Жайлау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

40

№104 сабақ.Сабақтың тақырыбы: Жайлау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің байлвнысы туралы түсінік

беру.Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін   бекіту.Жайлау туралы түсініктерін пысықтау. ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін дамыту.б)  Үй жануарларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген І.Жансүгіровтың «Жазғы шілде өлеңін мәнерлеп оқыту 196- жаттығуды тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сөздерге дыбыстық талдау жасау туралы алған білімдерін пысықтау мақсатында, тақтада жазулы үш сөзге талдау жасату.197-жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді жазу.Жау, жаңбыр, сұлудай

  1. Мақсат қою кезеңі:-Сөйлемдегеніміз не?
  2. Жаңа сабақ:Тақтада үш сөз жазулы тұрады.Оқушылар (гүл) аулаға отырғызды.Осы сөйлемнің мағынасына қарай өзгертіп оқимызОқушылар гүлді аулаға отырғызды.Кестемен жұмыЕРЕЖЕСөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білеміз.Мыс: Оқушылар гүлді аулаға отырғызды.1.Оқушылар не істеді? Оқушылар отырғызды.2.нені отырғызды?Гүлді отырғызды.3.Қайда отырғызды? Аулаға отырғызды.Дәптермен жұмысКүн ретін жазу.1 мин таза жазу.С дыбысы199-жаттығуды (сөздік диктант ретінде)орындау.Отыз, он бірінші, жиырма екі, елу, жүз, елу үш, сексен төртінші, бес жуз алты, екіншіОсы сөздерге сұрақ қою ауызша орындалады.Сергіту сәті

VI.Жаңа материалды пысықтау:200-жаттығу. Сөйлемді оқыңдар. Таңертең бақшада бұлбұл сайрайды. Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жазыңдар.

Не?

Қайда?                сайрайды

Қашан?

201-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Кім?

Неге?                 тікті

Не?

Тапсырма: Берілген сөздерді қойып, төрт сөзден жасалған сөйлем құрап жазыңдар

Көйлек, қуыршаққа, Нағима.

Сұрақ-жауап арқылы орындалады.

Жазда малдарды қайда айдап кетеді?Жазда малдар қайда тұрады?

Жазда малды жайлауға айдап кетеді.Оны жайлау деп атайды.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жайлау» түсіндіре отырып мәнерлеп оқып беру.Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.Оқушыларға тізбектей оқыту.

VII.Бекіту  кезеңі:Сұрақ қою арқылы түсінгенін пысықтау-.Сөйлемдердің байланысын не арқылы білеміз?-Қандай мәтінмен таныстық?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:202- жаттығу ,мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұндау, ережені жаттау.