ХVІғасыр – ХVІІғасырдың бірінші жартысындағы Испания,Нидерланды, Италия

98

Сабақтың  тақырыбы: ХVІғасыр – ХVІІғасырдың бірінші жартысындағы Испания,Нидерланды, Италия

Сабақтың мақсаты: ХVІІ ғасырдағы Испанияның саяси – экономикалық жағдайы, ХVІ ғасырдағы Испания жағдайы,Испанияны таза христиандар еліне айналдыруды көздегенін түсіндіру,еуропа елдеріндегі шіркеуге көзқараты салыстыра отырып,қорытынды жасауға көмектесу

 

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Баяндау,түсіндірмелі,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Карта,сызба кесте,тест жұмысы,семантикалық карта,сөзжұмбақ,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Білімге жорық» ойыны:

  1. ХVІ ғасырда Германия экономикалық даму жағынан артта қалуының ең басты себебі? Елдің саяси бытыраңқылығы.

2.Католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс Германия тарихында қалай аталды?   Реформация

3.Дін саласының білімдары,университет профессоры қозғалыс басшысы кім ?

  1. 1517 жылы шіркеу озбырлығы мен папа индульгенциясына қарсы көзқарасын білдіретін үндеуі: «95 тезис»

5.Әлеуметтік – экономикалық теңсіздік болмайтын қоғамдық құрылысты уағыздаушы:

Томас Мюнцер

6.1524 жылғы Германиядағы  көтеріліске шыққан кедей шаруалар мен қолөнершілер қалай аталды? Анабаптистер.

  1. «Аугсбургтік дін ұстану» деген құжат қашан қабылданды? 1530 жылы

8.Шіркеуге қатысты қалыптасып келе жатқан буржуазия талабы қандай еді?

«арзан шіркеу»

9.Лютер реформацияны қалай жүргізу керек деді? Әділеттілікке тек үгіт насихат,түсіндіру,көзін жеткізу сияқты заңды жолдармен жету керек.

10.Мюнцер халықты қандай әрекетке шақырды? Монастырьларды,дворяндар мен кінәздарді қамалдарымен қоса күл-талқан етуге шақырды.

11.Анабаптистердің қайтадан бас көтеруі қашан болды? 1534 жылы Мюнстер қаласында

12.Қаладағы билікті қолына алған көтерілісшілер Магистратты таратып орнына құрды: «12 ақсақал» Кеңесі.

13 Реформациядан кейін Германия қандай елге айналды? Бытыраңқылығы одан әрі күшейді.

14.Германиядағы шаруалар соғысы немен аяқталды?

  1. ХVІІ ғасырда елдің бытыраңқылығын аданәрі жалғаған қандай ұйымдар құрылды?

Евангелдік уния және католиктік лига ұйымдары.

17.Германияның өндіргіш күштерінің құлдырауына әкелген жағдай? Еуропалық соғыс.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Испания

2.Нидерланды буржуазиялық революциясы

3.Италия

 

  1. Испания королі Фердинанд пен жұбайы Изабелла өздерін «католиктік корольдерміз» деп атады. Олар Испанияны таза христиандар  еліне айналдыруды көздеді. Ол үшін король билігін нығайту қажет болды,мақсатқа жету үшін Испания корольдері католик шіркеуіне арқа сүйеді.

1516 жылы арагондық Фердинанд қайтыс болды.

 V Карл 1516 – 1555 жылдары таққа отырды.Ол Испания үлгісіндегі дүниежүзілік католиктік империя құру ісін жалғастырды, әскерді күшейтті, соғыс кемелерін көбейтті, корольді қолдаушы кеңес құрды,абсолюттік тәртіп орнатты.

1555 – 1598 жылдары билік құрған король ІІ Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа  елдеріне таратуға тырысты,епископтар санын 4-5 есе көбейтті.

ХVІ ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державалардың біріне айналды.

Бұл қуаттылық ұзаққа созылмады.1588 жылы Испан королі 130 желкенді кемеден тұратын флотын Англия жағалауына аттандырды. Жеңетініне сенген король ол флотты  «Жеңілмейтін армада»  деп атады.бірақ Испан флоты тас-талқан болып жеңілді, ХVІ ғасырдың аяғында Испания теңіздегі үстемдігінен айырыла бастады.

Испандық корольдердің дүниежүзілік  «христиан империясын» құрмақшы әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.

ХVІ ғасырдың ортасында  Испания  саяси- экономикалық дағдарысқа ұшырады.

Австрия мен Германия жағында 1618-1648 жылдары Франция,Голландия,Швецияға қарсы соғысқа қатысып,жеңіліп қалды.

ХVІ ғасырдың басында  Испанияда ұзаққа созылған тоқырау кезеңі басталды.

   ХVІ ғасырдың ортасына қарай  Испания саяси- экономикалық даму жағынан Еуропа елдерінің ішіндегі ең артта қалған мемлекеттің біріне айналды.

 

  1. 1433 жылы ішкі талас-тартыстан әлсіреген Голландияны,кейінірек Нидерландының басқа да кініздіктерін Бургундия герцогтары басып алды.

1477- 1482 жылдар арасында Нидерланды Габсбургтер әулеті қол астында болды.

1556 жылдан Испания қол астында.

ХV ғасырдың аяғы — ХVІ ғасырда Нидерландыда феодалдық қатынастардың ыдырауы кезінде, бастапқы қор жинау процессі жүріп жатты,капиталистік қатынастар туа бастады. Балық шаруашылығында,теңізде жүзу мен кеме жасау саласында да капиталистік  қатынастар кең орын алды. Капиталистік  қатынастардың одан әрі дамуына  испандық абсолютизм кедергі жасады.

1566 жылы буржуазиялық революция басталды,көтерілістің басты ошақтары Голландия мен Зеландия болды.

1578 жылы испандықтар Амстердамнан қуылды.1579 жылы солтүстік провинциялар Утрехт униясын құрды.Ол келешек тәуелсіз Нидерландыны Республикасының заңды негізі болып табылды.

1581 жылы Голландия мен Зеландия штаттары ресми түрде Испания королі ІІ Филипптің тақтан түсірілгенін жариялады.

1585 жылы Нидерландының оңтүстігінде революция жеңіліске ұшырады…

1609 жылғы 12 жылдық уақытша бітім бойынша  тәуелсіз мемлекетке айналды. Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел.

Тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады.

1621 жылы Испаниямен соғыс қайта жалғасты. Ол жалпы-еуропалық отыз жылдықсоғыспен ұласты(1618-1648)

1648 жылғы Вестфаль бітімі бойынша Біріккен провинциялар Республикасының (Нидерланды) тәуелсіздігі түпкілікті мойындалды

1650 жылы  Республикадағы өкімет билігі голландиялық ірі буржуазиялық партияның қолына көшті. Буржуазиялық революция жеңісі Нидерланды ның экономикасы мен мәдениетінің тез дамуына ықпал етті. Нидерланды даму жағынан барлық Еуропа елдерін басып озды.мануфактуралық өндіріс,кеме жасау,теңізде жүзу,балық аулау қарқынды дамыды. ХVІІ ғасырдың ортасына қарай Нидерланды сауда флоты Англия мен Францияның флотын қосқандағыдан 2 есе көп болды.Нидерланды португалдықтар  мен испандықтарды ығыстыра отырып,Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлай бастады.

 

  1. ХVІ ғасырдан бастап Италия жері үшін француз,испан,германдықтар соғысты

1529 жылы жасалған бітім шарты бойынша Италия іс жүзінде Испания королдігінің қол астына берілді. Испандық әкімдердің тежеусіз билігі орнады.

1559 жылы Испания мен Франция арасындағы Италия үшін жүргізілген күрес аяқталды.Бітім шарты бойынша  Италияның көп жері Испанияның қол астында қалды, абсолюттік – бюрократиялық сипатқа ие болды.Тәуелсіздігін сақтап қалған Папа аймағы, Венеция,Савойя.

