Қалалық сәулет өнері.

80

19.ІІ.2014жыл         7- сынып      Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.

 

Сабақтың  тақырыбы: §34  Қалалық сәулет өнері.

 

Білімділігі:XIV-XV ғасырлардағы Қазақстаннның сәулет өнері туралы түсіндіру. Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі білімді,ғылымды меңгеріп, артына өшпес із қалдырған ғұламалардың ескерткіштерімен таныстырып,оқушыларға мәдени мұра құндылығы жайында мәлімет беру.

Дамытушылық:

а) Жүйелі ойлау мен талдай білу;

ә) Оқушының жан-жақты іздене білуін қалыптастыру;

б) Бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

в) Еркін сөйлеп,ойын жеткізе білуге үйрету;

г) Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Тәрбиелік:

а) Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру;

ә) Тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға,қорғауға,қасиет тұтуға тәрбиелеу;

б) Эстетикалық талғамын қалыптастыру;

в) Рухани байлығын көтеруге жетелеу;

г) Отанымыздың мәдени мұрасын қастерлеп,бағалай білу;

д)Имандылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

а) Миға шабул

ә)Кіші топпен жұмыс.

б)Деректермен жұмыс.

в) Пікір алысу, Венн диаграммасы,сәйкестендіру.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,құқықтану, география.

Сабақтың көрнекіліктері:Суреттер,кітаптар,карта, бейне жазба,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

1.Викториналық сұрақтар:Материалдық мәдениет

бойынша сұрақтар:

  1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

2.ХІҮ-ХҮ ғ. материалдық мәдениетке нені жатқызуға болады?

Ж:Материалдық мәдениетке-киім-кешек,еңбек құралдары,құрал-сайман,ыдыс-аяқ.

3.Киіз үйдің қандай түрлерін білесің?

Ж:6 қанатты үй, 12 қанатты, 36 қанатты7

4.Қазақтың киім кешектері негізінен неден жасалған?

Ж:Жүн мен теріден,матадан жасалған. Сол сияқтытеріден және жүннен аяқ киімдер тіккен.

5.Қандай тағам түрлерін білесіңдер?

Ж:Негізгі тамақтары сүттен, еттен,дәнді-дақылдардан жасалған.

Сүт тағамдары-айран, май, ірімшік, қатық шұбат, қымыз т.б

6.Қандай құрал-сайман түрлерін білесіңдер?

      Ж:Ер-тұрман, жүген құрық, арқан, желі, көген сияқты құрал-жабдықтарды пайдаланған. Қар-жарақтың садақ, найза,қылыш,шоқпар сияқты түрлерін соғыс жағдайында қолданған.

Рухани мәдениет бойынша сұрақтар:

1.Рухани мәдениет дегеніміз не?

Ж: Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан-дүниесінің көрінісі. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз-әдебиеті, аңыз,қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.

2.Фольклор дегеніміз не?

Ж: Ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар эпостық жырлар жатады.

3.Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ж: «Ер төстік», «Жоямерген», «Керқұла атты Кендебай», «Құламерген» т.б.

4.Қандай эпостық жырды білесің?

Ж: «Қобылынды батыр» жыры.

5.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырлар?

Ж: «Ер тарғын», «Орақ-Мамай», «Ер Қосай», жырлары елін-жерін жаудан қорғаған батырлар бейнесін жырлайды.

6.ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы қыпшақ тілінде жазылған туындылар?

Ж: «Кодекс-Куманикус», «Оғызнама», «Жүсіп — зылиха», т.б.

7.Қандай күйлерді білесіңдер?

Ж: «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр» тәрізді күйлер.Алтын Орда дәуірінен келе жатқан «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» сияқты  күй аңыздар  халқымыздың  музыка өнеріндегі  асыл қазыналары.

8.Адамдар ислам дінін қабылдағанға дейін неге сенген?

Ж: Отқа, суға, көкке, пұтқа, тылсым күштерге табынған.

9.ХІҮ ғасырда  қандай хандардың  тұсында ислам дінінің таралуына көңіл бөлінген?

Ж: Өзбек хан, Тоғылық Темір хан (Моңғолдардың тұсында)

10.Дін дегеніміз не?

Ж: Адамдарды ізгілік пен шындыққа жеткізген заңдар жиынтығы.

11.“Ислам діні” атты мақаланы кім жазды?

Ж: Шоқан Уәлиханов

12.Тасаттықты не үшін берген?

