«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң » (Конституция күніне арналған мерекелік сценарий)

689

«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң » (Конституция күніне арналған мерекелік сценарий)

          Презентация. Әуен ойналады

1-жүргізуші:

Тұлпардың беріп тынысын

Кемел болсын ұлы ісін!

Орнасын ұлы даламда,

Ынтымақ пен ырысын.

2-жүргізуші:

Егемендігім- елдігім,

Баянды болсын теңдігім!

Дәуірдің күрестерінде,

Үзілмесін белдігін

1-жүргізуші:

Дарытпай бойға кеселді,

Шайқалтпай күміс кесенді,

Әділдік жолмен алып қал,

Тарихта кеткен есенді

2-жүргізуші:

Тамырын жайған тереңге,

Төзімін ұқсап еменге,

Тамсанып тұрсын өзге жұрт,

Қазақтың елі дегенде!

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар және лицей қонақтары. Конституция күніне арналған «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң »  атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер! Ел тәуелсіздігінің кепілі- Қазақстан Республикасының Конституцияы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр.

2-жүргізуші:

Уважаемые учителя! Ученики и гости лицея! 30 августа 1995 года была принята Конституция РК. Это красный день в календаре. В этот день мы отдыхаем и празднуем это событие. В этом году исполнилось 19 лет, как была принята Конституция РК. «Мы народ Казахстана …», так начинается текст Конституции, подчёркивающий единство нашего многонационального народа, живущего в мире и дружбе под общим шаныраком.

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасы Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі көк байрағымыз көкте желбіріп, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр.

2-жүргізуші:

Әрбір ел азаматының ендігі парызы осы құндылықтарды сақтау, қадірлеу, заңдарын орындау.

1-жүргізуші:

Назар аударыңыздар! ҚР Мемлекеттік туы енгізіледі!

2-жүргізуші:

ҚР Мемлекттік туын енгізу құрметіне ие болғандар:

Қарақұлова Гүлмира—

1-жүргізуші:

Даулетиярова Ақмарал-

2-жүргізуші:

Құрманов Ерлан-

                            Ту енгізіледі. Гимн орындалады.

1-жүргізуші:

/Құттықтау сөзден кейін марапттау рәсімі басталады.

Марапатталатын ұстаздар:

Марапатталатын тех.қызметкерлер:

 

2-жүргізуші:

-Рахмет, апай. Бүгінгі іс-шарамыз жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай дәстүрге айналған және игі істін бастамасы болып табылатын «Мектепке жол акциясын» бастайық

1-жүргізуші:

-Өткен оқу жылдың қорытындысымен дараланған бір топ оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер!

Олар:

 

2-жүргізуші:

-Ел Тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кемелі- Конституция кұніне орай келесі құттықтау сөзі мектебіміздің Алтын ұстазы Күләш Бердікенқызына беріледі

1-жүргізуші:

-Рахмет, апай бүгінгі құттықтаулар әлі де өз жалғасын табуда. Келесі сөз легін мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ізтілеуов Дархан  жалғастырыды/ тезис/

2-жүргізуші: Рахмет, Дархан ағай.

1-жүргізуші:

   Еркін елдің Ата Заңы ардақты

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты

2-жүргізуші:

Адам құқы, бостандығы, теңдігі,

Барлығын да қарастырған жан- жақты.

1-жүргізуші:

Қазақстан азаматтарының ыстық лебізін қабыл алайық

 

2-жүргізуші:

Назар аударыңыздар! ҚР мемлекеттік туы шығарылады. ҚР мемлекеттік туы шығарылсын.

 

1-жүргізуші:

Ата заңым – барлық заңның негізі,

Ата Заңым бабалардың лебізі

Арқа сүйер Ата заңға адамдар

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі

2-жүргізуші:

Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін!

1-жүргізуші:

Еліміздін абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін!

2-жүргізуші:

Бүгінгі «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң » тақырыбындағы салтанатты кешіміз өз мәресіне келіп жетті.

1,2-жүргізуші: Жаса, асққата Ата заң!

 

Патриоттық Ән шырқалады