз не? Ол қоғамдық қатынастарды реттей ме әлде қорғай ма?

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қай жылы шықты? Құрылымы неше бөлімнен тұрады?

3.ҚК-тегі құрылымы қандай элементтерден тұрады?

4.Гипотеза, диспозиция, санкция дегендеріміз не?

5.ҚК-тің 9-бабында мынандай анықтама берілген: “Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді”. Осы бап бойынша қылмыстың негізгі қандай төрт белгісі бар?

6.Р. деген азамат 1997 жылы 22 наурызда қарапайым ұрлық жасайды, бірақ 1999 жылы 29 желтоқсанда ұсталады. 1960 – 1998 жылдар аралығында әрекет етіп келген ҚК – те ұрлық үшін “3 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға” жазаланды деген. Ал қазіргі жазаны 175 – баптан қараңдар. Азамат Р. қандай ҚК бойынша жауапқа тартылады?

7.9-сынып оқушысы Айбар өзінің сыныптасы Әселдің қаламсабын білдіртпей алып кетті. Айбардың әрекеті қылмыс болып табыла ма? Қылмыс болса, қандай қылмыс немесе қылмыс болып табылмаса, қандай белгі жетпейді?

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Қылмыс объектісі
  2. Қылмыстың объективтік жағы
  3. Қылмыс субъектісі
  4. Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс дегеніміз – қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрініс тапқан кінәлі және жазаланатын іс-әрекет немесе әрекетсіздік болса, қылмыс құрамы сол әрекеттердің заңдағы белгілері – төрт элементтен тұрады:

Слайд-1                         “Қылмыс объектісі”

Қылмыс жасау кезінде тікелей

ықпалға ұшырайтын материалдық

және рухани заттар

 

 

 

Қылмыстың заты

Мысалға, автокөлікті ұрлап кетсе, оның иесінің меншік қатынастары қылмыс объектісі де

автокөлк – қылмыс заты

 

 

Егерде осы автокөлікпен жолдан тағы біреудің сиырын  ұрлап кететін болса, онда сиырдың иесінің меншік

қатынастары – қылмыс объектісі, автокөлік – қылмыс затына айналады

Бұл – қылмыс заттары

 

Енді рухани заттарға келсек

Мысалы, авторлық құқықты бұзып (ҚК 180 — бап) “әннің авторы менмін” деп басқа адам көп пайда көретін болса, ән қылмыс заты болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы бұл да қылмыс құрамының бір элементі.

Бір адам ұрлық жасауға бел байлап, ішінде кек сақтап жүр делік. Дәл осы сәтте оны жауапқа тартуға әлі ертерек, себебі санадағы ой әлі сыртта көрініс тапқан жоқ, демек, қылмыстың объективтік жағы деген элемент жеткіліксіз.

Қылмыстың объективтік жағы болса ол қылмыстың сыртқы, көзге көрінетін жағы. Әйтпесе, ойлаған ой жүзеге асырылмаса, қылмыс болып табылмайды.

Бірінші кезекте жүзеге асырылатыны, әрекет.

Слайд-2                               Қылмыстың объективтік жағы

Қылмыстардың объективтік жағына

қарай ажыратылуы

 

 

Ұрлық                                Тонау                       Алаяқтық

 

 

Бөтеннің мүлкін                      Иесінің н/е басқа              Бөтеннің мүлкін

жасырын түрде алу                адамдардың көзінше       алдау жолымен н/е

ашықтан-ашық                     сенімге қиянат

тартып алу                 жасау арқылы

талан-тараждау

Слайд-3

Әрекет нысандары

                Іс-әрекет                                                         Әрекетсіздік

Қылмыс жасау кезінде                                                    Заңда көрсетілген

субъектінің белсенді,                                                      жасалуға тиісті

саналы және ерікті  қимылы                                           әрекетті жасамау

Қылмыстық әрекеттерден туындайтын зардаптардан болатын

материалдық ж/е материалдық емес әр түрлі зияндар

 

Слайд-4                                             

Қылмыстың қоғамға қауіпті салдары

 

 

 

 

Саналы болатын себебі адам өзінің әрекетіне жауап бере

отырып жасау керек, олай болмаса, яғни есі дұрыс болмаса,

ол үшін жауапқа тартылмайды.

