Қола дәуірінің негізгі сипаты

66

Сабақтың тақырыбы:  Қола дәуірінің негізгі сипаты

Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде  жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.
  • Қола дәуірі туралы білімдерін толықтыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
  • Тарихи құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас,интерактивті

Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, талдау

Қосымша деректер « Ә.Х. Марғұлан»

Көрнекілік:слайдтар,сызба.карта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру : Оқу құралын тексеріп түгелдеу,оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сыныпты үш топқа бөлу 

Ітоп- Палеолит,

ІІтоп – Мезолит ,

     ІІІтоп- Энеолит

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: « Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі» Әр топ  интерактивті тақтада берілген сұрақтарға жауап беру

-Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?Палеолит ?

— Тастан жасалған негізгі құралдарды ата.

-Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

— Дін қалай шықты? Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Кіріспе. Тарихта қандай тарихи дәуірлерді білесіңдер Қола дегеніміз не?

  • Қандай металл?

Оқулықпен жұмыс:

1.Өндіріске металл-құрал саймандардың енуі.

2.Андрон мәдениеті туралы мәлімет

3.Беғазы -Дәндібай.

Жаңа сабақты бекіту:Кестемен жұмыс

Тарихи  шеңбері Б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар
Алғаш табылған жері Оңтүстңк Сібірдегі Ашынас қаласы
Көп қоныстанған жері Орталық Қазақстан
Баспанасы Жертөлелер
Қоғамдық құрылысы Әкелік ру

 

 

 

Картамен жұмыс. Қола дәуірінің ескерткіштері табылған аймақтар

Хронологиялық датамен жұмыс.

 б.з.б. 2800 жыл –б.з.б. 900 жыл қола дәуірі аралығын қамтиды.

б.з.б 2-1мыңжылдықтар қола дәуірінің тарихи шеңбері

Қосымша деректермен жұмыс: « Ә.Х. Марғұлан»

Ә.Х. Марғұлан (1904-1985ж)- әйгілі ғалым , фольклоршы, тарихшы, этнограф,археолог. Отандық археолгиялық мектептің негізін салушы. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары мен обаларын зерттеген. Сол кездегі өмір сүрген тайпалардың мәдени ескерткіштерін зерттеген.

Ә. Марғұлан « Орталық Қазақстаннның Беғазы –Дәндібай мәдениеті»  аттты еңбегң үшін 1982 жылы Мемлекеттік сыйлық алды.

300 аса ғылыми мақалалар жазған.

 ІҮ.Қорытынды                

  • -. Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?Сырт бейнесі туралы В.П.Алеексеев қалай сипаттайды?

Ү.Бағалау:

ҮІ.Үйге тапсырма: §8.