Ғылым мен білімнің дамуы

108

Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Х-ХII ғасырларда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру арқылы ҰБТ- ға бағыт –бағдар беру.

Дамытушылық: осындай сабақ арқылы оқушылардың  танымдық қызығушылығын,шығармашылық қабілеттерін, жігерін,тілін,ынтасы, қиялы мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, имандылыққа, өз елінің патриоты болуға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес, конференциялық сабақ.

Сабақтың әдісі: ойын білдіру, саралау

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, тіл, геграфия

Сабақтың көрнекілігі: карта, ғалымдар портреті, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

 

сұрақ- жауап әдісі

1.Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып,қорғаушы ретінде оған табынатын болған тайпа: оғыздар

2.Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі: тотем

3.Орта Азия мен қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін: ислам

4.Исламды Боғра хан Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? 960 ж

5.Оңтүстік Қазақстан мен жетісудың X ғ қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазды: Әл- Максиди

6.Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген.Мұндай жерлеу салты кімдерге тән: Мұсылмандарға

7.X ғ басында қай әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады? Қарахандар

8.Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? Дін үшін соғыс

-Өткен сабақты қорыту

-Жаңа сабақ: 1.Қызығушылықты ояту.

Мақал- мәтелдердің жалғасын тап: Сабақтың эпигрофын таңда.

Мақал- мәтелдің жалғасын тап:

Ғылым- теңіз,….. (білім- қайық)

Ақыл азбайды,……(білім тозбайды)

Оқу- білім азығы,…..(білім- ырыс қазығы)

Ілім- бұлақ,…(білім шырақ)

Байлықтың кілті-…(ғылым)

2.Оқулықпен жұмыс: оқу

3.семантикалық карта (қорытынды жаса)Дұрыс жауапқа + белгісін қояды

А) ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар

4.Сәйкестендіру тесті

А. Әл- Бируни                  Данышпандықтың інжу маржаны

М. Қашғари                     Ақиқат сыйы

Ж. Баласағұн                      Асыл тастар

А.Иүгнеки                           Даналық кітабы

Қ.А.Йассауи                       Түрік тілдерінің сөздігі

Әл- Фараби                          Құт негізгі-білік

Б.Әл-Бируни                       Отырар

М.Қашғари                          Сайрам

Ж.Баласағұн                            Түркістанға қарасты қыстақ

А.Иүгнеки                                 Белгісіз

Қ.А.Йассауи                               Баласағұн

Әл-Фараби                                 Қашқари

5.Тірек- сызба

Ғылымның дамуы

Әбу насыр әл- Фараби
Логика

Медицина

Философия

Музыка

Әдебиет

 

Әбу Райхан әл-Бируни
Тарих

Математика

География

Астрономия

медицина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Баласағұни

(1021- 1075)

Тіл білімінің  дамуына үлес қосқан ғалымдар

Түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным- сенімдерінен мағлұмат береді.
Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы.Тіл тарихы, түрік мекендерінің аталуы, тарихы, этнографиясы,ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар.
М.Қашғари

(1032- 1090)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттің көрнекті өкілдері

А.Иүгенеки
Ақиқат сыйы
С.Бақырғани
Ақырзаман
Әли ақын
Жүсіп- Злылиха
Қ.А.Йассауи
даналық

 

 

 

 

 

 

 

6.Қорытынды: тест беру

7.Бағалау