Алғашқы адамдардың пайда болуы

269

6-сынып. Ежелгі  Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

  • Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру
  • Оқушылардың білімдерін дамыту
  • Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:Баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?
  2. Ерекшелігі?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының шығуы.
  2. Алғашқы адамдардың кәсібі
  3. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері
  • Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
  • Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Сабақты бекіту:

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
  2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?
  3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын  қағаз бетіне түсіру.