Қожанасырдың тойға баруы

55

№ 108 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қожанасырдың тойға баруы

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып, мазмұнын

сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.Мәтінді мәнерлеп сауатты  оқуға машықтандыру   ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін дамыту.  б)  Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Үйге Досболдың тапқырлығы мәтінін оқыту сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Досболдың Балабимен не туралы айтысты?Ел іші мынадай деп не істеді?

  1. Мақсат қою кезеңі:Ел арасында Досбол сияқты тауып сөз айтатын бір адам бар

Ол кім екенін білеміз бе?-Қожанасыр.

  1. Жаңа сабақ.- Ендеше бүгінгі сабағымыз осы Қожанасырдың тойға барғанда тапқан қулығы туралы айтылмақОқулықтың 208-бетіндегі мәтінге қараймыз.Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын сұрақ қою арқылы түсіндіредіАлғаш рет Қожанасырды үй иесі неліктен құрметтемеді?Ал екінші рет не үшін сыйлады?Сергіту сәті

VI.Жаңа материалды пысықтау:-Бүгін біздің мәтініміз кім туралы болды?- Мәтіндегі негізгі ой қандай?Адамды құрметтеу-Адамның бәрін бірдей көру туралы айтылған.

VII.Бекіту  кезеңі:-Мәтінді тізбектей оқыту.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Мадақтау.мақтау.