6-сынып. Ежелгі дүние тарихы Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

255

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы:  Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы турала айта отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы , сонымен қоса Грекия, Рим, Хетт, Финикия, Палистина т.б. елдер туралы өтетіндігімізден хабардар ету.
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқулықпен, авторларымен таныстыру.

Сабақтың түрі:  Кіріспе

Сабақтың әдісі:     сұрақ-жауап                       

Сабақтың көрнекілігі:    карта, суреттер, кітап

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы зор. Оны оқу барысында  адамзаттың алғашқы даму жолы, мемлекеттердің даму заңдылықтары, әлеуметтік-шаруашылық салаларындағы өзгерістердің себептері мен салдарлары, рухани өмірде қол жеткен табыстар, т.б. туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл пәннің тәрбиелік мәні де үлкен.

5-сыныпта «Ежелгі дүние тарихы» пәні оқытылды. Ал 6-сыныптың дүние тарихы соның жалғасы.

Қазірге дейін қолданып келген 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы оқытылғанымен,  тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарас басым болды. Бұл көзқарасты ұстанған ғалымдардың  оқулықтары ежелгі Грекия мен Римнің тарихын көбірек оқытуға баса көңіл аударды. Осы жағдай басқа халықтардың  көне тарихын оқып үйренуге нұсқан келтірді. Орта және Орталық Азияның ежелгі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады. Сондықтан да олар туралы мектептерде нақты білім берілмей келді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында бұл оқулыққа Орта және Орталық Азияда қалыптасып, дамыған ежелгі Бактрия, ежелгі Кушан, ежелгі Парфия патшалықтары туралы жеке тақырыптар енгізіліп отыр.

Сонымен қоса 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында оқушылардың өздігінен  оқуына лайықталған материалдар берілген. Оларды оқу тарихы жағдайлар мен оқиғаларды терең түсінуге көмектеседі.

ІІІ. Сабақты бекіту:   «Ежелгі дүние» атты тақырыпта эссе жазу.

IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы: Кіріспені оқып келу.