 ХVІ ғасырда католиктік реакцияның шабуылы басталды.

1534жылы иезуиттер ордені құрылды,инквизиция күшейді.шет елдік езгі қосылды.Халық наразылығы күшейіп,күпірлер қозғалысы қанат жайды.

1647 жылы Палермо,Неапольде,Салернода көтерілістер болды.

Папалық билік,инквизиция көтерілісті басыпхалық көсемдері менозық ойшылдарды қудалап,өлім жазасына кесіп отырды.

ХVІІ ғасырға қарай Италияда саяси бытыраңқылық,шетелдерге тәуелділік орын алды.Италияның өнеркәсібі мен саудасы құлдырады,ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін,шикізат шығаратын ел болып қалды.

Италия Еуропадағы экономикасының дамуы жағынан ең артта қалған елге айналды.

 

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

 

Сәйкестендіру тест

 

Реформа                             Қоғамдық құрылысты түбірімен өзгертуге қоғамның барлық

топтары   қатысады.

 

Революция                        Бір  елдің азаматтарының  қарама — қарсы  топқа бөлініп өзара

Күресі.

 

Азамат соғысы                  Қоғамдағы өзгеріс қоғамдық құрылысты өзгертпейді,қоғам

мүшелерінің көпшілігінің мүддесін білдіреді.

 

 

Салыстыру сұрақтары Революцияға дейін Революциядан кейін
Өнеркәсіп пен саудадағы өзгерістер
Елдегі билік кімнің қолында болды?
Қандай шіркеу билік құрды?

 

Тест

 

1.ХVІ ғасырдың ортасындағы Нидерланды қай елдің билігінде болды?

а) Испания      б) Франция         в) Тәуелсіз  мемлекет    г) Италия

  1. ХVІ ғасырдағы Нидерланды қандай ел?

а) Цехтық қолөнерді мануфактура ығыстырды.

б) Географиялық орналасуы қолайсыз

в) Испан королі мануфактуралық дамуды қолдады

г) Қалалар аз болды

  1. ХVІ ғасырдың ортасындағы Нидерландыда:

а)  ІІ Филипп протестанттарды қолдады

б) Лютер идеясы үстем болды

в) Кальвин идеясы үстем болды

г) Шетелдіктер билігіне қарсылық аз болды

4.Испан үстемдігі Нидерланды экономикасын әлсірету себебі:

а) Ауыр салық өнеркәсіп пен сауданың дамуына кедергі жасады.

б) Нидерланды саудагерлеріне отарларда сауда жасауға тиым салды

в)Испания Англиямен жауласты

г)Нидерландыға әкелген жүнге салық азайды

5.1588 жылы қандай оқиға болып өтті?

а) Испанияда шексіз монархиялық билік  орнады .

б) «Жеңілмейтін армада» ағылшын флотынан жеңілді

в) Голландиядағы Испания билігі жойылды

г) «Анабаптистер» көтерілісі басталды

  1. ХVІ ғасырдағы Испания:

а) Еуропаның ең күшті державалардың бірі .

б)  Соғыста Англияны жеңді

в) Абсолюттік тәртіпті жойды

г) Саяси – экономикалық дағдарысқа ұшырады

  1. ХVІ ғасырдағы Италия:

а) Өнеркәсібі гүлденген елге айналды .

б) Еуропаның алдыңғы қатарлы еліне айналды

в) Испания мен Францияның қол астында қалды

г) Шетелдік езгіден азат болды

8.Италияның тәуелсіздігін сақтап қалған аймақтар:

а) Генуя. Сардиния.

б) Палермо,Венеция

в) Папа аймағы,Венеция,Савойя

г) Сицилия

  1. ХVІІ ғасырға қарай Италия:

а) саяси бытыраңқылық, шет елдерге тәуелділік орын алды.

б) ірі дамыған ел болды

в) өзін — өзі басқарушылық орнады

г) Біріккен империяға айналды

 

 

Үй тапсырмасы: ХVІғасыр – ХVІІғасырдың бірінші жартысындағы Испания,Нидерланды,Италия.