Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

66

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §16. Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

Сабақтың мақсаты:

  • Жетісуда шоғырланған Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, олардың хронологиялық шеңбері, қоғамдық құрылымы туралы түсіндіру.
  • Үйсіндер туралы жазба деректерден мәлімет бере отырып, білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.
  2. Оқулықтың мәтінінен сақтарда аңдың стильдің болғанын дәлелдейтін жерді тауып оқы.
  3. Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
  4. Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үйсіндердің орналасқан жері
  • Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып келеді. Үйсіндердің шығыс шегі  бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу мен Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
  1. Үйсіндер туралы жазба деректер.
  • Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құрылады» деп жазылған.
  1. Қоғамдық құрылысы.
  • Үйсіндердің басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.

Сабақты бекіту: Үйсіндер туралы деректер қай ғасырларға жатады?

  1. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.
  2. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды? Оларды сип. айтып бер.
  3. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?
  4. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?

Бағалау:   Үйге тапсырма: §16. Қосымша материалды оқып, мағынасын түсіндіру. / «Қытай патшайымының өлеңі»