Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу

199

Тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу

 

   Сабақтың мақсаты:

  1. Сызбалары пайдалану арқылы үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу және олардың периметрін табуды үйрету.
  2. Логикалық ойлау, есте сақтау, ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту.
  3. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, отансүйгіштікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.

  Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс,ойын.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, «Домино», сызбалар.

 

  Сабақтың барысы:

   І. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабағымыз топпен жұмыс түрінде өтеді.Үш топқа бөлініп отырмыз. Әр топтың топ жетекшісі болу керек. Сондықтан орталарыңнан бір оқушыны топ жетекшісі етіп сайлаңдар.  Топқа бөлінгеннен кейін әр топтың аты болады. Сондықтан мына жерден топ жетекшілері топтың атын алсын.

    «Шаршы» тобы

    «Тік төртбұрыш» тобы

    «Үшбұрыш» тобы

     Жарыс болғаннан кейін бір топ жеңеді, бір топ жеңіледі, оған ренжімейміз. Әр топтың тапсырмаларды орындағандарына қайрай ұпай беріліп отырады, сабақ соңында жинаған ұпайларымызды санап, жеңімпаз топты анықтаймыз.

    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

    №4.

3 м 5 дм +2 дм=3м.7дм.

82см. — 40см.=42см.

36см. + 40см.=76см.

7см.+8см.=1дм.5см.

6дм.7см.-5см.=6дм.2см.

1дм.5см.-9см.=6см.

Ой сергіту жаттығулары.

48     52     67    95   82    74   41   56   63 т.б.

Екі таңбалы сандарды оқу, неше ондық, неше бірліктен құралғанын айту.

Қосындылар мен айырмалардың мәндерін тап.

19-7     25-9     18+7     21+9     74-5    35+7   т.б.

     ІІІ. Жаңа сабақ.

— Қандай фигураларды білеміз?

— Тік төртбұрыш дегеніміз не?

— Шаршы дегеніміз не?

— Кез келген фигуралардың периметрін қалай табамыз?

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Үшбұрыштың,тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.

Дәптермен жұмыс.

    Оқулықпен жұмыс.

    №1. І топ сары кесіндінің, ІІ топ көк кесіндінің, ІІІ топ қызыл кесіндінің ұзындығын өлшеңдер, тақтаға жазу:

3см.+2см.+7см. =12см.

Қандай фигура берілген?

Енді үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлшейік.

3см.+2см.+4см. =9см.

Олай болса үшбұрыштың периметрі 9см.-ге тең.

    №2. Қандай фигуралар берілген? Енді осы фигуралардың периметрін табамыз. Ол үшін әр топ жетекшілері тапсырмаларыңды алыңдар.

Әр топ өзіне берілген фигуралардың периметрін табады. Тақтаға орындайды. Орындағандарына қарай ұпай саны беріледі.

    №3.

Қызыл қарындаш-20теңге

Қалам-? 60 теңге қымбат                        ?

Жай қарындаш-20 теңге

 

Шешуі: 20тг.+60тг.=80тг.

20тг.+80тг.+20тг. =120тг.

Жауабы: 120 теңге.

     Кім жылдам? ойынын «Домино» ойыны арқылы ойнайық.

 

14-6 = 8+7 = 15-9 = 6-6 =   0
               
13-8 = 5+6 = 11+9 = 20-20 =   0
               
15-7 = 8+8 = 16-9 = 7-7 =   0

 

    IV.Математикалық диктант.  85    80     8    50    5    55

8 онд.-5онд=3 онд.

9 бірл. + 7бірл. =16 бірл.

8 бірл. — 3бірл. =5 бірл.

 

  1. V. Кім тапқыр? ойыны.

    №6. Қандай екі таңбалы сандардың қосындысы 100-ге тең болады.

8 онд.2 бірл.+1онд.8 бірл. =100

7 онд.2 бірл.+2онд.8 бірл. =100

3 онд.4 бірл.+6онд.6 бірл. =100

     5 онд.7 бірл.+4онд.3 бірл. =100

 

100- 4 онд.5 бірл. =5онд.5 бірл

100- 3 онд.8 бірл. =6онд.2 бірл

100- 1 онд.2 бірл. = онд.8 бірл

100- 6 онд.3 бірл. =3онд.7 бірл

 

    VІ. Қорытынды.

Мына фигуралардың ішінен тік төртбұрыштарды ата.

 

Тік төртбұрыштың, шаршының қасиеттерін анықтау.

     VІІ. Бағалау.

Әр топтың ұпай санын санап, жеңімпаз топты анықтау.

      VІІІ. Үйге тапсырма: №4, 137-бет