Aйналу денелері. Тік цилиндр, оның элементтері. Цилиндрдің жазықтықпен қималары

128

 

Сабақ жоспары

 

Сыныбы: 11

Уақыты: 27.11.2014

Тақырыбы: Aйналу денелері. Тік цилиндр, оның элементтері. Цилиндрдің жазықтықпен қималары

Мақсаты.

  1. Педагогикалық мақсат: әр оқушының көп қырлы зиятын дамытып, оның өмірде болатын алуан түрлі өзгерістерге бейімделгіш, алған білімдерін кездескен тұрмыстық жайттарда немесе белгілі бір ғылым саласында толыққанды қолдана алатын, табанды да, шыдамды тұлға болуына мейілінше үлес қосу.
  2. Пәндік мақсат: әр оқушының логика-математикалық, кеңістікті елестету зиятын (қабілетін) дамытып, геометриядан теориялық және практикалық дағдыны қалыптастыру.
  3. Тақырыптық мақсат: оқушыға цилиндрдің неліктен айналу денесі деп аталу себеін түсіндіріп, оның белгілі бір бөліктерін есептей алуын және көлемін табуға үйрету, сонымен қатар қоршаған ортада кездесетін цилиндр пішіндес нәрселерді көрсету және осы тақырыптың сол аталатын нәрселерді зерттеу үшін қажет екендігін жеткізу.

Тақырыптың түйінді идеясы:  Цилиндр – айналу денесі.

Күтілетін нәтиже: Әр оқушы цилиндр және оның бөліктерімен тереңірек танысады, оның берілген бөліктерін еркін сипаттай, көлемін таба алады, Қоршаған ортада кездесетін цилиндр пішінді нәрселерді зерттеуде цилиндрдік қасиеттерін қолдана отырып зерттей алады.

 

Бөлімдер Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру 4 топқа бөлемін Ақылдаса отырып топқа бөлінеді
Тақырып Тақырыптық сұрақтар:

1. Тіктөртбұрышты оның қабырғасынан айналдырғанда қандай фигура шығады?

2. 43-суреттегі (Слайд 1)

а) қай кесінді цилиндр осіне жатады?

ә) Қай кесінді цилиндрдің биіктігі?

б) Қандай кесінді цилиндрге жасаушы болады?

3.  Тік цилиндрдің осьтік қимасының пішіні қанадай фигура болады?

4. Цилиндрге жанама екі жазықтық өзара қалай орналасуы мүмкін?

Мысалдар сұраймын

Көлем ұғымын беріп жіберемін!

Қосымша түсіндіріп жіберемін, геогебра бағдарламасынан қималарды көрсетемін

Топ болып ақылдасып, бір-біріне түсіндіре отырып, жауап береді

Өздері мысал келтіреді

Бекіту 1. Оқулықтағы тапсырмалар:

11-есеп. Табанының радиусы 4м және биіктігі 6 м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимаының ауданын табыңыз.

12-есесп. Табанының радиусы 3 см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген.

1) цилиндрдің биіктігін тап;

2) цилиндрдің осьтік қимасының ауданын тап.

2. Тұрмыстағы тапсырмалар

1) Үйге қонақтар келді. Дастархан жасау қажет. Дастарханға 3 жерге 7 тілімнен шұжық қойылды. Әр шұжықтың қалыңдығы 0,5 см, диаметрі 7см. Сұрақ: қанша грамм шұжық кетеді? (1см3 = 0,8 г шұжық) Ж: шамамен 330 г

2) Жылу жүйесін жүргізгелі жатырсың. Құбырларды басқа бөлмелерге жеткізу үшін қабырғаны тесу керек. Қабырғалардың ішіндегі кейбіреуі гипсокартоннан тұрғызылған. Ойғаннан пайда болған цилиндр пішіндес гипсокартон бөлігінің көлемі 17,6625 см3, гипсокартонның қалыңдығы 0,9см. Қолдарыңдағы ойғыштардың үшеуінің қайсысымен ойған (№1,№2,№3)? Ж: 5см-лік ойғыш

3) Суретін ғана салыңдар:

Цилиндрдің биіктігі 6 дм, табан радиусы 5 дм. 10 дм-ге тең АВ кесіндісінің ұштары әр түрлі табандарының шеңберлерінде жатыр. Берілгені бойынша суретін сал.

Топтаса отырып, тапсырмаларды орындайды және тақтаға кім шығатынын бірлесе отырып, шешеді.
Қорыту Шағын бір бетке тақырыпқа қатысты эссе жаздырамын (максимум 2 құрмалас сөйлем) Қысқа да нұсқа етіп бүгінгі сабақтан не үйренді, нені түсіне алмады сол жайында өзіндік пікірін жазады
Бағалау Критерилік бағалау

          Бөлімдер

 

 

Критерилер

1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма
Берілгенінің түсініктілігі (7-12)          
Шығарылуы мен шешімінің түсініктілігі (7-12)          
Тапсырманың қажеттілігі (7-12)          
Өмірмен байланыстылығы(7-12)          
Өзін өзі бағалай алады
Үйге тапсырма №13,№17 есептер Өзбетінше орындап келеді