Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде алашордашылар еңбегінің ролі

48

Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде алашордашылар еңбегінің ролі

Мақалада  «Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде алашордашылар еңбегінің ролі

»  туралы жазылған. Мақала 4 беттен тұрады. Соңында  пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Қазақстан Респаубликасының білім туралы заңында :  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды  тәрбиелеудегі ой өрісін дамытуда сапалы білім беру мәселелері жан-жақты қарастырылған.

Сонымен бірге , елбасы Н.Ә.  Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде  «Тәрбиенің түп мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру» -деп тұжырым жасаған. Сондықтан да белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек мұратын білдіруші де, оларды жүзеге  асыру үшін де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар ізінен сабақ алу –бүгінгі ұрпақтың ісі.

Ия, «бүгінгі ұрпақтың назарын өзінің атқарған қызметіне барынша көңіл аударуда олар несімен құрметті?»- дейтін сұрақ өзінен өзі туындайды.  Қоғамның  бір орталықтан басқарудың жүйесін мықты ұстанған  И.В. Сталиннің диктаторлық саясаты, Қазақ өлкесін басқаруды қолға алған Ф.И. Голощекиннің зорлық-зомбылығы т.б. жаңадан қалыптасып келе  жатқан тоталитарлық жүйемен күрескен Алаш қайраткерлерінің ерлік істеріұшан теңіз. Адамзат қоғамының табиғи  болмысы  сондай-ақ кез-келген халықтың өзін-өзі  тануы, әрбір тарихи кезеңдерде алда тұрған кезекті міндеттерін анықталуы алдымен зиялылар қызметі арқылы жүретіні мәлім. Оған дәлел,Алаш партиясының жетекшісі М. Дулатовтың халқымыздың ұлттық ар-ожданы ояу болуын ұғындырудағы Семейде «Оян қазақ!» -деп жар салып әрбір губернатордың  түн ұйқысын төрт бөлген үні.

С. Меңдешов пен Н. Нұрмақов  Ф.И Голощекиннің қазақ жерлерін Орынбор губерниясына қосу талабына қарсы мынандай уәж айтады: «егер Орталық жеке аудандардың тағдырын оның ұлттық құрамына  қарай өз еркінше  шеше беретін болса, онда болашақта  Қазақстанның сақталып қалуы мүмкін емес». Немемсе , Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж. Мыңбаев : «Мен өзім орталық мекемелердің орыс шаруаларының мүддесіне қамқорлығын әлденеше рет байқадым…. Неге сіздер қазақ шаруалары Қазақстан өкіметіне талаптар қоя алмайды деп ойлайсыздар? Егер  білгілеріңіз келсе қазақтардың жағдайы нашарлай түсуде. Олар:  «Біздің жерімізді неге алып жатыр» -деп сұрайды. Біз болсақ ол жердің тұрғындарының  басым бөлігі орыстар дейміз, ал ақиқаты, шынымен солай ма?..»  Сол сияқты , Ф И. Голощекиннің Т. Рысқұловқа «Культуррегерство»- дегенге  не айтасың? Көшпенділер шынында  әлі цивилизациядан алыс екені өтірік емес қой-дегеніне  Т. Рысқұлов батыл жауап қатып: «Цивилизация дегенінің өзінде көп сұрақ бар, жолдас Голощекин,- әуелі мәдениетті деп кімді айтамыз? Галстук тағып, шаш қойған адамды ғана ма? Сіз айтқандай, қазақтар жабайы емес! Орысша оқығандары да бар, ал мұсылманша оқығандар екінің бірі. Әлдемұсылманша цивилизацияға жатпай ма?»- деген сұрақты өзіне қайыра қояды.

Қазақта «Күн түспеген жер көгермес, көсемі жоқ ел көгермес» ,- деген сөз бар. Сол бір қазақ үшін аса қайғылы , Голощекин геноциді құзғын қарғадай  жемтік іздеген жылдары  «айрылған ел –азатынын, қосылған ел озатынын»

