«Үздік математик»

69

 

Сайыс тақырыбы: «Үздік математик»

Мақсаты:

дарынды оқушыларды анықтау;

олардың қабілеттерін ашу;

алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;

сергектік,зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру

Көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар

Эпиграф:  Сен ғылымға болсаң ынтық,

                    Бұл сөзімді әбден ұқ:

                    Білгеніңнің жақсысын қыл,

                    Білмегенді біле бер                      Ш.Құдайбердиев

Сайыс барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Әділ қазылар алқасын сайлау
  3. Сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады

Сайыс логикалық сұрақтардан тұрады. Қатысушы оқушы берілген сұрақтарға дұрыс, нақты және жылдам жауап беру қажет. Сұрақтарды мұқият тыңдаңдар.

І турдың сұрақтары:

  1. Жүз санын жартыға бөл (100:0,5=200)
  2. Бір топ үйректер ұшып келеді: біреуі алдында екеуі артында,біреуі артында екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша үйрек ұшып келеді?

(Үш үйрек)

  1. Дәрігер Айболиттің қабылдауына бірнеше аңдар келді: екі иттен басқасының бәрі,екі мысықтан басқасының бәрі, екі қояннан басқасының бәрі.Айболитке қанша аң келді? (Үш)
  2. Теңіз жолы қандай екі нотамен өлшенеді? (ми, ля)
  3. Қандай екі нотаны қосып оқығанда тұтас бір нәрсенің бөлігі шығады? (до, ля)
  4. « Пропорция »сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? ( ән)
  5. Бұл сандарды ертеректе « өтірік сандар» деп атаған. Ол қай сандар? (теріс сандар)
  6. Ешқандай амалдар қолданбай-ақ 666 санын 0,5 есе қалай өсіруге болады? (аударсақ 999)
  7. Римше жазылған ХІІ санын жартысы VІІ саны болатындай етіп қалай бөлуге болады?(ХІІ)

ІІ турдың сұрақтары:

1.Барлық діндердің тарихы –бір» (Математика-барлық ғылымдардың патшасы)

  1. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600( үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800)
  2. Трапецияның кіші бұрышына кіші қабырғасы қарсы жатады(үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады)
  3. « Жер өлшеу» сөзі ежелгі грек тілінде қалай айтылады? (геометрия)200. « Алға қарай жүру,өсу» сөзі латын тілінде қалай айтылады? (прогрессия)
  4. «Жетелеуші» сөзі латын тілінде қалай айтылады? (вектор)

6.Математикада координаттар әдісін енгізіп және оның қолданылу тәсілдері туралы өзінің «геометрия » кітабында жариялаған қай ғалым? (Декарт)

  1. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын есептеп тапқан ұлы грек математигі кім?(Архимед)
  2. Музыкалық дыбыстарға тәжірибе жасай отырып, дыбыстардан пайда болған қатынастарды математика тілінде берген атақты  оқымысты кім? (Пифагор)
  3. Ертеректе «сынық сандар» деп қандай сандарды айтқан? (бөлшек сандар)
  4. ХХ ғасырда тарихта аты қалған доға? (Курск доғасы)
  5. ХХ ғасырда жоғары әскери белгіні білдірген қандай көпбұрыш? (бесбұрыш)
  6. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
    13 .Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
    14. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
    15. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)
    16. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
    17. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
    18. Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
    19. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
    20.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
    21.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
    22. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
    23.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
    24.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
    25.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
    26. төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)

ІІІ турдың тапсырмалары:

  1. Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір төртбұрышқа бөл
  2. Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір бесбұрышқа бөл
  3. Үстел үстінде екі кесінді жатыр. Осы екеуін пайдаланып төртбұрыш құра

ІҮ турдың сұрақтары:  «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.

  • Кері сандардың көбейтіндісі 1-ме? иә
  • 576-ның түбірі 29-ба?                                                                      жоқ
  • Теріс сандар 0-ден кіші ме?                                                            иә
  • Гипотенуза трапецияда бар ма?                                                     жоқ
  • Шеңбердің бұрыштары бар ма?  бар
  • Айда атмосфера бар ма?                                                                 жоқ
  • Нүктенің екінші координатасы абсцисса ма?                               жоқ
  • 7 саны жай сан ба?                                                                            иә
  • Әлемдегі планета санын 10-ға бөлгенде 10-нан 9 шыға ма?         иә
  • Тәуелсіздік мерекесі күнін 2-ге бөлгенде шығатын сан 10-ба? Жоқ
  • Тангенс икс тең болады косинус икс бөлінген синус икс пе?   Жоқ
  • Алымы бөлімінен кіші бөлшек бұрыс бөлшек пе?                    жоқ
  • 729-санының түбірі 37 ме?                                                           жоқ
  • -9 саны -8 санынан үлкен бе?                                                         жоқ
  • Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр ме?                                   иә
  • Нүктенің бірінші  координатасы ордината ма?                             жоқ
  • Минуттың алпыстан бір бөлігі секунд па?                                     иә
  • Әлемде 6 материк, 4 мұхит бар екені белгілі.Материк санын мұхит санына бөлгенде дұрыс бөлшек шыға ма?                                           Иә
  • Дұрыс бөлшек аралас санға айнала ма?                                          жоқ
  • «Математика –ғылымдар патшасы» деп Карл Гаусс айтты ма?   иә
  • Котангенс икс тең болады синус икс бөлінген косинус икс пе? жоқ
  • «Алгебра» сөзіндегі әріптер санын 8-ге бөлгенде 8-ден 7шыға ма?   иә
  • Косинус 300-та ½ -ге тең бе?                                                                  жоқ
  • Синус икс функциясы жұп па?                                                              жоқ

Ү турдың тапсырмасы:

Суретте неше үшбұрыш бар?          Суретте неше шаршы бар?

ҮІ турдың тапсырмалары:

1 тапсырма:

1) Бұл  оқымыстының фамилиясымен аталған.Бұл өте атақты оқымысты,ол туралы оны оқымаған бала да біледі;

2) Мұнда көпшілігі бала кезінен білетін фигура туралы айтылады,

3) Оны дәлелдеу керек, бірақ та оны баяғыда-ақ дәлелдеп тастаған;

4)Мұны дәлелдеген оқымыстының шалбарының барлық қырлары тең деген сөз қалған.

Жауабы:  Квадрат

2 тапсырма:

1) Бұл геометриялық фигура жұмыр, басы не аяғы жоқ,бірақ та оны тұтас көруге болады;

2) Бұл фигура күнделікті өмірде де.техникада да, архитектурада да қолданылады;

3)Оның ішімен қанша  жүрсең де, сол шыққан жеріңе қайтып келесің;

4)Оны циркульмен оңай салуға болады.

Жауабы: шеңбер

3 тапсырма:

1) Ол алгебра сабағында өтіледі. Бұл шексіздікке кететін қисық;

2) Егер жіпті екі қолыңмен ілініп тұратындай етіп ұстасаң, ол оған қатты ұқсайды

3) Адамдар оны бұрыннан біледі және өмірде қолданып та жүр: атты ерттегендегі ер тоқым;

4) Мұғалім айтты: бұл әдемі қисық график бір функцияның графигі, дәлірек айтқанда квадраттық функцияның графигі деп.

Жауабы: квадарт функцияның графигі

ҮІІ турдың сұрақтары:

1.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
2.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
3.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
4. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
5. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
6. . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
7. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

  1. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
    9.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
    10.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөлінеді)

Сайыстың  нәтижесін шығару. Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Жеңімпаздар марапатталады