Трапецияға есептер шығару

56

Класс: 8
Геометрия
Сабақтың тақырыбы: Трапецияға есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Трапеция ұғымын меңгерту, төртбұрыштар туралы ұғымын кеңейту, трапеция элементтерін табуға берілген есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, трапеция сызбасына қарап талдау, трапецияны салу, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын ояту.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдістемелік құралдар, көрнекіліктер: Сызба фигуралар, сөзжұмбақ, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, дәлелдеу, зерттеу, іздендіру, жалпы сыныппен жұмыс істеу.
Күтілетін нәтиже: Трапецияны анықтай білу, элементтерін таба білу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІҮ. Сөзжұмбақ шешу
Ү. Есептер шығару.
ҮІ. Сергіту сәті.
ҮІІ. Қорытынды.(толықтыру тестісі)
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.

І. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.№68,№39 есептер
ІІI. Үй тапсырмасын қорытындылау.(төртбұрыштар туралы сызбалар, электронды оқулық)
1. Төртбұрыш дегеніміз не?
2. Төртбұрыш қандай негізгі екі түрге бөлінеді?
3. Параллелограмм дегеніміз қандай төртбұрыш?
4. Тіктөртбұрыш деп қандай төртбұрышты айтамыз?
5. Ромб дегеніміз қандай төртбұрыш?
6. Квадрат дегеніміз не?
7. Трапеция дегеніміз не?

IY. Сөзжұмбақ шешу.
1. Екі түзу қиылысқанда қандай бұрыштар пайда болады? (вертикаль)
2. Бұрыштың өлшем бірлігі? (градус)
3. Екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштардың бірі…(айқыш)
4. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы?(периметр)
5. Үшбұрыш төбесінен оның қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді қалай аталады? (медиана)
6. Шеңберді салатын құрал?(циркуль)
7. Төртбұрыштың қарама – қарсы төбелерін қосатын кесінді қалай аталады?(диагональ)
8. Пән атауы? (геометрия)
Сөзжұмбақтың жұмбақ сөзі қандай?

Ү. Бүгінгі біздің тақырыбымыз трапецияға есептер шығару.
а) трапецияның элементтері мен түрлері.
ә) тарихи мағлұматтар.
б) өмірмен байланыстыру.
№69
Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция.
ВС ІІ АД (табандары)
Дәлелдеу:
ABC = ВСД (АВ = СД, В= С, ВС — ортақ, АВС = ВСD)
АС = ВD.
№70

Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
ВС=8 см
А=60
АВ=10 см
т/к Р =?
Шешуі: АВ=СД=10 см
А=60, Д=60
ВЕ АД
AЕВ тікбұрышты үшбұрыш
АВЕ=90 — 60 =30 (30 — қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.)
АЕ= =5 см
АЕ= ҒД=5 см
АД=АЕ+ЕҒ+ҒД=5+8+5=18 см
Р=АВ+ВС+СД+АД
Р =10+8+10+18=46 см
Жауабы: 46 см.

№71
Бер: АВСД трапеция.
В= С
А= Д
т/к: А, В, С, Д=?
Шешуі: A= Д=х
В= С=у
у — х=56
у=56 +х
х+у=180

х+56 +х=180
2х=180 — 56
2х=124
х=62
у=56 +62
у=118
A= Д=62, В= С=118
Жауабы: 118, 62, 118, 62

№74
Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция.
АД=6 м
Р=15м
т/к: ВС -?

Шешуі: АВС — қарастырамыз ВСА= САД
ВАС= САД
ВСА= ВАС
АВС — тең бүйірлі үшбұрыш, АВ=ВС=х
Р=АВ+ВС+СД+АД
х+х+х+6=15
3х=15 — 6
3х=9
х=3
Жауабы: ВС=3 м

№75
Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция
АД=10, 5 дм
АВ=4 дм
А=60
т/к: ВС -?

Шешуі: ВЕ АД
АВЕ — тік бұрышты үшбұрыш қарастырамыз
В=30
АЕ= =2 дм
АЕ= КД=2 дм
ЕК=10, 5 — 4=6, 5 дм
ВС=ЕК
ВС=6, 5 дм
Жауабы: 6, 5 дм

ҮІ. Сергіту сәті: «Трапецияда неше үшбұрыш бар?»
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. «Толықтыру тестісі»
1. Тек қана екі қабырғасы параллель дөңес төртбұрыш………… деп аталады.
2. Трапецияның бүйір қабырғаларын орталарын қосатын кесіндіні трапецияның ……. деп аталады.
3. Бүйір қабырғалары тең трапеция…………. деп аталады.
4. Бір бұрышы тік трапеция ………………… деп аталады.
5. Трапецияның орта сызығы табандарына ……………
6. Трапецияның орта сызығы табандарының …………. тең

ҮІІІ. Үйге тапсырма:№76, 42 — есептер § 5 – оқуға
ІХ. Оқушыларды бағалау