Ежелгі дүние тарихы Сабақтың тақырыбы: § 20. Ежелгі Қытай

72

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 20. Ежелгі Қытай

Сабақтың мақсаты:

  • Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы, қоғамдық құрылысы мен басқыншылық соғыстары туралы әңгімелесу. Сол кезеңдегі мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері мен дамуын оқушыға жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекі құралдар: Кітап, таблица, дидактикалық карточкалар, карта т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

 

Сабақ мақсатын анықтағанда практикалық жұмысқа септігін тигізетін қағидалар мен ережелерді, кейбір мәліметтерді оқушылардың естеріне түсіру.

 

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау.

Оқушылардың белсенділігін туғызуды көздеп, әртүрлі қосымша құралдар, кітаптарды пайдаланамын.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы, оның кезеңдері, Шан-Инь мемлекетінің орнына құрылған жаңа мемлекет, ондағы бөліну, заң шығару, әскер туралы айтып өту.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы туралы айтқанда екі үлкен өзеннің (Хуанхэ, Янцзы) төменгі ағыстарыныңбойында өмір сүрген қытай тайпаларына тоқталып, Чэн тан негізін салған Шан-Инь мемлекетінің билік жүйесі туралы баяндаймын.

Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болды. Елді басқару ісінің ру-тайпа көсемдерінің ықпалы басым болды. Патшалық билік барысында сарай қызметкерлері қалыптасты. Олардың арасынан патшаның бірінші кеңесшісі тағайындалды. Патшаның бұйрықтарының іске асуын қадағалайтын, жарлық-бұйрықтарын жазып отыратын арнайы адамар тағайындалды. Патшалық қазына мен мұрағат басшысы ретінде тағы бір адам қызмет етті. Осылайша алғашқы билік жүесі қалыптасты. Елдің шағын мемлекеттерге бөлініп, олардың арасындағы талас-тартыс, күрестің күшеюі елдіңдамуына әсер етті. Өзендерге бөгеттер мен каналдарды әркімнің өз қалауынша жасап алуы ауыл шаруашылығына кері әсер етті. Әрбір мемлекеттің шекарасынан өту үшін кеден салығын төлеу қажеттігі сауда байланыстарының дамуын тежеді. Елдегі ішкі наразылықтар мен көшпелілердің басып көру әрекеттерін болдырмау үшін мықты мемлекет қажеттілігі сезілді.  Ондай мемлекетті саудагерлер де қажет деп есептеді. Бұл олардың бүкіл ел көлемінде еркін сауда жүргізуіне  мүмкіндік беретін еді. Б.з.б. IV ғ. Цин мемлекетінде бірнеше заң шығарылып, оны патша қызметкері Шан Ян жүзеге асырып отырды.

Әскер өмірінде де үлкен өзгерістер болды. Қару-жарақтар бұған дейін қоладан жасалып келсе, енді темірден жасала бастады.Әскерде тәртіп орнады. Ақырында б.з.б. ІІ ғасырдың алғашқы жартысында  Цин тапшалары өзінің қарсыластарын бағындырды. Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды. Биліктің бәрін қолына алған патша Янцзы өзенінің  солтүстігінде жаудан, яғни көпелілерден қорғану үшін мықты қорған салдырды. Оны Ұлы Қытай қорғаны деп атады. Сонымен әскер ұстау үшін, Ұлы Қытай қорғанын, алым-салықтар көбейтілді. Цин Ши Хуан қайтыс болғаннан кейін елде жаппай көтеріліс етек алды.Бұл тақырыпшаны Ежелгі Үнді мемлекетінің құрылуымен салыстыра отырып айтамын.

Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы туралы айтқанда Қытайда ауыл шаруашылығы басты сала болғандығына, жылқы малын бағуға ерекше мән берілгендігіне тоқталамын.

Маңызды шаруашылық салаларының бірі егіншілік болды. Жеміс-жидек, бау-бақша шаруашылығымен қатар, қолөнер де дамыды. Ірі мемлекеттік шеберханалар да болды. Өте ертеден жібек маталар тоқу өнері жақсы дамыды. Жібек маталардың шетке шығарылуы Ұлы Жібек жолын қалыптастырды. Бұл матаны жасауды басқа елдер білмегендіктен, матаға сұраныс көп болды.

Осы арада Ұлы Жібек жолының пайда болуы, тармақтары, оның бойындағы елдер таныстырылып, картамен қосымша жұмыс жүргізу, оны Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып, сұрақ-жауап түрінде түсіндіру де тиімді.

Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында Цин патшалығы  құлап, орнына келген Хань әулетінің билеушілері Қытай мемлекетінің жерін кеңітіп, жаңа жерлер қосты. Олар басқыншылық жорықтар жасап отырды, басты мақсаттары жаңа жерлерді басып алып, сауда жасау болды.

Ежелгі Қытай мемлекетіндегі алым-салықтың көбеюі, жерді шағын топтардың ғана иеленуі, тұрмыс жағдайының қиындауы-осының бәрі халықтың үкіметке наразылығын туғызды. Ван Ман деген адам өзін патша жариялап, билікті тартып алды. Осы кезеңде «Қызыл қастылар көтерілісі» болды. Б.з. 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, Ван Манды өлтірді. Бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайтадан билікке келді. Б.з. ІІ ғасырдың соңында көтерілістің жаңа толқыны басталды. Олар бастарына сары орамал байлап жүргендіктен, «Сары орамалдылар көтерілісі» деп аталды.    Сөйтіп аяғында Қытай мемлекеті үш тапшалыққа ыдырап кетті.

Білімді бекіту және іскерлік пен дағдыны  қалыптастыру мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:

  1. Алғашқы Қытай тайпалары қай жерлерде өмір сүрді? Шан-Инь мемлекеті ше?
  2. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды? Цин Ши Хуанди деген кім? Ол қандай өзгерістер жасады?
  3. Ауыл шаруашылығы қалай дамыды? Жер шаруашылығына ерекше мән берудің себептері неде деп ойлайсыңдар?
  4. Қауымдық және ірі жер иелену дегенді қалай түсінесіңдер?
  5. Жібек маталардың ерекшеліктері неде?
  6. «Ұлы Жібек жолы» деп неге аталған?
  7. «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» туралы не білесің?

Бұл тапсырмалармен қатар қазіргі Қытай мемлекетіне қатысты жағдайларды атап өтемін.   Сыныптан тыс оқуға арналған «Елшінің саяхаты» әңгімесін практикалық тапсырма ретінде беріп, дербес жұмыс жасауға жаттықтырып, жаңа сөздерді меңгеруге кірісемін.

Қорытынды сабақ мазмұнын тұжырымдай келіп, әр оқушының жұмысқа икемділігін, ынта ықылыасын, белсенділігін, білімін, іскерлігін атап өтемін.

IV . Үй тапсырмасы:§20.