Түзулер мен жазықтықтар

165

Геометрия 9 сынып

 

Пән: геометрия Күні:

 

Сынып 9
Сабақтың  тақырыбы Түзулер мен жазықтықтар
Сілтеме Геометрия 9 сынып «Мектеп» 2009, оқушы анықтамасы

 

Жалпы  мақсаты Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

 

 

 Оқу  нәтижесі

-Құнды  пікір айтуға, басқаның  ойын  сыйлауға   үйренеді.

-Топпен  жұмыс жасай  отырып балалар  еркін  ойлауға  қалыптасады.

 

Туындайтын  идеялар Стереометрия туралы мағлұмат алады; кеңістіктегі  түзулердің, түзу мен жазықтықтың орналасу жағдайларымен танысады; түзулердің, жазықтықтардың, түзулер мен жазықтықтардың паралельдік белгілерін, түзу мен жазықтықтықтың негізгі қасиеттерін үйренеді

 

Сабақ барысы Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті
1. Амандасу

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин

Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады, сәттілік тілейді Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді

 

Сыныпты топқа бөлу 1 мин Оқушыларды 1, 2, 3, 4-ке саната отырып, төрт топқа бөлу Оқушылар 4  топқа бөлінеді
Жаңа тақырып

8 мин

INSERT стратегиясын қолдану

 

V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе) — «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе) + «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе ? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса)
Оқушылар оқулықты оқып, белгі қояды
Постер жасау

5 мин

Жаңа тақырып бойынша постермен жұмыс. Кеңістіктегі түзулердің орналасуын көрсетіңдер

 

Постер қорғайды.

Постермен алмасып кемшіліктерін көрсетеді. Өзгерістер  мен толықтырулар енгізеді

Сергіту сәті

2 мин.

 

Мультфильм көрсету Оқушылар бойларын сергітеді

 

Білімді бекіту

15 мин.

 Есеп шығару: ABCDA1B1C1D1

1 топ 1) АА1 қыры арқылы өтетін түзуге параллель барлық жазықтықтарды (жақтарын) атаңдар

2 топ 2) C1D1қыры арқылы өтетеін түзуге параллель барлық жазықтықтарды (жақтарын) атаңдар

3 топ 3) ABCD жағы арқылы өтетін жазықтыққа параллель болатын барлық түзулерді атаңдар

4 топ 4) A1B1C1D1 жағы арқылы өтетін жазықтыққа параллель болатын барлық түзулерді атаңдар

Топ оқушылары есеп шығарады.
Тест

6 мин.

1.     Планиметрия нені зерттейді?

А) кеңістіктегі фигураларды

В) түзулерді

C) жазықтықтағы фигураларды

D) кез-келген фигураларды

2. Стереометрия зерттейтін саласы

А) фигуралар аудандарын

В) кеңістіктегі фигуралар

C) жазықтықтағы фигуралар

D) бұрыштары

3. Айқас түзулер дегеніміз:

А) қиылыспайтын, параллель емес екі түзу

В) кеңістіктегі перпендикуляр түзулер

C) параллель түзулер

D) жазықтықта қиылысқан түзулер

4. Кеңістікте, жазықтыққа одан тыс жатқан нүкте арқылы қанша параллель жүргізуге болады?

А) шексіз көп

В) тек біреу ғана

C) екеу

D) болмайды

5. Кубтың бір жағына параллель неше жағы бар?

А) 2

В) 3

C) 4

D) 1

Білімдерін тексеру. Бір-бірінің дәптерін сағат тілі бойынша жолдастарымен алмастырып,   жауабын тақта арқылы тексереді.
Рефлексия

2 мин

Жарайсыңдар! Ризашылығымызды білдірейік. Шығармашылықпен  жұмыс жасағандарыңа рахмет .  Стикерлерге сабақ қалай өткені туралы ойлар жазады
Үй тапсырмасын түсіндіру

1 мин.

 § 16 оқу, №267 Күнделікке тапсырманы жазып алады
Бағалау

3 мин.

Түсініктеме сараптай отырып бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басының бағалауы

Критерийлері:

1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану

2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі.

3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы

4. Жеке тапсырмаларды орындауы

0-4 балл  — «2»

5-6 балл  — «3»

7-8 балл  — «4»

9-10 балл- «5»