Ерікті болатын себебі еріксіз мәжбүрлеп жасалған әрекет

үшін де адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Әрекетсіздік те әрекет сияқты саналы мінез-құлық, бірақ ол

әрекет сияқты белсенді емес, керісінше әлсіз.

Қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет пен әрекетсіздік) пен қоғамға қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс зардаптардың дәл осы әрекет арқылы туындағанын көрсетеді. Мысалы, бір жігіттің миына операция жасалып, бас сүйегінің бір бөлігі алынып, орнына ештеңе салынбай тек терісі ғана қалдырылған. Сол жігіт көшеде басқа бір бейтаныс жігітпен ерегісіп қалады. Оның басында ондай “жараның” бар екендігін білмеген бейтаныс жігіт шиеленіс үстінде жұдырықпен жеңіл соққы береді. Нәтижесінде алғашқы жігіт тіл қатпастан қайтыс болады. Бұл жерде себепті байланыс жоқ. Өйткені соққы берген жігіт жәбірленушінің басында “жарасы” бар екендігін білген жоқ. Әрекеттің екі себебі бар: алғашқысы – басына жасалған операция, екіншісі – басына тиген жұдырық. Ал соққы беруші тек соңғы (қосымша) себепке ғана өз үлесін қосып тұр. Егерде ол операция туралы білген болса және әдейі ұрса, онда екі себепке де өз үлесі мен қатысын қосқан болар еді де, себепті байланыс бар деп есептелер еді.

             Слайд-5       Қылмыстың  субъектісі мен субъективтік жағы

Қылмыс субъектісінің белгілері
Қылмыстың субъектісі
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыстың заңда көрсетілген

(ҚК-нің 15 бабы)

белгілі бір жасқа толу

Қылмыс жасаған адам
ҚРҚК ң ерекше бөлімі  бабында көрсетілген қосымша белгілер(азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазым т.б)

 

 

 

 

 

 

 

Есі дұрыс адам болуы

тиіс, белгілі бір жаста        Бір күні кем емес 16-ға

болуы тиіс                  толған адам субъект бола алады

Қосымша белгілер:                                                          

“Азаматтық”: тек қана Қазақстан Республикасының азаматы жасай алатын қылмыстар бар: Отанға опасыздық (165-б.) немесе тек қана шетел азаматтары не азаматтағы жоқ адамдар жасай алатын қылмыста (166-б.)

Жыныстық белгі: зорлау (120-б.) тек ер адамадр жасайды (әйел адам әрекет жасаса, 121-б. болады нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттер);

Жас белгісі: кәмелетке толмаған адамады қылмыстық іске тарту (131-б.) тек кәмелетке толған адам жасайды;

Отбасылық-туыстық қатынасы: еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан жалтару (140-б.) тек қана күйеуі немесе әйелі ғана болуы мүмкін (бөтен біреу асырамаса, ешқандай жауапқа тарта алмаймыз);

Лауазымдық жағдайы және кәсіптік міндеттері: қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану ( 307-б.) тек қана лауазымды адам;

Әскери қызметке қатысына қарай: әскери қылмыстар (366-393 баптар) тек әскери адамдар.

      Слайд-6                   Үш қосымша белгілерден тұрады

 

Екеуі – интеллектуалдық (әрекетін ұғыну-ұғынбауын білдіреді).

Біреуі – еріктілік (зардапты тілеу-тілемеуін білдіреді).

 

 

Қылмыстың субъективтік жағы

Бір негізі

 

Кінә

екі нысаннан тұрады

қасақаналық                           абайсыздық

 

 

тікелей      жанама               менмендік       немқұрайлылық

Тікелей қасақаналық

Мысалы, 96-бапта келтірілген кісі өлтіруді алуға болады.

Айыпты адам жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұға отырып, өз әрекетінің қоғамға қауіпті екндігін ұғынады (1-белгі). Өз әрекетінің нәтижесінде адамның өліп қалуы мүмкін екендігін және негізгі денеге пышақ сұққан соң өлмей, тірі қалмайтындығын да көре біледі (2-белгі ). Жәбірленушінің қайтыс болғанын тікелей тілейді (3-белгі).

Жанама қасақаналық

Мысалы, адам автакөлікті айдап кетеді де, ғимараттардың қасына келгенде соңына полицияның түскендігін көріп, машинадан секіріп түседі. Автокөлік ғимараттардың қабырғасына соғылып, ауыр зардаптарға әкеліп соғады.

Абайсыздықтың екі түрі болады:

Менмендік

Мысалы, адам көзін байлап, басқа адамды тұрғызып, пышақ лақтырып, адамға тигізбей оның артындағы ағашқа қадайтынына сенімді. Солай істеп, көзін байлап пышақ лақтырады да өзі ойлағандай емес, адамға қадайды

Мұндай жағдайда адам өз әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екендігін көре біледі. Қоғамға қауіпті зардаптың туу мүмкіндігін көре біледі  2-белгі

Немқұрайдылық: қоғамға қауіпті екендігін көре білмейді, зардапты тілемейді.Мысалы, дәріхана қызметкері дәрігердің жазып берген рецептін дұрыс оқи алмай, “шамасы осы болар” деген болжаммен мүлде басқа дәрілерді беріп жібереді. Осының кесірінен сырқат адам қайтыс болады.Дәріхана қызметкері өз әрекетінің адамға зиян әкелуі мүмкін екендігін. Зардаптың тууы мүмкін екендігін көре білуге тиісті және көре біле алатын болуы керек.

Қосымша белгілер:      мотив, мақсат, эмоционалдық жағдай.

Мотив – дегеніміз ішкі түрткі.

Жай қарапайым кісі өлтіруден кек алу үшін жасалған кісі өлтіру қауіптірек.

Жай кісі өлтіруден пайда табу мақсатымен кісі өлтіру қауіптірек. Өйткені, оның бір белгісі (мақсат) артық. Кейде адам кісіні жайдан жай емес, қайтыс болған кісінің өзінің итермелеуімен өлтіруі мүмкін. Мұның қарапайым кісі өлтіруден айырмашылығы – бір белгісі артық, ол – эмоционалдық жағдай (аффект – қатты жан күйзелісі).

Қорытынды:

Қылмыс объектісі – ол қылмыстық заң арқылы қорғалған мүдделер. Қылмыстың объективтік жағы әрекеттің сыртқы көрініс беретін белгілер. Қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы оның ішкі жағын білдіреді. Қылмыс субъектісі есі дұрыс он алтыға (он төртке) толған адам ғана болады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Оқашев қала сыртындағы қоқысты аралап жүріп, одан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды, қылмыс объектісі бар ма?
  2. Хирург Жүнісов ауыр жарақатпен келген ауруға көмек көрсетпегендіктен ол қайтыс болды, бірақ осы уақытта хирург денешынықтыру жұмыстарымен айналысып жатқан болатын.

Жоғарыдағы мысалда әрекетсіздікпен жасалған қылмыс бар ма?

  1. Есі дұрыс емес Нұрымовты Саламатова атты әйел ұрлық жасауға жұмсайды. Қылмыстың субъектісі болып кім табылады?
  2. Қойшы Садауов түнде қасқырды қорқыту үшін аспанға мылтық атуды әдетке айналдырған. Кезекті бір күні ол мылтық атуға далаға шықса, дала тас қараңғы күйде болады. Қойшы “ауылда осындай қараңғы түнде ешкім жүрмейді ғой”, — деп есептеп, мылтықты аспанға емес, төмен салып атады. Таңертең оқ сол маңайда мал іздеп жүрген Тұрғанбаевқа тигендігі анықталады.

Әрекет қасақана жасалды ма, әлде абайсызда жасалды ма?

Сөзжұмбақты шешу

Бағалау.

Үйге тапсырма: § 23. ҚР-ның Қылмыстық құқығы авт. А.Ағыбаев 55-57 беттер.