ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

273

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Сабақтың  мақсаты.

білімділік: Оқушыларға адамзат тарихының ең сұрапыл, қанды-қырғын ошағына айналған

екінші дүние жүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар, соғыс барысы,

салдары жайында түсіндіру.

дамытушылық : Тақырып бойынша өз бетінше іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыс істеуге

дағдыландыру, ой-өрісін дамыту. Материалдарды  тұжырымдап аяқтау, жүйелі ойлау

мен талдай білу, бірлесіп және өздігінен  жұмыс істеу дағдыларын  жетілдіре отырып,

оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру

тәрбиелік:Оқушыларға патриоттық Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру және оларды өз

Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу. Қиын-қыстау кезінде Отанды қорғай білу,

туған жерге деген сүйіспеншілікке, ұлттар арасында достық сезімдерін қалыптасуына,

елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың қамтамасыздандырылуы

а) оқу-көрнекілік  құралдар : Карта,кесте, суреттер.

  • Екінші дүниежүзілік соғыстың картасы.
  • 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысының картасы;

б) ТОҚ :  Интерактивті тақта (Слайд)

Пәнаралық байланыс : Саясаттану,Қазақ әдебиеті.Алғашқы әскери дайындық

Қолданатың  әдебиет

Негізгі:Г.К.Көкебаева, Ж.И.Салпынов «Қазіргі заман тарихы»

Қосымша: О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И.Строганов, Г.Д.Сүгірбаева

«XX-ғасырдағы дүние жүзі».  Ә.Шүпеков, К.Қожахметұлы, М.Дәкенов, М.Сембинов

«Дүние жүзі тарихы». Интернет материалдары.

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Жаңа сабақты түсіндіру
  1. Жаңа сабақты бекіту      
  2. Бағалау      
  3. Үйге тапсырма.  

VII.            Рефлексия  

 

Сабақтың өту барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру

  • «Кім,қайда,қашан»

«Кім»

1 1917жылғы Социалистік революцияның көсемі?  В.И.Ленин
2 «14-пунктің» авторы АҚШ президенті Вудро Вильсон
3 АҚШ «Жаңа бағыт» саясатының авторы? Ф.Д.Рузвельт
4 «Менің күресім» деп аталған еңбектің авторы? А. Гитлер
5 Романовтар әулетінің соңғы патшасы? II-Николай
6 «Пейілдендіру саясатын» белсенді жүргізген ағылшын премьер-министрі?  Невелл Чемберлен
7 1914жылы 28-маусымда Сараевода өлтірілген ханзада? Франц Фердинанд

 

                                                                           «Қайда»

1 Социалистік революцияның бесігі болған қала? Санк- Петербург
2 1917жылы 28-шілдеде Австрия-Венгрия соғыс жариялады? Сербияға
3 1918жылы 11-қарашада 1-дүниежүзілік соғыс аяқталды Компьен орманында
4 А.Гитлер «Майн кампф»  деген кітап жазды? Түрмеде
5 Жапония 1931жылы басып кірді? Маньчжурия
6 1932жылы Лозанна конференциясында репарация төлеуден босатылды? Германия
7 1922жылы қазан айында фашистік отрядтар жорық жасады? Римге

                                                                                    «Қашан»

1 I-Дүниежүзілік соғыс аяқталды? 1918жылы 11қарашада
2 КСРО құрылды? 1922жыл 30-желтоқсан
3 Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс болды? 1929-1933жыл
4 «Дауэс жоспары» қабылданды? 1924жылы
5 Шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактісіне қол қойылды? 1939жылы 23-тамыз
6 Екінші дүниежүзілік соғыс басталды? 1939жыл 1-қыркүйек
7 Ұлы Отан соғысы басталды? 1941жыл 22-маусым.

 

II Дүние жүзілік соғыс жылдарында бұл адамдардың есімі несімен

белгілі болды?

1 Риббентроп Германия сыртқы істер министрі
2 Ф. Рузвельт АҚШ президенті
3 Д. Эйзенхауэр Одақтастар әскерін басқарған американ генералы
4 У. Черчилль Ұлыбритания премьер-министрі
5 Шарль де Голль Франция Қарсыласу қозғалысының жетекшісі
6 В. Молотов 1939жылы 23-тамызда құпия хаттамаға қол қойған КСРО сыртқы істер министрі
7 Г. Жуков 1945жылы  8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған маршал)
8 Кейтель 1945жылы  8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған фельдмаршал)
9 Паулюс- 1942жылы 19-қарашада Кеңес әскерлері Сталинград түбінде үлкен шайқас бастады, соның нәтижесінде 22-фашист дивизиясы қоршауға алынды. Екі айға жуық қарсылық көрсетуден кейін генерал- фельдмаршал Паулюс басқарған 7-неміс армиясы тізе бүкті.)
10 Иосип Броз Тито Югославия азаттық  күресінің жетекшісі

