Абылай – Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға

219

Абылай ханның  300 жылдығы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Симферополь орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі

Исмагулова А.М.

 

Тақырыбы: Абылай –  Тәуелсіздік үшін  күрескен  тұлға

 

Мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның күрескерлік қасиеттерін ашу арқылы қалыптасқан білімдерін жүйелеу
  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау белсенділігін дамыту
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық сезімге, Отан тарихына деген қызығушылыққа тәрбиелеу

 

Көрнекі-құрал:  Интерактивті тақта, Абылай ханның суреті, БАҚ

 

Сабақтың түрі: интеллектуалдық-танымдық

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікіралысу, ой қозғау

 

Технология: СТО

 

Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай мініңіз.
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың,
Әділетпен жүрдіңіз.
Әдепті іске кірдіңіз…
Бұқар жырау

 

“Абылай – аңызға айналған тұлға. Бірақ, біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін, сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек…
Нұрсұлтан Назарбаев

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.  Жүргізуші: Қымбатты балалар, ұстаздар! 8-11 сынып оқушылары арасындағы  интеллектуалдық-танымдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің сабағымыз Қазақ тарихында есімі алтын әріппен қалған, ұлтымыздың мақтанышы, Қазақтың ұлы ханы Абылайдың 300 жылдығына арналып отыр.

Ойын-сайысымызға 8 сыныптан 1, 9, 10, 11 сыныптан 2 оқушыдан қатысады. Оқушыларымыздың білімін әділ-қазылар алқасы бағалайтын болады.

Ойынымыз 5 турдан тұрады. Жеңіске жеткен оқушыға «Ең үздік Абылайтанушы» деген атақ беріледі.

 

І тур “Бәйге”. 15 сұрақ оқылады. 1-сұраққа жылдам жауап берген оқушы 10 ұпай алады.

  1. Абылай хан кімнің ұрпағы? (Жошының)
  2. Абылайдың шын есімі (Әбілмансұр )
  3. Абылайдың атасы, ол да Абылай қай қаланың билеушісі болды? (Түркістан)
  4. Абылай неше жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысты? (20 жасында)
  5. Абылайға жақын жүріп, оның керемет қасиеттерін жырлаған ақын? (Тәтіқара )
  6. . Қалқаман батырдың баласы, Абылайдың ақылшысы болған жырау (Бұқар)
  7. “Шаңды жорық” оқиғасы болған жыл? (1771 жыл)
  8. Абылайды паналаған жоңғар тағының мұрагері? (Әмірсана)
  9. Абылайханның шөбересі, қазақтың тұңғыш ғалымы (Шоқан)
  10. Абылай заманындағы Орта жүздің биі? (Қазыбек би)
  11. Абылай хан әскерінің қолбасшысы болған қай батыр? ( Қабанбай)
  12. Абылай өлтірген Жоңғар қалмақтарының атақты батыры (Шарыш)
  13. Абылай саясатына баға берген атақты орыс тарихшысы, “қазақ тарихының Геродоты” (А.И.Левшин)
  14. Алғаш Абылай бабамызға арналған музей қайда ашылды? (Көкше жерінде, Бурабайда)
  15. Абылай хан атындағы Алматы қаласындағы жоғары оқу орны қалай аталады? (Халықаралық қатынастар институты)

 

2 тур “Жылдар өтті” . Сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап берген оқушы 10 ұпай алады.

 

Хан 1711 ж 1757-1760 ж 1761 ж 1726 (1728) ж 1718 ж
Абылай 1740 ж 1771 ж 1781 ж 1771 ж 1723 ж
300 жыл 1741-1742 ж 1778 ж 1729 (1730) ж 1765-1779 ж 1758 ж

 

Жауаптары: «Хан»

  1. Абылай өмірге келді
  2. Абылай қытайдың билігін мойындады
  3. Абылай императрица Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді

сұрап отырықшылықты дамытты

  1. Бұланты шайқасы. Қалмаққырылған
  2. Аягөз шайқасы

 

«Абылай»

  1. Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп Ресей билігін мойындады
  2. Үш жүз өкілдері Абылайды Түркістанда хан етіп сайлады
  3. Абылай хан қайтыс болған жыл
  4. «Шаңды жорық” оқиғасы
  5. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары басталды

 

«300 жыл»

  1. Абылай жоңғар тұтқынында  болды
  2. ІІ Екатерина патшайым Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекітті
  3. Аңырақай шайқасы
  4. Абылайдың қырғыздар жеріне жорығы
  5. Жоңғар хандығының тарих бетінен жоғалуы

 

ІІІ тур «Абылай заманы – батырлар заманы»

 

Батырлар 10 20 30 40 50
Шайқастар 10 20 30 40 50
Тарихи дерек 10 20 30 40 50

 

«Батырлар»

10 ұпай — Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Шапырашты Наурызбай)

20 ұпай — Абылай ханның аса құрметтеген батыры кім? Ол келмей ұрыс бастамаған (Баян Батыр)

30 ұпай — Абылай хан қай батырға және не үшін “Адақ” деген құрметті атақ берген? (Еспенбет батыр)

40 ұпай — Абылай хан ерлігін өте жоғары бағалап, “Жалаңаш жолбарыс” деп атаған батыры кім? (Жауғаш батыр)

50 ұпай — 1726 жылы Ордабасы жиылысында халықтың алдында жалынды сөз сөйлеген батыр, атақты қолбасшы (Бөгенбай батыр)

 

«Шайқастар»

10 ұпай — Абылай қалмақтарда тұтқында болғанда Қалдан Серен: “Сен менің ұлымды өлтірдің” дегенде, Абылай: “Сенің ұлыңды өлтірген мен емес, халық”, — деп жауап беріпті. Қалдан Сереннің ұлының есімі? (Шарыш)

20 ұпай — Қазақтың жас батыры Сабалақтың ең алғаш қатысқан шайқасы? (Аңырақай шайқасы)

30 ұпай — Бұл батырдың шын есімі Ерасыл. Абылай хан ерекше құрметтеп “Дарабозым” деп атаған? (Қабанбай батыр)

40 ұпай — Бұланты өзенінің бойында Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті (Қалмаққырылған)

50 ұпай — Соғысатын жақтар әдетте ұрыс басталар алдында өздерінің батырларын жекпе-жекке шығаратын. Ержүрек сол жас жауынгерді халық қалай атаған? (Алғадай)

 

«Тарихи дерек»

10 ұпай — Абылай хан тарихын алғаш зерттеуші қазақ ғалымы? (Шоқан Уәлиханов)

20 ұпай — “Ол жауына күш көрсете білуімен айбатты және мұқтаждығына қарай біресе орыс, біресе қытай патшалығынабағынышты болғанымен, ешкімге тәуелсіз өз әмірін жүргізуші болды” – деп жазған орыс тарихшысы (А.Левшин)

30 ұпай — “Ол жауына күш көрсете білуімен айбатты және мұқтаждығына қарай біресе орыс, біресе қытай патшалығынабағынышты болғанымен, ешкімге тәуелсіз өз әмірін жүргізуші болды” – деп жазған орыс тарихшысы (В.Бартольд)

40 ұпай — Атам Абылайдың қонысын қайтармайынша, мен қаруымды тастамаймын” деп айтқан кім? (Кенесары Қасымұлы)

50 ұпай — Абылай хан жетпіске келіп, ауру меңдеп дүниеден аттанайын деп жатқанда Бұқар жырауды шақыртып, үш арманын айтыпты:
1. Қан мен тер төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.
2. Халқымды отырықшы қыла алмадым, кент салып үлгермедім.
Ал үшінші арманы қандай еді?  (Елдің басын біріктіре алмадым, тентегі мен телісі көп болды”, — деген екен).

 

4 тур “Көкпар

 

  1. Абылай хан билік еткен жылдар:

а) 1711 – 1771 ж

ә) 1771 – 1781 ж

б) 1771 – 1778 ж

 

 

 

  1. Бала Сабалақ кімнің түйесін

баққан?

