Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану

86

Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны  пайдалану

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан — жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т.б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа ақпараттық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны                                       дамытып                       нәтижесін көрсетеді.
Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар

ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.  Мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беруде  мына  технологияларды  пайдаланса  олар:

  1. сандық  теледидар
  2. ғаламтор  ресурстары
  3. теледидар   бағдарламалары
  4. ұтқыр  қондырғылар
  5. ұялы  телефондар
  6. компьютер
  7. интерактавті  тақта
  8. электронды  оқулық

оқушылардың қызығушылығы  білімге  деген  ынтасы ізденімпаздық  қасиеті  арта түсері анық.

Оқушылардың  құзыреттілігін  арттыру  негізінде педагогикалық технологияларының  бірі – оқытудың  компьютерлік  технологиясын  өз тәжірибеңде  қолданып  келемін. Оқытудың  компьютерлік  технологиясын пайдалану  мен  үшін  оқу  процесін  жаңа  оқу — әдістемелік  материалдармен қамтамасыз  етуге  және  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  ашуға мүмкіндік  береді. Сондықтан  оқушылардың  құзыреттілігін  арттыру  мақсатында  тарих  сабақтарында  АКТ-ны   пайдаландым. Ақпараттық технологияны оқу процесіне енгізу арқылы  оқушы:

  1. Шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамытады.
  2.  Өз білімін өмірде пайдалана біледі.
  3. Компьютер мен жұмыс жасай  алады.
  4. Логикалық ой-өрісін  дамытады.
  5.  Жан – жақты білім алады
  6.  Есте сақтау қабілетін дамытады. –

 

Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты турліндіреді және қызықты етеді, балаларды әр турлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.
Интернетте біз оқушылармен жобаларымызға турлі керекті ақпаратты табамыз: мұражайлар жөнінде, дәстурлі жерлерді, елдерде болып жатқан оқиғаларды. әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т.б.

Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
— Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
-Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
— Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады,  бұл  программаны  мен  10-11  сыныптарды  ҰБТ-ға  даярлаған  кезде сабақта  жиі  пайдаланып  отырамын. Сонымен  бірге  өз  қатенді  тап,  жоқ  сөздердің  орнын  толықтыр,  есте  сақта,  сәйкестендәр   деген  тапсырмалар  жиі  беріп  отырамын.

Мысал  ретінде   айтсам  Интерактивті  тақта  арқылы  картамен  жұмыс  жасау  кезінде  8 —  сыныпта  «Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс»  атты  тақырыпта  картадан  көтерісшілер  өткен  жерлерді  шартты  белгілермен  бегілеп  көрсет, немесе  7   сыныпта  «Франктер  империясы»   тақырыбында   Франктер  империясының  шекарасын  (  VIII-IXғғ)   мен    843 ж  Верден  келісім  шартыннан  кейін  қандай  болды  салыстыр,  және  қортынды  жаса.  Жаңа  сабақты  түсіндіруде  пазл  жинау  әдісі  де  өте  тиімді  суреттерді  кесіп  оларды  құрастыру  мысалы:  Кенесары  Қасымұлының суретін  құрастырып  ол  туралы  өз  ойларын  айту. 8   сыныпта  «Абылай  хан»  тақырыбы  бойынша  интервью  жасау,  оны  жаңа  сабақ  бастамас  бұрын,  жақсы  оқитын  оқушыға  алдын  ала  беріп  бейнетаспаға  түсіріп  алып  келуін  сұрайсыз. Ол  Абылай  хан  туралы  өте  қызықты  мәлімет  жинақтап  келеді.

Электронды  оқулықты  пайдаланудыңда  мүмкіндіктері  өте  көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.

Мен «PINACLE», «VIDEOSTUDIO» бағдарламалары арқылы 6  сыныпта өтілген «Ежелгі  тас  ғасыры» тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффекттерді пайдаланып, бейне ролик жасадым.

Біздің  мектепте  ғаламтор  тек  информатика  кабинетінде  болғандықтан  оқушыларым  ұялы  телефон  арқылы  «Opera Mini», «Opera Mobile» Java бағдарламасы арқылы «Google» іздеу сайтынан «Википедиядан» мағлұматтарды алып, талдау жұмысыyн  жүргізеді.  Ғаламтор  поштасы  арқылы  үй  тапсырмасын  талдау,  түсінбеген  сұрақтарды  талқылау,  қателерін  түзеу  жұмыстарын  оқушыларым  бір-бірімен  байланыста  болып  жүргізеді.

Тапсырма  ретінде 8 —  сыныпты  үш  топқа   «Кіші  жүздің  ханы  Әбілқайыр»  туралы  «Википедиядан»  қызықты  мағлұмат  алып  баяндама  жасау,  ол  оқушының   сабақтың  үстінде  қызықты  мағлұмат  алып  оны  өз  сыныптастары  арасында    талқыға  салып, бір-біріне  көмектесіп  ой  бөлісіп, зерттеп  қосымша  материал  жинақтауына  көмектеседі.

6 сыныпта  «Ежелгі  Грекия  мемлекеті»  атты  тақырыпта  оқушылар  сандарлы  теледидарды  пайдаланып  ондағы  «Телепутешествия»  бағдарламасынан  өте  құнды  және  қызықты  деректер  жинақтаған  болатын. Осы сыныпқа  тоқталатын  болсақ  сынып  оқушылары  «Ежелгі  олимпиада  ойындары»  тақырыбы  бойынша  ғаламтор  жүйесі  арқылы   қосымша  қызықты  деректер  жинақтаған  болатын  және  осы  деректерді  сабақта  пайдаланды. Бұл  тақырыпта  интерактивті  тақта  арқылы  «Өз  біліміңді  тексер»,  «жасырын  сөз», картамен  жұмыс,  жаңа  сабаққа  қатысты  оқушылар  өздері презентация    жасаған  болатын.

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

-Тіл байлығын дамытады;

-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

-Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Мұғалім — ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай — ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді