Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Cантиметр.

74
  1. Сабақтың тақырыбы: Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Cантиметр.16 бет

Сабақтың мақсаты: 1.Ұзындықты өлшеудің мысалы ретінде см-ді қолданудың ерекшелігімен таныстыру 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Ой-өрісін дамыта отырып, см-дің көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Ұзындығы 1 см жолақша сызғыш..

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:   Кесінді дегеніміз не?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Мұғалімнің түсіндіруі: Заттардың ұзындығын өлшеу құралдары: метр, сызғыш, Сызғыш 1см-ден бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың ұзындықтары бірдей.

ә) Қарындашты өлшеп көрейік:

Демек, қарындаштың ұзындығы 6 см 7 мм.

Ү. Білімді бекіту.  Кесінді деген не?  ә) Дәптермен жұмыс.  Кесінді сызуды үйрену.

Үш нүкте, төрт нүкте арқылы кесінді сызу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау