Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір

124

Алматы облысы  Ақсу ауданы  Қапал ауылы  Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектептің тарих

пәні мұғалімі  Гульжанар  Төлеухановна .Керейбаева

 

 Сабақтың тақырыбы:         1930 жылдардағы қоғамдық саяси  өмір

 

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға 1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмірдің

тарихындағы    шындықты анықтауға ықпал ету

-тарихи тұлғалардың қызметіне сипаттама беруге, сын тұрғысынан

ойлауға,  тарихи өзгерістерді анықтау, талдау дағдыларын дамыту.

-елжандылық қасиеттерін шыңдай отырып, тәуелсіздікті сақтау

идеяларын жан-жақты қабылдауға тәрбиелеу.

— Топтық жұмыста белсенділікке, ұйымшылдыққа    тәрбиелеу

 

Оқыту нәтижесі:     1.1930 жылдардағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары туралы

біледі.

  1. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып тарихи оқиғаларды

анықтайды және  сараптама жасай  алады;

  1. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;

4.Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер  келтіреді, қорытынды

жасай   алады.

 

Түйінді идеалар:  30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды.. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл — әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. 1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары ұшырады. 1930–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

 

Мұғалім іс-әрекеті:  1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын пысықтау /сұрақтарға жауап береді

3.Топқа бөлу /Өткен тақырыптар бойынша тарихи сөз, оқиғалармен топтасу

  1. Қызығушылықты ояту

— Мағыналы құрылымдық  жаттығу

— Берілген суреттер бойынша тақырыпты анықтау

5.Тақырыпты талдау

1.Білу

Берілген сөздер бойынша сөйлем құрастыру

  1. Оқулықтағы мәтін бойынша жұмыс

1топ.,,Социализм тоталитарлық,казармалық сипат алды,, деген   мағынаны  қалай түсінесіңдер?

2топ. Зиялы  қауымның  жаппай  қудалануына не себеп болды?

3 топ. Неге Қазақстан жерінде концентрациялық  лагерьлер салына бастады?

4 топ. Қандай қажеттіліктен зиялы қауымның әйелдері  мен балалары жазалау шарасына ұшырады?

Пікірлерін қорғайды

  1. Түсіну

 Сәйкестендіру  стратегиясы /кесте бойынша жұмыс   

3.Қолдану                                           

Берліген суреттерге сипаттама беру

4-5.Талдау және сыни баға беру

 / видеоролик бойынша тарихи тадау, бағалау/

 

Оқушы іс-әрекеті:

 

1.Сабаққа зейін қойып әзірленеді.

  1. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған тесті шешеді.
  2. Өткен тақырып төңірегінде алған сөздер бойынша топтасып бөлінеді.
  3. Қызығушылықты ояту өз пікірлерін айтады.
  4. Тақырыпты талдау кезінде әр топқа берілген сұрақтар төңірегінде оқулықпен жұмыс

жасап, өзара пікір алмасады.

6.Әр топ түйінді идеяларын қорғайды.

7 Сәйкестендіру  стратегиясы /кесте бойынша жұмыс  

  1. Берліген суреттерге сипаттама беру
  2. Видеоролик бойынша тарихи сараптама жасайды.

11.Білімдерін жинақтайды

  1. Өзіндік бағалау
  2. Кері байланыс ,,Екі жұлдыз, бір тілек ,,

 

Қорытындылау Тест шешу

  1. Қазақ –кеңес әдебиетінің қайраткері 1930 ж сәуірде ату жазасына кесілген
  2. Қарлагта қамауда болған Э.Циолковскийдің досы
  3. Жазалау құрбаны болған тарих білімінің негізін салушы
  4. 1930-1940ж контрреволюциялық қылмыстарды қараған сот емес органы
  5. Т.Рысқұловтың әйелі мен қызы азап шеккен лагерь

 

6.Жинақтау
Қазақстандағы  сталинизмнің  көріністері / кестені толтыру /

 

Үйге тапсырма : & 11 оқуға . ,, Алаш ардақтылары  ,, туралы эссе жазып келу

 

Бағалау: Өзіндік бағалау парағын толтыру

 

Кері байланыс : ,,Екі жұлдыз, бір тілек ,,