а) Майқы бидің

ә) Бөлтірік шешеннің

б) Төле бидің

 

  1. Абылайдың шын аты:

а) Әбілфайыз

ә) Абдаллах

б) Әбілмансұр

 

  1. Абылай хан қайраткер болуымен қатар өнерге бейімі бар күйші болған. Төмендегі күйлердің қайсысы Абылай ханның күйі:

а) “Ақ толқын”, “Қайран елім”

ә) “Кісен ашқан”, “Қайран шешем”

б) “Қосалқа”, “Заман”

в) “Сарыарқа”, “Көңілашар”

 

  1. Абылай ханға Бөгенбай батырдың өлімін естірткен қай жырау?

а) Тәтіқара жырау, Мұрын жырау

ә) Шалкиіз жырау, Доспамбет жырау

б) Бұқар жырау, Үмбетей жырау

 

  1. Абылай қай ханның ұрпағы:

а) Жошы ханның

ә) Шағатайдың

б) Үгедейдің

в) Төленің

 

  1. Абылай ханның суреті қай атақты жазушының архивінде сақталып, халқына жеткен:

а) Ғабиден Мұстафин

ә) Мұхтар Әуезов

б) Ғабит Мүсірепов

 

  1. Абылай хан қай жерде жерленген?

а) Арыстанбаб кесенесінде

ә) Жошы ханның күмбезінде

б) Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде

 

  1. Абылай ханның артынан қалған ұрпағы:

а) 30 ұл мен 40 қыз

ә) 10 ұл мен 20 қыз

б) 30 ұл мен 30 қыз

в) 20 ұл мен 20 қыз

 

  1. Абылай хан қайтыс болғаннан кейінгі оның мұрагері, Орта Жүздің ханы:

а) Қасым

ә) Нұралы

б) Уәли

в) Жәнібек

 

5 тур  “Тарихи тұлға”

  1. Ол мемлекет қайраткері, Жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұйымдастырушы халқының қамын ойлап, амалы қалмаған соң Ресей бодандығын қабылдауға мәжбүр болған тұлға. Бүгінде Атырау қалқаласында ескерткіш қойылған, Абылайдың замандасы
  2. Ол мемлекет қайраткері, елінің ұйытқысы, Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы, Патшалы Ресейге де, Циньдік Қытайға да “мен сенің боданыңмын” дей тұрып бас имеген, бүгінде тарихта өз орнын алған, 2000 жылы мыңжылдықтың атақты 10 адамының қатарына кірген тарихи тұлға

 

ІІІ. Қорытынды

Мұғалімнен тапсырма:

Бес жол өлең құрастыру

 

Үлгі:

Жасыңда атандың Сабалақ

“Абылайлап” ұрандап.

Жаудың құтын қашырдың

Ел үшін тыным таппадың,

Халқыңның қамын ойладың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бес жол өлеңдер

 

Аққожа Досжан:

Жауға шапты ұрандап,

Елі үшін аянбай.

Біріктірді үш жүзді

Еңбек етіп таянбай.

Қорғаштады өз елін

Бұзылмас бір қорғандай.

 

Қалым Нұрбол:

Жастайыңнан атқа мініп,

Халықтың қамын ойладың.

Үш жүздің басын біріктіріп,

Қазақтардың қолын біріктіріп

Атандың Абылай қазақ ханы.

 

Закирина Дана:

Абылайлап ұрандап,

Жекпе-жекке шықтың сен.

Шарыш деген батырды

Өз қолыңмен өлтірдің сен.

Қазақтың ханы Абылай,

Үш жүздің басын қостың сен.

 

Жуаныш Айғаным:

Жошы ханның ұрпағысың,

Әбілмансұр шын атың.

Сабалақ деген атым болды

Ел кезіп жүрген кезімде

Үш жүздің басын қосу

арманым болды.

 

Сабырова Айнаш:

Атақты хан болдың Абылай

Бүкіл елге танымал.

Төле бидің бақтың түйесін,

Жасыңда отырдың тұлпар атқа

Жоңғар халқын жоюға.

 

Мақаш Айшат:

Уәлидің мұрагері

Үш жүздің басын қосқан.

Қазақтың сардарбегі

Елімнің болашағын ойладың,

Арманыңа қол жеткіздің.

 

Атамбаева Назерке:

Сабалақ атыңмен танылған

Жоңғарламен шайқасып,

Үш жүздің басын біріктіріп,

Халқыңның қамын ойлаған

Қазақтың ханы атандың.