Жақсы түсініп, қазақтардың босқынға айналып, азып кетуден сақтау үшін  қолынан келгеннің бәрін  істеген Т. Рысқұлов та қазақ халқының шын мәнінде жанашыр көсемі ретінде биіктен көріне білді. Ал С. Садуақасов болса, «Кіші Қазан » революциясына  қарсы көзқараста болды.  Ф.И. Голощекин Қазақстанға келгенде , С. Садуақасов халық ағарту комиссары және «Еңбекші қазақтың» жауапты редакторы қызметтерін қатар атқарып жүрді.  Халық ағарту  комиссариатына сол кездегі оқу орындары, яғни  театр  және өнер, ғылым және баспа өндірісі қарады. Осы қызметінде  С. Садуақасов  негізгі буын ретінде  екі мәселеге аса үлкен назар аударғандығын байқауға болады. Олар жаңа талапқа сай мұғалімдер қалыптастыру және қазақ мектептерін оқулықтар , оқу құралдарымен қамтамасыз ету еді. Қазақ мұғалімінің негізгі міндеттеріне  байланыстыоның пайымдалуларын «Еңбекші қазақта» жарияланған «Оқу ісінің кемшіліктері , оларға қарсы шаралар» атты мақаласынан аңғаруға болады. Әсіресе, оқу-тәрбиесіне  жан-жақты көңіл аударып, шәкірттердің  болашағы мұғалімдердің  абыройылы жұмысына  тәуелділігін айтып: «Мектепт і түзейтін мұғалім. Мұғалім мектептің ұстасы. Мұғалім қадірлі ат. Мұғалім қадірлі болғанда ғана мектеп көркейеді. Жұрт мұғалімді танымаса, оны сыйламаса, мектеп те жөнделмейді» -деп жанашырлық талаптарды ашық айтады.  Бірақ Голощекиннің серіктеріне бұл  айтылған ащы талаптар, кеңес мұғалімін кекету, кемсіту мақсатында айтылған деп бағаланады. Тіпті қазақ шәкірттерінің  оқулықтарын буржуазиялық  идеологияның ықпалындағы партияда жоқ алаштықтар  жазған деп тағы кінә артады.

Тарихи шындық сондай-ақ 1920-1930жылдары қазақ мектептері  мен педагогикалық оқу орындарында  пайдаланылған оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, Алаш қозғалысының өкілдері А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Ж. Аймуытов, Қ. Кеменгеров, С. Асфандияров және басқа көптеген ғалым жазушылар бар еді. Ф. И. Голощекиннің саясаты партяда жоқ зиялы қауымға  теріс көзқарас болып, оларды белсенді қызметтен ығыстыру науқаны басталып кеткенде С. Садуақасов Алаш зиялы қауым өкілдерін қамқорлығына алып, оларға қызмет берді. Қазақ өлкелік комитетті  басқарып отырған  Ф. И. Голощекин  бастаған топ , С.Садуақасовтың бұл әрекетін «ұлтшылдықтың көрінісі»- деп бағалады.

Керісінше, С. Садуақасов жалпы ұлттық өзекті мәселелерді қоюда батыл, және табанды, терең және турашылдығымен ерекшеленді.  Революция жеңісі  нәтижесінде қалыптасқан ұлттық құрылымдардың  әлі де  болса саяси еркіндігін  өз қолына  ала алмағандығын , индустрияландыру процесінің бір жақты жүруі  нәтижесінде  олардың көбісінің  әліде шикізат көзі жәрежесінде  қалып қойғандығына, ұлттық жұмысшы  табы сандық  тұрғыдан өсудің орнына кеміп бара жатқандығына .Асфандияров  орталық және  жергілікті аппарат қызметіндегі  ірі кемшіліктерді, соның ішінде , әсіресе шовинистік әрекеттерді нақты сынға алды. Әрине , тарихи кезеңдегі республикадағы зиялы  қауымнның орталық зорлығына, партияның басқа рең ала бастаған ұлт саясатына қарсы көрсеткен наразылығы болатын.

Күші зор отаршыл биліктің алдында мұқалған Алаш қайраткерлерінің қайсар рухы- тарихтағы  мәңгі өшпейтін  ұлттық тағылымы  мол құнды дүние.

Міне , ұлттық рухты өз тағдырынан  жоғары қоя білген , кеңестік тарихта «ұлтшыл-ауытқушы» тұрғысынан  қаралып  келсе , бүгінгі  тәуелсіз еліміздің тарихында алаш қайраткерлерінің қоғамдағы  атқарған қызметі ұлттық сананы жаңғыртудағы  ерлік істерімен құнды болмақ. Үш ғасырға жуық Алаштың арманы  болып келген  тәуелсіздіктің  мұраты ұлттық рухты  бодандықтан  бостандыққа шығару  екендігімен санассақ бүгінгі тарихи білім берудің  басты  бағыты өткенімізді  әділ  таразылап , құндылықтарымызды  аршып, кейінгі ұрпаққа мұра ету-бүгінгі  білім берудегі өткір  мәселелердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ .Р Білім туралы Заңы
  2. Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» Алматы 1996ж
  3. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков «Тарих тағлымы не дейді?»Алматы 1993ж
  4. Ш. Мұртаза «Қыл көпір » Алматы «Жазушы» 1991ж