Қола дәуірінің негізгі сипаты

81

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Қола дәуірінің негізгі сипаты

Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде  жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:суреттер,сызба.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?
  • Палеолит ?
  • Тастан жасалған негізгі құралдарды ата.
  • Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?
  • Дін қалай шықты?
  • Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Өндіріске металл-құрал саймандардың енуі.
  2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу
  3. Андрон мәдениеті туралы мәлімет
  4. Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.
  5. Андрон баспаналары
  • Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл –б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды.
  • Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енесей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
  • «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».
  • Андрон мәдениетінің ерекшелігі
  1. Металл өңдеу игерілді.
  2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады
  3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.

Сабақты бекіту:

  • Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
  • Картадан Андрон мәдениеті таралған жерлерді тап. Олардың бүгінгі күнде қай мемлекеттердің аумағына жататынын анықта.
  • Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.
  • Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары