Рационал сандарды бөлу.

177

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.

  Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды бөлу ережелері  туралы теориялық білімдерін іс жүзінде

қолдана білу   бейімділігін қалыптастыру.

     Міндеттері:

1.Есептер шығару барысында оқушылардың шығармашылығын, ойлау икемділігін шыңдау.

2.Оқушылардың ой-өрісін ынтасын арттыру, іскерліктерін және  өз бетімен еңбектену қабілеттілігін, белсенділігін дамыту.

  1. Ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке және дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау сабағы

Әдісі: саяхат сабақ

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар, саяхаттың «жүру бағыты»

Барысы:

І. Оқушылармен амандасып, үйге берілген №552 есепті тексереміз.

Слайд №1.

Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның бас қаласы  — Астанаға саяхат жасаймыз. Алдымен саяхаттың «жүру бағытымен» таныстырып кетейін. Сондықтан Астана тарихы туралы дерекке назар саламыз. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындағанда Астана қаласының мәдени орындары туралы мағлұматтар алып отырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны (Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде «Бәйтерек» туралы мағлұматтар беріледі)

Слайд №2.

  • Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесі қалай айтылады?
  • Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі қалай айтылады?
  • Сандарды қандай рационал сандарды бөлуге болмайды?
  • Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең?

ІІІ. Есептер шығару.

№562. Слайд №3(Есептерді дұрыс орындағанда «Президенттің резиденциясы» туралы мағлұматтар беріледі)

  • (9-17) : (8-12)
  • (-32:8) – 0,5*(-6)
  • -2 * (-0,7) – (-28) : 4

№557. Слайд №4 («Сағат»)

  • -5,3*х=6.1
  • 3*(-х)=-2,34
  • -6,1*у=19,52

 

№560. Слайд №5 (Абай ескерткіші)

Ауызша өрнектердегі а-ның орнына қандай сандар қоюға болмайды?

1) (а+7)/4а                                                           2) (а+6)/(а-6)

3)а²/(а+1)                                                             4) (а-9)/ а²

 

№566. Слайд №6 (Астананың әуе жайы)

Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Меруерт 1 сан ойлап, оны тақтаға жазды. Айнұр ол санға 14-ті қосты, ал Айман оған Меруерттің ойлаған санының 20 арттырып, тағы да қосты. Сонда қосынды -47,6-ға тең болды. Меруерт қандай сан ойлады?

Қорытындылау, бағалау. Математикалық эстафета. (Интерактивті тақтада берілген кестені дұрыс әрі жылдам толтыру керек)

 

          бөлгіш

бөлінгіш

-2 -3 -6 -5
-18
24
-36
54

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегіңде болсын кез.

— деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі сабақтағы еңбектеріңе рахмет айта отырып, келесі сабақтарға табыс тілеймін.

 

Үйге тапсырма: §17. №564