Ж: Қуаңшылық жылдырда тәңірге сиынып, «тасаттық» ырымы жасалған. Қасиетті бұлақ басына ақ құйып және мал сойып, қанын суға ағызған, көктен жаңбыр сұрау да әлі күнге дейін ел арасында  орын алған.

 

 

13.“Бойтұмар” дегеніміз не?

Ж:Тіл көзден сақтайтын белгі зат. Ол негізінен киелі аң құстың тісі, тырнағы,қауырсыны түрінде болып келеді.

2.Венн диаграммасы арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

 

Материалдық мәдениет ерекшелігі ОРТАҚ БЕЛГІСІ Рухани мәдениет ерекшелігі
—         Ою-әшекейлер

—         Үй жиһаздары

—         Тұрмыстық ыдыстар

—         Ұлттық киімдер

—         Құрал-саймандар

—         Қару –жарақтар

—         Тағам түрлері

— мәдени игіліктердің жасаушысы

— мәдени жетістіктерге жетелеуші

—         Біріне-бірі тәуелді

—         Бірін-бірі жетелей дамытушы

—         халықтың рухани қазынасы

—         Әдет-ғұрып

—         Салт-дәстүр

—         Ауыз әдебиеті

—         Қиял ғажайып әңгімелер,ертегілер

—         Діни наным-сенімдер

—         Музыка өнері

—         Би өнері

 

3.Жаңа сабақтың тақырыбы: Қалалық сәулет өнері.

  1. Арыстан-баб кесенесі.
  2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
  3. Көккесене күмбезі.
  4. Алаша хан кесенесі.
  5. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі.
  6. Монша туралы.
  7. Қолданбалы өнер.

Миға шабуыл:

  • Сәулет өнері жайлы не білесіңдер?
  • Кесене туралы түсінігіміз қандай?

Мұғалімнің жауабы:

  • Сәулет (архитектура)- латын сөзі.Жобасы күрделі, биік, әсем салынған сәулеттік ғимарат;
  • Кесене- белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс;

 

Кіріспе сөз

Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырларда  Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді. Оның басты себебі Тараз қаласының маңындағы Айша бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындыларына ХІІІ ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы үлкен нұқсан келтірді.ХІІІ-ХІҮ ғасырларға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандануы нәтежиесінде  ХІҮ-ХҮ ғасырларда  ірі сәулет құрылысы басталды.

Қане, балалар, сәулет өнеріндегі қандай кесене, мазарларды білесіңдер? Балалар жауабын тақтаға жазады.

1) Айша-бибі.

2) Бабаджа-қатын кесенесі.

3) Баба-ата мешіті.

4) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

5) Арыстанбаб кесенесі.

6) Алаша хан кесенесі.

7) Көккесене

8)Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі

Енді, балалар, біз, ХІҮ-ХҮ ғасырларға жататын кесенелерді өтеміз

Ерекше белгілерді қойып, картадан көрсетейік.

  • Арыстан баб кесенесі – Отырарда;
  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі- Түркістанда;
  • Алаша хан – Ұлытау ауданында;
  • Көккесене – Сығанақта;
  • Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі – Түркістанда;

Енді,балалар,осы кесенелер туралы көп мәлімет алу үшін сендерді 5 топқа бөлемін. Әр топ арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіземіз

 

Сұрақтар:

1) Сәулет ескерткіштері қай ғасырда салынған?

2) Орналасқан жері ол жайлы түсінігің?

3) Кесене кімге арналған?

4) Кесененің құрылыс жүйесі қандай?

 

Енді оқушылар,өздеріне берілген деректермен танысып, сұрақтарға жауап береді.

1-топ. Арыстан баб кесенесі туралы мәлімет алады

Арыстан баб кесенесі Отырар қаласының батыс жағында 3 шақырым қашықтықта  Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.Арыстан баб ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген.Қожа Ахметтің рухани ұстазы болған.Ол Отырар, Сайрам, Иассы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы.

Кесене дәлізхана,мешіт,құжырхана,азан шақыратын мұнара сияқты жеке  бөлмелерден құралған. ХІІ ғасырда (1327жылы арабша) салынған.

Ол әулие Ислам дінін уағыздаған. Онда дүние мен мансап, қиянат атаулының бәрінен  қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан  айныма деген уағыз айтады.

Мұғалім: Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында  жергілікті  халықтың қаражатымен  Меккеге қараған есігі Түркістанға әзірет сұлтанға бағытталып қайта жөнделді.

Ал,енді келесі кесенеге тоқталамыз.

