Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы

485

Геометрия 9 сынып

Пән: геометрия Күні: Сынып 9
Сабақтың  тақырыбы Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы
Сілтеме Геометрия 9 сынып «Мектеп» 2009, оқушы анықтамасы

 

Жалпы  мақсаты Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

 

 

 Оқу  нәтижесі

-Құнды  пікір айтуға, басқаның  ойын  сыйлауға   үйренеді.

— сыныпта диалогтік әңгіме дамиды .

-Топпен  жұмыс жасай  отырып балалар  еркін  ойлауға  қалыптасады.

 

Туындайтын  идеялар Параллель жазықтықтар, қиылысқан жазықтықтар туралы мағлұмат алады; перпендикуляр жазықтықтармен танысу, түзулердің, жазықтықтардың, түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлық белгілерін, түзу мен жазықтықтардың өмірге қажеттілігін түсінеді

 

Сабақ барысы Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті
1. Амандасу

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин.

Шаттық шеңберіне тұрғызады Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады

 

Сыныпты топқа бөлу

2 мин.

Геометриялық фигураларды таңдата отырып,төрт топқа бөледі Оқушылар фигуралар бойынша 4  топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы

4 мин.

Миға шабуыл.

1.Грек тілінен аударғанда стереометрия қандай мағына береді?

2.Стереометрия нені зерттейді?

3.Кеңістікте түзулер қалай орналасады?

4.Айқас түзулер дегеніміз не?

5.Жазықтық пен түзудің параллельдік белгісін ата?

6.Түзу мен жазықтықтың қиылысу белгісін ата

7.Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?

8.Кубтың неше жағы, неше қыры бар?

 

№269 есеп

B       C   1) BC мен A1D1 — қырлары

А         D        өзара параллель орналасқан

B1               C1  2) BC мен СC1 қырлары

А1         D1        өзара перпендикуляр орналасқан

 

Топтың бір мүшесі шығып шардың ішіндегі сұраққа жауап береді. Жауап беруге қиналса өз тобынан көмекші шақыруға құқығы бар.

 

 

 

Өзін-өзі тексеру

Жаңа тақырып

7 мин.

«Ыстық орындық»

Мұғалім «ыстық орындыққа» отырып, оқушылардың тақырыпқа байланысты сұрақтарына жауап береді

 

оқушылар мәтінді оқиды, содан кейін жаңа тақырып  бойынша мұғалімге сұрақтар қояды.
Білімді бекіту

9 мин.

 Есеп шығару: Қыры а-ға тең ABCDA1B1C1D1кубы берілген

1 топ 1) AD қырына параллель жақтарын көрсетіңдер;

2 топ 1) AB қырына перпендикуляр қырларын көрсетіңдер;

3 топ 1) АА1 қырына перпендикуляр жақтарын көрсетіңдер;

4 топ 1) AB1C жазықтықтағы мен АА1В1 жағының қандай кесінді боцвмен қиылысатынын көрсетіңдер

Дарынды оқушылар тапсырмасы:

1)    А1В мен АС-ны табыңдар

2)    АА1С1С қимасынның   ауданын табыңдар

Топ оқушылары есеп шығарады.
Сергіту сәті

2 мин.

Сергіту жаттығулары Оқушылар жаттығулар жасайды
Постер жасау

5 мин.

Жаңа тақырып бойынша постермен жұмыс. «Қоршаған ортадағы түзулер мен жазықтықтар» Постер жасап, қорғайды
Тест

5 мин.

1.Стереометрияның негізгі түсініктеріне не жатады?

А) нүкте, кесінді, түзу

В) нүкте, түзу, жазықтық

C) нүкте, сәуле, түзу

D) кесінді, түзу, жазықтық

2. Түзу жазықтықты 900-пен қиып өтсе ол:

А) параллель

В) көлбеу

C) перпендикуляр

D) барлығы да дұрыс

3. Кеңістікте түзу мен жазықтықтың орналасуы:

А) параллель немесе қиылысады

В) тек параллель

C) қиылысады

D) айқасады

4. Кеңістікте екі жазықтықтық қалай орналасады?

А) параллель

В) перпендикуляр

C) параллель немесе қиылысады

D) барлығы да дұрыс емес

5. Кубтың бір жағына перпендикуляр нешеқыры бар?

А) 1    В) 2       C) 3          D) 4

Тест кілті:

1) B

2) C

3) A

4) C

5) D

Білімдерін тексеру. Бір-бірінің дәптерін сағат тілі бойынша жолдастарымен алмастырып,   жауабын тақта арқылы тексереді.
Қорытындылау

3 мин.

Әсерлі камера

Сабақ туралы оқушылардың соңғы жаңалықтарын камераға түсіріп, сыныпқа көрсетеді

Оқушылар жаңа сабақ туралы  соңғы жаңалықтарын 30 секунд ішінде баяндайды
Рефлексия

2 мин.

Сабақ қалай өтті? Сабақтан алған әсерлерін жазады
Үй тапсырмасын түсіндіру

1мин.

 § 16 оқу, №270 Күнделікке тапсырманы жазып алады
Бағалау

3 мин.

Түсіндіре сараптай отырып бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басының бағалауы

Критерийлері:

1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану

2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі.

3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы

4. Жеке тапсырмаларды орындауы

 

0-4 балл  — «2»

5-6 балл  — «3»

7-8 балл  — «4»

9-10 балл — «5»