Тригонометриялық функциялардың қасиеттері

62

Алматы қаласы Медеу ауданы №172 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Қазыбаев Талғат Талдыбайұлының қысқа мерзімді жоспары

 

20 қазан

2014жыл

алгебра

 

10 сынып

 

Сабақ тақырыбы:   Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
Жалпы мақсат: Тригонометриялық функция қасиеттерін білуге және оны осы функциялардың графиктерін салу кезінде пайдалана алуға үйрету.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

«Алгебра және анализ бастамалары» Әбілқасымова А, Жұмағұлова З.

 

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Тригонометриялық функциялардың графиктерін сызып, негізгі қасиеттерін айта білуі
Негізгі идеялар: Тригонометриялық функция тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: Үлестірмелі материалдар , функция графиктері, көрнекіліктер
Оқыту әдістері: Жеке оқушымен жұмыс

Топқа бөлу

Диалог

1.Топтық жұмыс

2.Жұптық жұмыс

 

Тапсырмалар: Функция графигін сызу, жекелеген функция қасиеттерін табу

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Сыныпты ұйымдастыру ( өткен материалды қайталау)  (2 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Өткен материалдар бойынша сөздік құрастыру туралы ұсыныс

Оқушының іс-әрекеті: Функция қасиеттері мен оны зерттеу тақырыбында кездесетін сөздерді бірінің айтқанын бірі  қайталамай айтып шығу
ІІ. Топқа бөлу (үй тапсырмасын тексеру)    (3 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Үй жұмысына берілген есептерге ұқсас есептер беру арқылы оқушы білімін тексеру әрі топқа ауызша бөлу.

Оқушының іс-әрекеті:  Өзі алған билеттегі есептің жауабын таба отырып  өзі бөлінетін топқа барып отыру.
ІІІ. Танысу мен ұйымдастыру сәті  (білімдерін тексеру)  (2 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Топ мүшелері арасында міндеттерді бөлісуді ұйымдастару

Оқушының іс-әрекеті:  Тобындағы оқушылармен бірігіп, өз орындарына отырғандарын тексеру. Топ басшысын,  топ атын, хатшыны сайлау. Топ мүшелерінің міндеттерін айқындау.

 

IV.Топпен жұмыс (15 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Тригонометриялық функция туралы қысқаша мәлімет беру

Оқушының іс-әрекеті:  Оқулықтағы нұсқаулықтарды оқи отырып тригонометриялық функциялардың

(у=, у=   , у=    , у=    ) графиктерін берілген қағазға салу

V. Жұмысты қорғау   (12 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Топ жұмыстарын бақылап, бағалау.

Оқушының іс-әрекеті:

Өздері салған тригонометриялық функцияны графиктері бойынша зерттеу  қорытындысын таныстыру, қорғау.

 

VI. Қорытындылау:  (5 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Сұрақтардың  тиімділігін қадағалау

Оқушының іс-әрекеті:

Қорғаушы топқа сұрақ қояды және  жақсы түсіндіре білген оқушыға шапалақтау арқылы баға береді.

VII.Келесі оқылым:  (1 мин) Оқушының іс-әрекеті:  Үйге  тапсырма

№ 78,79,80  А тобы есептері

VIII.Бағалау:   (3 мин)
 Мұғалім іс-әрекеті:

Формативті бағалау

Оқушының іс-әректі:

Топ басшылары топ мүшелерін еңбегіне қарай бағалайды

VIII.Рефлексия  (2 мин)
Мұғалім іс-әрекеті:

Бүгінгі сабақ ұнады ма, ұнамады ма ?

Оқушының іс-әректі:

Сұраққа жауап жазып өз ойларын білдіру.