Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

53

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §25. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

  • Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқаның тұрғындары, олардың шаруашылығы ескерткіштерінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, тарихи танымы жоғары дәрежеде қалыптасқан тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?
  • Әскери демократияның мәні неде?
  • Сарматтардың әсемдік заттарын ата.
  • Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?
  • Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ерте темір дәуіріне шолу
  2. Сарыарқа-ұлы дала
  • Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр. Ал оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.
  1. Сарыарқаның тұрғындары
  • Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
  1. Шаруашылығы
  • Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.

Сабақты бекіту:Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

  1. Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.
  2. Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?
  3. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

Бағалау:       Үйге тапсырма: §25.  Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.