Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

165

Ақмола облысы, Қорғалжын  ауданы, 

Үшсарт негізгі мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Омаров Дәуренбек Мажитұлы

 

Ұстаздың басты мақсаты — оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.Әртүрлі тапсырмаларды, ойын элементтерін,әдістемелік құралдарды пайдалана отырып сабақтың сапасын көтеруге болады.Сондықтан осы сабағымды өткізу барысында шағын жинақты мектептің 5,6- сыныптарында мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту (Г.Қ.самағұлова,Б.Қ.Тұрмашева,Ж.И.Аяпова,А.О.Қайбалдина,Ж.Көбенов) әдістемелік құралын және 6 сынып ежелгі Қазақстан тарихы оқушының жұмыс дәптерін (Герке С.Ф.,Дюжикова М.А.,Изверова А.Г.) пайдаландым.

 

 

Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

 

Мақсаттары:

1.Білімділік:Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мағұлмат беру.

2.Дамытушылық:Оқиғаларға өздігінен талдай жасау білуге үйрете отырып, оқушылардың өзіндік ой-пікірін,көзқарасын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Сақ тайпаларының жауынгерлерінің ерлігімен таныстыру арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірталас, тест жұмыстары

Көрнекілігі:. Алтын адам картинасы, слайд,тәуелсіздік монументі, карта.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

а)Сұрақ-жауап.

3.Жаңа тақырып

Кіріспе бөлім.

Мұғалім сабақты оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Томирис» (А.Дүзелхановтың картинасы) «Алтын адам» картиналарымен жұмыс жасаудан бастайды.

Қосымша деректер.

Бірінші «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылған.Б.з.б. ІV ғасыр жәдігері.Зерттеуші археолог-ғалым Кемал Ақышев.

«Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.Қазіргі таңда бұл бейне Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр.Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпар елтаңбадан орын тапқан.

Екінші «Алтын киімді адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды.Б.д.д. ІІІ Ғ. жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтырдың көсемі.Оған дәлел – көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері.Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев.Үшінші «Алтын киімді адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғаннан табылды.Бұл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі,археолог-ғалым Әбдеш Төлеубаев.

 

Сақ қоғамы топтарының атын жаз,сол топ өкілдерінің киімінің түсі қандай болғанын көрсет.

 

             

 

 

Сақ қоғамы (мүлік теңсіздігі)

1-топ: жауынгерлер («ратайштар», «арбада тұрғандар» деп атаған) қызыл түсті киім киген.

2-топ:абыздар (танымал белгісі – тостаған мен айрықша бас киімі болған) ақ түсті киім киген.

3-топ: қауым мүшелері («сегізаяқтылар» деп атаған, бұл соқаға жегетін екі өгізі бар дегенді білдіреді) сары,көк түсті киім киген.

Шаруашылығы:

көшпелі мал шаруашылығы – жылқы өсірді.

Жартылай мал шаруашылығы – балық аулады.

Отырықшы мал шаруашылығы.

Тілі: шығыс ирандық.

Мәдениеті: «Аңдық стиль»; Зергерлік өнер; Ағаш бұйымдар;Метал өңдеу.

Діні:

Анимизм— негізгі ата-баба аруағына сыйыну.

Тотемизм-мәйітті сақтау үшін бальзамдау,мумиялау.

Магия— мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу.

 

Негізгі бөлім.

1.Кир әскерінің басы кіруі

2.Шырақтың ерлігі

3.Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

 

«Тарих шашырандысы» жұмбағын шеш.

 

Кир
Томирис
Шырақ
Спаргапис
Дарий
Александр Македонский
Спитамен
Полиэн
Сақ тайпаларының патшайымы
Сақ көсемі
Рим тарихшысы
Сақ патшайымы Томиристің ұлы
Арриан
Скунха
Геродот
Македония патшасы
Парсы патшасы
Грек-македон басқыншыларына қарсы күрес жүргізген.
Ежелгі грек тарихшысы
«Тарихтың атасы»
Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен бақташы
Помпей Трог

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сараптау бөлімі.

1-тапсырма.Оқулықтан сақтардың жауынгер халық екендігін білдіретін сөйлемді тауып, оқу.

2-тапсырма.

Не таңқалдырды ? Неге?
Томиристің Кирдің басын кесіп алып,қан толы торсыққа батырып «Сусының қанғанша іш» дегені 1.Әйел бола тұрса да,баласы үшін кек алуы.

2.Әйел ананың осындай іске баруы.

 

3-тапсырма.Картамен жұмыс.

Александр Македонский жорығын картадан көрсету.

 

4- тапсырма.

Кестені толтыр.

 

Не болды деп ойлайсың? Қандай дәлелің бар? Не болады?
1 Томириске келіп елші хабарды айтады.Томирис келіспеуі мүмкін. Кирге сақтардың жері керек екенін түсінеді

Себебі:Томиристің өзі патшайым.

Кирдің ашулануы мүмкін.Қайта елші жібереді.Не болмаса соғыс ашам деп қорқытуы мүмкін.
2 Үлкен әскермен келу Сақтардың жауынгер халық екенін біледі. Сақтар жеңеді.

 

5-тапсырма.

«Тарихи бас қатыру» ойыны.

Шарты:Төменде тарихи тұлғалардың аты-жөні келтірілген.Онда әріптер тәртібі бұзылған.Сонымен бірге әрбір сөзде басы артық әріп бар.Берілген адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі, ал артық әріпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек, дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда таңы бір тарихи адамның есімін оқуға мүмкіндік береді.

 

Ш — ИРКШ      КИР  

Ы—  ИСИРМТОЫ – ТОМИРИС

Р – ПАСПАРГИСР  —  СПАРГАПИС

А- АИРИАД  —  Дарий.

Қ-ҚРДАЛЕНАСК – Александр

 

 

Үйге тапсырма.

«Сақтардың ерлігі» тақырыбына эссе жазып келу.