Арыстан мен түлкі

№  110 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен түлкі

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушылардың ертегі туралы түсініктерінкеңейтуә) оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , қиялдарын  дамыту.Сөздік қорларын молайту.б)  қамқорлыққа, батырлыққа, үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге Алдар Көсе мен бай баласы әңгімесі бойынша түсінгендерін сұрау.Алдар Көсе туралы тағы не білетіндерін сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Халық ауыз әдебиеті туралы сұрақ-жауап жүргізу.

  1. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Арыстан мен түлкі» туралы ертегімен таныс боламыз.
  2. Жаңа сабақ:Ертегі туралы не білетіндерін қайталап, естеріне түсірту.Арыстан мен түлкінің суретін көрсету.Арыстан мен түлкі жабайы аңдарға жатады.олар орманда , тауда тіршілік етеді.Арыстанды-аңдардың патшасы дейді, ал түлкі өзінің қулығымен,айлакерлігімен бәрімізге таныс.Ал ендеше ертегіні тыңдайық.

Ертегіні мәнерлеп оқып беруіп, мазмұнын әңгімелеп беру.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Ертегі дегеніміз не?Ертегінің қандай түрлері бар?Біз бүгін қандай ертегі оқыдық?Арыстан қандай айла тапты?Түлкі қалай аман қалды?

VII.Бекіту  кезеңі:Ертегіні рөлге бөліп оқыту

VIII. Үйге тапсырма, бағалау :Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.