Квадраттық теңдеуді түбірлерінің формуласын пайдаланып шешу.

52

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеуді түбірлерінің формуласын  пайдаланып шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Квадрат теңдеудің анықтамасын, түрлерін, түбірлерінің

формуласын меңгерту. Есеп шығаруға машықтандыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға

деген қызығушылығын. Белсенділігін арттыру.

Есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық

қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды  өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез

ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап.

Практикалық жұмыс.

Көрнекілігі: Кестелер, формулалар (домино), электрондық  оқулық, бағалау

парағы

Пәнаралық байланыс: информатика

Педагогикалық технология түрі:

  1. «Оқумен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары»
  2. «Саралап оқыту»

Сабақтың барысы

 

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (проектор арқылы тексерілді)

№184

3)

 

5)

ІІІ. Ой қозғау

Өтілген бөлім бойынша теориялық материалды қайталау және талдап қорыту.  (Электрондық  оқулық арқылы түсіндіріледі)

Сұрақ – жауап

  1. Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?
  2. Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
  3. Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
  4. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
  5. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
  6. а мен с қандай болғанда ах2 +с = 0 теңдеуінің шешімі бар болады?
  7. Квадраттық теңдеу түбірлерінің дискриминантын қалай табамыз?
  8. Квадраттық теңдеудің түбірлерінің санын қалай анықтаймыз?
  9. Квадраттық теңдеуде в=2к яғни жұп сан болса, түбірдің формуласын қалай жазамыз?
  10. Келтірілген квадраттық теңдеудің түбірінің формуласын қалай жазамыз?

 

ІV. Ой іске асыру

Оқушылардың білімдерімен шеберліктерін тексеру

Практикалық жұмыс.

Міндетті деңгей тапсырмалары

А тобы  тапсырмалары:

№185 (1;3;5) тақтамен жұмыс

№186 (1;3;5) тақтамен жұмыс

Б тобы  тапсырмалары:

№190 (1;2) өз бетімен жұмыс

 

 

  1. Білімді жүйелеу
= — с
ах2 + вх +с =0, а > 0

1-тапсырма: Кестедегі бос орынды толтыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 — тапсырма: Формуланы жаттадық па?

                         Сәйкестендіру тестісі (домино ойыны түрінде)

Квадрат теңдеулердің түбірлерінің формуласын қайталау

VІ. Үйге тапсырма беру

№186 (8; 10),  №190 (4;)

VІІ. Бағалау

Бағалау парағындағы орта баға қойылады. (проектор арқылы хабарланады. )

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Қараөзен мектеп-лицейі

математика пәнінің  жоғары санатты мұғалімі

Төлегенова Шолпан Иманғазықызы.