Тақырыбы: «Үздік математик»

58

Тақырыбы: «Үздік математик»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді,  жан — жақты    болуға,  өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: презентация, плакаттар, шарлар.

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 7 класс оқушыларының арасында өткелі отырған «Үздік математик» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қалды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,- дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 1) Құдабаев Думан; 2) Қуанышев Руслан; 3) Райымқұлова Тұрсынгүл; 4) Күмісбаев Темірлан; 5) Пірімжаров Мержан.

Сайыскерлерімізге әділ баға беруші әділқазылармен таныстырып өтейін. Мектебіміздің математика пәні мұғалімі – Оразымбетова Гүлсезім,  География пәнінің мұғалімі – Әуетова Әмина.                                                                           Сайысымызды бастамастан бұрын сайыскерлерімізге арнап өз өнерлерін көрсету үшін биші қыздарымызды ортаға  шақырамыз.                                                          Дайын болсақ сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.                                                           1) Қас- қағым сәт (сұрақ-жауап)                                                                                            2)  Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал                                                                                                               3)Кім тапқыр?                                                                                                                    4) Есепке кім жүйрік?                                                                                                                 5) Кім көп біледі?  (формулалар жазу)                                                                                                                                                                                                                                                                      Сайыс шарттарымен таныс болсақ, сайысымызды бастайық.                                               І кезең «Қас-қағым сәт»   Бұл кезең бойынша сайыскерлерімізге 20 сұрақ қойылады. Сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі ойыншыға жауап беруге болады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.

  1. Бүйір қабырғалары тең үшбұрыш қалай аталады? (тең бүйірлі үшбұрыш)
  2. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш. (шаршы)
  3. Катет қандай үшбұрышта болады?
  4. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
  5. Тік бұрыштан кіші бұрыш. (сүйір)
  6. Геометрияның жазақтықтағы денені зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
  7. Үнділер «сунья», арабтар «сифр» деп атаған, біздер қазір не деп атаймыз? (0)
  8. Дәлелдеуді қажает етпейтін тұжырым. (аксиома)
  9. y= функциясының графигі. (парабола)
  10. Марат кешкі сағат 10 да ұйықтады. Ол сағат қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? (11)
  11. Шаманың   бөлігі қалай аталады? (процент)
  12. Нанды 3-ке бөлу үшін неше рет кесу керек? (2)
  13. Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
  14. Түнгі сағат 23.00-де жаңбыр қатты жауып  тұрды, 1 күннен кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
  15. Үшбұрыштың негізгі элементтері (3төбесі, 3 қабырғасы, 3 бұрышы)
  16. Үшбұрыштың қосалқы элементтері (медиана, биссектриса, биіктік)
  17. Қысқаша көбейту формулаларын не үшін қолданамыз? (есептеулерді тез шығару үшін)
  18. Кесінді мен сәуленің айырмашылығы.
  19. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180)
  20. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? (3)

ІІ кезең « Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал»  Бұл кезеңде ойыншыларымызға әзіл есептер оқылады. Мұқият тыңдап, ойланып жауап берулеріңіз керек. Кім бірінші қол көтерсе, сол ойыншы жауабын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі ойыншыға жауап беруге болады. Әрбір дұрыс жауап үшін 15 ұпай.

  1. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
  2. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
  3. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда, ол 5 мин бақырып жылады, ал ара шағып алғанда ол 3 мин  ұзақ бақырып жылады, өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда,  Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырып жылады. Анасы  Есетті 11 мин жуындырды. Есет жуынып болғаннан кейін де  қанша уақыт бақырып жылады? (5мин)
  4. Ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр. Жолға айдың жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын. Ер адам қара киімде болатын. Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады. Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді?
  5. Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде? (Себебі шал бес жүз теңгені алса, онда еш қызық болмайды, келесіде оған 500 бен 50 теңгенің екеуінен таңдау жасатпайтын болады. Ол әр таңдау жасатқан сайын 50 теңгені алып тұра алады. жұртқа қызық керек, ақымақ шалдың қалай 50 теңгені таңдайтынын тағы бір мәрте көргісі келетін «ақылды» туристер әрқашанда табылар.)
  6. Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?( Сендер мені арыстандармен бірге торға қамайсыңдар дейді)