2-топ. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі  туралы деректер алады.

Қожа Ахмет Яссауи – Түркістандық. Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Исфиджабта атақ-даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы – Шейх Ибраһим. Анасы Мұса Шейхтың қызы Айша (қазақтар оны Қарашаш ана дейді)

Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы – Арыстан баб.Ұстазы қайтыс болғаннан кейін Бұқараға барып  Орта Азияда атақты  сопылықты уағыздаушы шейх Юсуф Хамадамиден білім алады. Ол Ислам дінін таратқан.

Қожа Ахмет Яссауи  Тәжік-парсы әдебиетінің  үлгісін тастап, түркі тілінде күрделі шығарма жазған.

Ол «Диуани Хикмет» кітабында қатыгездік, сараңдық, дүниеқұмарлыққа қарсы шығады. Сопылық ілім жолымен ол баюға,жеке бас  мүддесінің құлы болуға ұмтылатын діни қызметкерлерге қарсы шықты.Ахметтің ойы бойынша шындықтың жолы – құдай жолы.

Қожа Ахмет Яссауидің «Көңіл айнасы» атты шығармасы Швецияның Упсала қаласындағы Университет кітапханасының ескі жазбалар  қорында сақтаулы.Көлемі  534  парақтан тұрады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесін Түркістан қаласында 1397жылы Самарқан әмірі Темір тұрғызды. Ақсақ Темір көшпелі түркі тайпаларының   ислам дініне үндеген  әмірі болғандықтан, Яссауи кесенесін салуға үлкен мән берген.Кесенені Иран елінен алдырған сәулетші Мәулен Ғұбайдолла Садыр деген кісі салған. Бұл өте күрделі кешенді ғимарат.Кесене жалпы 35 бөлмеден тұрады.

Кесененің ішкі құрылымы:

  • Негізгі бөлігінде –Тайқазан;
  • Ахмет Яссауи жатқан көрхана;
  • Үлкен ақ сарай;
  • Кіші ақ сарай;
  • Мешіт;
  • Кітапханадан тұрады.

Биіктігі 37, 5метр. Қабырғаларының қалыңдығы – 3 метр, ені – 46,5метр, ұзындығы —  65 метр.Кесененің сырт қабырғалары  геометриалық бейнедегі  өрнектермен және қасиетті Құран аяттары жазылған тақталардан тұрады.

Мұғалім:ХҮІ ғасырдан бастап кесененің жекеленген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйегі қойыла бастады. Онда Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, тағы басқа белгілі адамдар жерленген. Кесене ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына енгізілген.

Кесенеде Тайқазан бар.Бұл қазанды 1399жылы Тербиз (Иран) шаһарының ұстасы Әбділ Әзиз ибн Саруараддин Қарнақта құйған.7 түрлі металдан жасалған.

Бұл Тайқазанда жұма күндері намазға келген  діндарларға тәтті  су және жетім – жесірлерге,қаріптерге арнап ас берген.

Бүкіл халықтың басын қосып адамдықты,адамгершілікті уағыздаған.

3-топ. Көккесене туралы деректер алады.

Көккесене Сығанақ қаласының маңында орналасқан. Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан. Кіре беріс арқасы сүйірленіп, өте сәнді жасалған.Кесене ХІҮ ғасырдың орта шенінде тұрғызылған. Бұл күмбезден жабылған Әбілқайыр ханның салтанатты қабірі. Кесене 8 қырлы, 16 қырлы барабан және сүйір шатырлы күмбезден жасалған.

Сыртқы жағы геометриялық өрнек жасайтын ақ,көк және  көгілдір түсті  кірпіштермен қапталған.Кесененің құрылыс жүйесіндегі өрнек  үлгілері Орта Азия  сәулет өнерінде кездеспейді.

4- топ. Алаша хан туралы деректер алады.

Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына  салынған.Қазіргі Жезқазған облысында.

Алаша хан кесенесі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалды.Оның іргетасы текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты  сықырлауық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы  өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар өрілген.

Сыртында кереге көзді кілем тәрәзді өрнегі бар. Кесененің құрылыс жүйесіндегі  үлгілер Орта Азия  сәулет өнерінде кездеспейді.

Бұл ғимараттың ерекшелігі үстіңгі барабанды айналып өтетін екінші қабаты болады. Оған үйдің ішімен шығатын басқышпен көтеріледі. Аңызға қарағанда осы күмбезді салушылар оны атына лайықтап алаша -кілем түрімен нақыштаған. Мұнда таңдай қиықша, үшкіл, жұлдыз, гүл, түкті кілемнің түріндей  өрнектелген.