 

                                                                  Әскери операцияларға баға бер:
1 “Барбаросса” Фашистік Германияның Кеңес Одағын жылдам талқандау жоспары
2 “Ост” Фашистік Германияның  Кеңес Одағымен Шығыс Европаны  мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары
3 “Вайс” Польшаға шабуыл жасау жоспары
4 “Теңіз арыстаны” Аңглияны әуеден үздіксіз бомбалау жоспары
5 “Тайфун” Фашистік Германияның Мәскеуге шабуыл жоспары
6 “Эдельвейс” Фашистік Германияның Солтүстік Кавказды жаулап алу

жоспары

7 “Багратион” Қызыл Армияның Белоруссияны азат ету жоспары
8 “Оверлорд” 1944жылы 6-маусымда Францияның солтүстік -батысында Нормандияда  ағылшын-американ әскерлерін түсіру бойынша «Оверлорд» операциясы басталды, оның мақсаты екінші майданды ашу.
9 Уран Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу

 

 

Болған оқиғаларды жаз:
1 1938жыл

29-30қыркүйек

«Мюнхен келісімі»
2  1939жыл 30-қараша

1940жыл 12-наурыз

Кеңес-Фин соғысы
3  1940жылы

27-қыркүйек

Германия,Италия, Жапония мемлекеттері «Құрыштық пактіге» қол қойып, әскери -саяси одақ құрды
4  1941жыл наурыз АҚШ конгресі Ленд-лиз заңын қабылдады (қарыз беру заңы)
5  1941жыл 8-желтоқсан АҚШ конгресі Жапонияға соғыс жариялады
6 1941жыл 11-желтоқсан Германия мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады.
7 1943жыл. 28-қараша

1желтоқсан

Тегеран конференциясы
8 1941жыл 14-тамыз АҚШ пен Ұлыбритания «Атлантикалық хартия» деп аталған құжатқа қол қойды.
9 1942жыл 1-қаңтар Вашингтонда 26-мемлекет фашистік елдер одағына қарсы бірігіп күресу туралы құжатқа қол қойды.
10 1943жыл 25-шілде Италияда Муссолини орнынан түсіріліп, қамауға алынды.

 

Терминдерге түсінік бер:
1 Автотаризм 4 Фашизм 7 Ленд – Лиз
2 Тотолитаризм 5 Шовинизм 8 Миллитаризм
3 Модернизация 6 Репорация 9 Агрессия

 

 

 

 

 

Р/с Жылдар Шайқастар
1 1942жыл 19-қараша

1943жыл  2-ақпан

 

Сталинград шайқасы

2

 

1941жыл 10-шілде

1944жыл  9-тамыз

Ленинград шайқасы

(900-күн)

3

 

1943жыл 5-шілде

1943жыл 23-тамыз

Курск доғасындағы шайқас
4

 

1941жыл 30-қыркүйек

1942жыл 20-сәуір

Мәскеу үшін шайқас
5

 

1945жыл 16-сәуір

1945жыл 8-мамыр

Берлин шайқасы
6 1941жыл 7-желтоқсан Перл – Харбор шайқасы
7 1943 жылдың

қыркүйек- қараша

Днепр үшін шайқас
8 1945жыл қаңтар Висла-Одер операциясы. Шайқас Балтық теңізінен

Карпатқа дейінгі майданда жүргізілді.

 

                                                            III. Жаңа сабақты түсіндіру

  XVII ғасырда Барлық сағыстардан 3млн 300мың адам қаза болды.
  XVIII ғасырда Барлық соғыстардан 5млн 200мың адам қаза болды.
  XIX ғасырда Барлық соғыстардан 5млн 500мың адам қаза болды.
  Негізгі көрсеткіштері Бірінші дүниежүзілік соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс

(2194-күн)

1 Басталуы және аяқталуы 1914жыл 28-шілде

1918жыл 11-қараша

1939жыл 1-қыркүйек

1945жыл 2-қыркүйек

2 Соғыстың ұзақтығы 4жыл 3 ай 6жыл
3 Соғысқа қатысқан мемлекеттер саны 38 72
4 Шайқастар Марна шайқасы,

Верден шайқасы     Сомма шайқасы, Капоретта шайқасы,

Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск доғасы, Перл-Харбор.
 

