Алдар Көсе мен бай баласы

№  109 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Алдар Көсе мен бай баласы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын сұрақ- жауап

арқылы түсіндіру.ә) сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруб)  Ұжым арасында сыйлы, шыншыл,адал болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген Қожанасырдың тойға баруы туралы мәтінді мәнерлеп оқытуМазмұнына сұрақ қою арқылы түсінігін сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Қожанасырды үй иесі неліктен құрметтемеді?Екінші рет не үшін сыйлады?

  1. Мақсат қою кезеңі:Сендер Алдар Көсе туралы естігендерің бар ма?
  2. Жаңа сабақ:Ендеше бүгінгі сабағымызда Алдар Көсе туралы.

Мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып, мазмұнын сұрақ жауап арқылы түсіндіру.Оқушыларға оқытуӘрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

Сергіту сәті

VI.Жаңа материалды пысықтау:Мәтінді рөлге бөліп оқытуТағы да басқа қандай Алдар Көсе туралы әңгіме, ертегі білесіңдер?Өз беттерінше айтқызып, тіл байлығын дамыту.

VII.Бекіту  кезеңі:Мәтін кім туралы айтылған? Мәтіндегі негізгі ой қандай?Мәтіндегі  негізгі ой не деп ойлайсыңдар?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.