5- топ. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі  туралы деректер алады.

Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі  ХІҮ-ХҮ ғасырларда салынған.Қазіргі Түркістан қаласында.Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің оңтүстік шығысында 60 метр жерде орналасқан.

Рабиға Сұлтан Бегім 1485жылы қаза болған. Ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы. Әбілқайырдың  (Шайбани хан тұқымы) әйелі. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін 16 жыл қаза тұтқан, кейін Түркістанда қайтыс болған.

Кесене 5 бөлмеден тұрады. Кесененің қас беті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған. Үйдің дөңгелек  пішінді ортақ бөлігі күмбездеп жабылған. Сағананың ала күмбезін сүсір ұшты аласа 8 арка тіреп тұр.

Монша туралы мұғалім мәлімет береді

ХІҮ-ХҮ ғасырларда Түркістанда, Отырарда,Таразда монша табылған.

Отырардағы монша.ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі-ХҮ ғасырдың  басындағы монша қазылып табылды.Моншаның жалпы көлемі – 163.5 шаршы метр, 10 бөлмеден тұрған. Олардың ішінде шешінетін жер, буға түсіп массаж жасайтын 2 бөлмесі бар.Залдың жуынуға арналған бөлмесінде «ыстыққана» мен «суыққана» кіретін бөлме болған.Құдық суын пайдаланған,ыстық өткізетін құбырлармен қыздырылған. Суға шомылған кезде қолданатын бірнеше ерітінді пайдаланған. Ол өсімдіктерді, күкіртті, күлді қайнату арқылы алынған.Онымен қатар темір, кварц, тотияйын да пайдаланылған.

Монша оттықпен жылытылған. Лас сулар су құбырлары арқылы сыртқы шұңқырға құйылатын болған. Монша күйдірілген кірпіштен салынған.

Отырардағы монша үлгісіне ұқсастырып Түркістандағы, Тараздағы монша салынды.

Моншаның жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас.Қазақстанда 500-ге  жуық монша болған. Осы монша үлгісінде Алматыдағы «Арасан» моншасы салынған.

ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет ескерткіштері қалай безендірілді, әшекейленді және сәулет құрылысын салуда  қандай шикізат пайдаланылды?

Құрылыс материалдарының соншалықты сапалы болуы жеріміздегі сәулет өнерінің  орта ғасырларда биік деңгейде  болғанын дәлелдей түседі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Бекіту сұрақтары:
  2. «Сәйкестендіру» тапсырмасы (кестемен жұмыс)

 

 

Арыстан баб Қожа Ахмет Яссауи Алаша хан

кесенесі

Көккесене Рабиға Сұлтан Бегім монша
16, 13

 

2, 5, 7 4, 8, 9 3,  6 10, 12 11

 

  1. Қожа Ахметтің рухани ұстазы — …

(Арыстан баб)

  1. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кешенді кесене — …

(Қожа Ахмет Яссауи )

  1. Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене — …

(Көккесене)

  1. Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан кесене — …

(Алаша хан)

  1. Ішінде кітапхана салынған кесене — …

(Қожа Ахмет Яссауи)

  1. Алаша хан кесенесіне ұқсас кесене — …

(Көккесене)

  1. Атақты адамдар жерленген кесене — …

(Қожа Ахмет Яссауи)

  1. Орта Азияның сәулет өнерінде кездесетін ерекше өрнекті кесене — … (Алаша хан)
  2. Далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған кесене — …

(Алаша хан)

  1. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратының шығыс жағында орналасқан кесене — …

(Рабиға Сұлтан Бегім)

  1. Көпшілікке арналған сәулет құрылысы — …

(монша)

  1. Ұлықбектің қызы — …

(Рабиға Сұлтан Бегім)

  1. 13. ХІІ ғасырда салынған кесене — …

(Арыстан баб)

 

Ү. Қорытынды.

 

       Сонымен ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы  сәулет өнеріндегі ескерткіштердің тарихымен таныстық.Қазақстан Республикасы Конституциясының  37- бабында айтылғандай, әр азамат тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Мәдени — мұра» бағдарламасы бойынша тарихи ескерткіштерді, мәдени мұраларды зерттеуге тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда  әлем деңгейінде зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

 

ҮІ. Үйге тапсырма: §34 XIV-XV ғасырлардағы сәулет ескерткіштері бойынша реферат жазу.

 

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.