 

5

 

 

Қолбасшылар

Генерал:Шлиффен,

Генерал А.А.Брусилов,

Француз қолбасшысы:

Нивель, Француздар  бас қолбасшысы: Ж.Ж.Жоффр

Генерал:Д.Эйзенхауэр,

Маршал: Г.К.Жуков,

Генерал: Д.Макартур,  генерал Эрвин Роммель, К.К.Рокоссовский, Н.Ф.Ватутин, А.И.Еременко,

6 Қару түрлері Ұшақ, Минамет, Танк, Химиялық қару «Катюша»

Атом бомбасы

7 Соғысқа қатысқан мемлекеттердің халық саны  

1 млрд –тан астам адам

 

1,700 млрд адамд.

8 Соғыс қимылдары өткен жер көлемі Соғыс 4 млн шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғыс 22млн шаршы шақырым жерді қамтыды.
9 Әскерге мобилизация-ланғандардың саны 70 млн адамнан астам 110 млн адамнан астам
10 Қаза тапқандар саны 13,6 млн адамнан астам 64 млн адамнан астам
11 Жараланғандар мен мүгедектер 20 млн жуық 90 млн адамнан астам
 

12

Материалдық шығындары ( млрд доллар есебінде)  

360

 

4000

13               КСРО

Ұлы Отан соғысы

(1418күн)

 27 млн. адам қаза тапты, 2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер қирады, 70 мың ауыл жойылды,25млн адам баспанасыз қалды, 32мыңнан астам өнеркәсіп істен шықты.
 

14

 

Қазақстан

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Барлығы-11600адам, Қазақстандықтар-497, қазақтар-97, қазақ қыздары-2. ҰОС-да қаза тапқан қазақстандықтар- 600мыңнан астам.

Соғысқа 500 мың қазақ аттанған. Оның 70% қайтыс болған

 

Соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар.

Тегеран

конференциясы

Ялта (Қырым) конференциясы Подстам (Берлин) конференциясы
1 1943жыл 28-қараша

1-желтоқсан.

1945жыл.

4-11 ақпан.

1945жыл.

17-шілде 2-тамыз

 2 КСРО-И.Сталин,

АҚШ-Ф.Д.Рузвельт,

Аңглия- У.Черчилль

И.Сталин,

Ф.Д.Рузвельт,

У.Черчилль

КСРО- И.В.Сталин,

АҚШ- Г.Трумэн,

Англия-У.Черчилль

( 28-шілдеден кейін

Климент Эттли)

3 1944жылғы соғыс қимылдарын бірлесе жүргізу мәселесін және соғыстан кейінгі реттеу мәселесін талқылау.  Екінші майданды ашу.

Германияны талқандаған соң КСРО Жапонияға қарсы соғыс ашуға уәде берді.

Германияның болашағы туралы шешім қабылдау.

Германияны талқандағанша соғысты жалғастыру, фашистік ұйымдарды тарату, соғыс өнеркәсібін жойып, демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру. Германияны талқандаған соң КСРО 2-3 айда Жапонияға қарсы соғыс ашуға тағы да  уәде берді.

Соғыстан кейінгі Германия мәселесін реттеу: Герман әскерін тарату, соғыс өнеркәсібін жою, ұлттық- социалистік партияны жою, халықаралық әскери трибунал құру, Шығыс Пруссияның Кенисберг қаласы-КСРО-ға берілді. Шығыс Германиядан алынатын төлемдерді түгел иемденуге келісті.

1945ж 8-тамыз КСРО Жапонияға соғыс жариялады.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту
  2. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен сипаты?
  3. КСРО ұстанған саясатқа қандай баға беруге болады?
  4. Қырым-Потсдам конференциялары қандай мақсатпен шақырылды?
  5. Германия мен Жапония озбырлық саясат жүргізгені үшін қалай жазаланды?
  6. Қырым-Патсдам жүйесіне сәйкес шекаралар қалай өзгерді?
  7. Бағалау. Оқушылар пікірлерін тыңдау және талдау. Пікір айту.

Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және бағалау.

  1. Үй тапсырмасы: Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары.
  • «Бәрімізге ортақ Ұлы Жеңіс» тақырыбында шығарма жазу.
  • I-топқа  А.Гитлер

II-топқа  И.В.Сталин

III-топқа  Ф.Д.Рузвельт.

Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері қандай, нәтижесі).

  • Отан туралы мақал-мәтелдер.

Мысалы:  «Отан үшін отқа түс күймейсің» Б.Момышұлы.

  • «Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан» атты реферат немесе қысқаша баяндама дайындау.

 

VII.  Рефлексия  

  1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
  2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
  3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
  4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?