ІІІ кезең «Кім тапқыр?» Бұл кезеңде ортаға бір ойыншымыз шығып, кеспе қағаздардың бірін таңдап, сонда жазылған мақалды ыммен түсіндіру керек. Кім бірінші қол көтерсе, сол ойыншы мақалды айтады.  Мақалды шешкен ойыншыға да, мақалды жасырған ойыншыға да ұпай саналады. Дұрыс жауап 10 ұпай.

  1. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
  2. 5 саусақ бірдей емес.
  3. 1 тал кессең 10 тал ек.
  4. Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
  5. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішер.
  6. Бес бармақ жұмылып, жұдырық болар.
  7. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарар.
  8. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстаға қария сәлем берер.
  9. Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың.
  10. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.

ІV кезең «Кім есепке жүйрік?»  Бұл кезеңде сайыскерлер конвертке жасырылған есептерді шығару керек. Әрбір   дұрыс есеп 5 ұпай.

 

№1 есеп.

37·42-1461=93

728:(617-526)=637

1541:23-21·3=4

900:15+640:16=100

№2

202·39-2952:41=7806

(871+433)·7-9120=8

(46·15-71·9):3=443

44·15:5-121·10:11=22

№3

(1240-916)·28:189=48

(6124+1152):34-209=5

(6526:251+19)·109-4899=6

(2110+132·24):182-27=2

№4

(1130+82·31):216=17

(324·11+16):179=20

250-1728:(300-284)=142

8364:68+5004:417=135

№5

1496:136·25:55=5

37·11-(777:37+252:14)=368

(161-18·8)·16: (67·8-468)=4

(351+117·5): (72·12-40·19)=9

 

Сайыскерлеріміз есеп шығарып болғанша көрермендермен ойын ойнатайын.

«Туған күнді табу»

Туған күнді 2 – ге көбейтіп, нәтижені 10-ға көбейт, көбейтіндіге 73-ті қос, осындыны  5-ке көбейт. Көбейтіндіге туылған айының реттік санын қос. Нәтижені айт.

V кезең «Кім көп біледі?» Бұл кезеңде ойыншылар 3 минут уақыттың ішінде өздері білетін формулаларды жазу керек. Әрбір дұрыс формула үшін 5ұпай.

Көрермендерге сұрақ:

1.Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

  1. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны? (қызы)
  2. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай? (шоферлер қыздар)
  3. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді? (шаштараздың)

Сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Кімнің «үздік математик» атанғанын білу үшін сөз кезегін әділқазыларымызға берейік. Келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Қалиева Жанат Қазбекқызына береміз.

Марапаттау

 

 

 

 

 


№1 есеп.

37·42-1461=

728:(617-526)=

1541:23-21·3=

900:15+640:16=

№2

202·39-2952:41=

(871+433)·7-9120=

(46·15-71·9):3=

44·15:5-121·10:11=

№3

(1240-916)·28:189=

(6124+1152):34-209=

(6526:251+19)·109-4899=

(2110+132·24):182-27=

№4

(1130+82·31):216=

(324·11+16):179=

250-1728:(300-284)=

8364:68+5004:417=

№5

1496:136·25:55=

37·11-(777:37+252:14)=

(161-18·8)·16: (67·8-468)=

(351+117·5): (72·12-40·19)=

 

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

5 саусақ бірдей емес.

 

 

1 тал кессең 10 тал ек.

Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.

 

 

Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішер.

Бес бармақ жұмылып, жұдырық болар.

 

 

Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарар.

Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстаға қария сәлем берер.

 

 

Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың.

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.