ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар

99

Тақырыбы: ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы.әкімшілік-аумақтық реформалар

Мақсаты: а) ХІХ ғ 80- 90 жж. патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік

                       реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралы

мағлұмат беру

ә) XIX ғ бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір – бірімен

                      байланысын, ерекшеліктерін айыра білу арқылы оқушылардың ойлау

қабілеттерін дамыту

б) Реформалардың отаршылдық мазмұнын айта отырып оқушыларды

                     отан сүйгіштікке  тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сын тұрғыдан ойлау технологиясы элементтерімен, электронды тестілеу

Көрнекілігі: слайд, карта, кесте.

Пән аралық байланыс: география

Барысы:                                           1.Ұйымдастыру

                                                           2.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ресей неліктен Қазақстанды Қытаймен саудада транзиттік аумақ ретінде

пайдаланды?

  1. 1881 ж. Петербург келлісіміне дейінгі Қытай-Ресей саудасының даму жағдайын

баяндаңдар?

  1. Қытаймен саудада басты роль атқарған қалалар ?
  2. 1881ж. Петербург келісімі бойынша Ресей мен Қытай саудасының Қазақстанға

тигізген әсерін сипаттаңдар?

Электрондық тестілеу   — (10 сұрақ – 1 сұраққа-15 сек.)

 

3.Жаңа сабақ барысы

ХІХ ғ 80-90 жж. реформаның мақсаты— ХІХ ғ 60 жылдары жасалған реформаларды заңдастыру болды.

1886 ж 2 маусым «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы» ереже

1891 ж 25 наурыз «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ереже қабылданды. Оған ІІІ Александр патша қол қойды.

Топтық жұмыс (кесте, корточка)

  • 1867-68 жж ереже бойынша Қазақ жері 3 генерал-губернаторлықтан тұрған еді. Басқару ісін одан әрі оңтайландыру үшін 1886 жылғы ереже бойынша Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Өлкенің басқару орталығы – Ташкент қаласы болды.

1891 ж ережеге сәйкес бұрынғы Батыс Сібір және Орынбор генерал-губернаторлықтары Дала генерал-губернаторлығына бірікті. Оған Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстары кірді.Орталығы – Омбы қаласы болды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына қосылды.

 

  • 1891 жылғы ереже бойынша сот істері өзгертулерге ұшырады. 17 баптан тұратын бұл жаңа заң, негізінен Ресейдегі үстем тап өкілдерінің және Қазақстандағы отарлаушы әкімшілік пен ақсүектердің мүддесін қорғады

Ол бойынша:

а) Бітістіруші сот -облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады.

 

ә) Соттардың төтенше сьезі -уездік, болыстық тұрғындарға қатысты

мәселелерді шешті.

б) «Халық-соты» -мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны

болды. Бұл арқылы Қазақстанда бұрынғы билер соты жойылды.

 

3)  Ереженің отаршылдық белгісі ашық түрде көрінді.

Ереженің 119 бабында: «Игерілген және игерілмеген жерлер де Ресей мемлекетінің меншігі» деп жарияланды.

137 бапқа сәйкес көшпелі халықтық әрбір шаңырағы 4 сомнан ақшалай салық төлеуге міндетті болды. Шаңырақ санағы 3 жылда 1 рет жүргізілуге тиіс болды. Бұл мал шаруашылығына нұсқан келтірді. Артылған жерлер қоныс аударушыларға бөлініп берілді.

 

1867-1868 жж. реформа бойынша қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді

1886-1891 жылдардағы рефоманың нәтижесі:

1) ХІХ ғ 20 жылдарында басталған ережелердің заңды жалғасы болды;

2) Басқару жүйесіне жаңашылдық енгізудің соңы болды;

3) Қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды;

4) Қазақстан Ресейдің түпкілікті және ажырамас отарына айналды.

Сергіту сәті:Орнымызда тұрайық,

Қолды белгеқояйық

Алға қарай бір адым2

Артқа қарайбір адым2

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.

 

 

 

  1. Бекіту кезеңі:

1 топ. 1822-24 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жылдардағы «Ережелердің» басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

2 топ. 1867-1868 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жж. «Ережелердің» басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар?

3 топ. Бүгінгі сабақ бойынша «Ережедегі» негізгі өзгерістерді кесте түрінде бейнелеп, түсіңдіріңдер?

 

5.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.

                              сұрақтарды орындау.

                              Семантикалық карта толтыру.

 

 Сот өзгерістері Шаңырақ салығы облыс округ ауыл 3 сатыл басқару 2 ген. -губ.  

 

Ережелер

3 ген. — губ. 5 сатылы басқару болыс уезд Дистанциялық  басқару Хандық  билікті жою Халық санағы
+ + + + + 1822-1824 + + + +
+ + + 1867-1868 + + + +
+ + + + + 1886-1891 + + + +

 

  1. Бағалау кезеңі